Салих мұсылман болу үшін

1) Әһли сүннет ғұламаларының білдіргені бойынша сену керек.

2) Төрт мазһабтың бірінің фиқх кітабын оқып, дін ілімдерін дұрыс үйреніп, соған сай ғибадат жасау керек және харамдардан сақтану керек.

3) Жұмыс істеп ақша табу керек. Дінге сай ақша табу керек. Кедей адам ахир заманда дінін, намысын, өз ақысын да қорғай алмайды. Бұларды қорғау және Ислам дініне қызмет ете алу үшін ғылым тапқан жеңілдіктерден, оңайлықтардан пайдалану керек.

 

Әли Рамитани хазреттері былай деген: Салих адам бола алу үшін мына он нәрсе қажет:

1) Таза болу керек. Тазалық екіге бөлінеді:

а) Захири (сыртқы) тазалық: Сыртқы көрінісінің таза болуы. Бұл нәрсе барлық адамдар мән беретін негіздерден. Киетін, ішіп-жейтін және қолданатын бүкіл заттардың таза болуы деген сөз.

ә) Батыни (ішкі) тазалық: Жүректің (көңілдің) жақсы мінездерге толы болуы деген сөз. Хасед етпеу (көре алмаушылық жасамау), басқалар туралы жаман ойламау, Аллаһ дұшпандарын жақсы көрмеу, ал достарын жақсы көру керек. Көңіл – Аллаһу та’аланың назар мекені. Сондықтан көңілге дүние махаббатын, ал асқазанға харам азық кіргізбеу керек! Жүрек (көңіл) таза болмаса, ғибадаттардың ләззаты сезіле алмайды. Аллаһу та’алаға қатысты ілімдерге, яғни марифеттерге қауышу мүмкін болмайды.

2) Тілге ие болу керек. Тілдің орынсыз сөздерді айтуынан тыйылып үндемеуі, Құран кәрім оқуы, әмри ма’руф және нәхий мүнкәр жасауы, яғни діннің әмірлерін орындауды және тыйымдарынан сақтануды білдіруі сияқты. Сүйікті пайғамбарымыз да: «Адамдар тілдерінің кесірінен тозаққа тасталады» деген.

3) Адам көп жиналатын жерлерден ұзақ болу керек. Осылайша көздер харамдарға қарамаған болады. Өйткені жүрек (көңіл) көзге бағынышты. Әр харамға қарау көңіл айнасын қарайтады. Пайғамбарымыз «Бөтен әйелдерге шәһуетпен (құмарлықпен) қарағандардың көздеріне қияметте қызып тұрған балқыған қорғасын құйылады» деген. Еркектердің бөтен әйелдерге, әйелдердің де бөтен еркектерге шәһуетпен (құмарлықпен) қарауы харам болып табылады.

4) Ораза ұстау керек. Адам ораза ұстау арқылы періштелерге ұқсаған болады және нәпсіне соққы берген болады. Бір хадис құдсиде: «Ораза маған тән. Оразаның сауабын мен беремін. Сауабы шексіз» делінген. Басқа бір хадис шәрифте: «Ораза – тозаққа қарсы қалқан» делінген. Ораза тұтып көңілді пәктікке жеткізу керек және шайтанның жолын жауып, қалқан қою керек.

5) Аллаһты өте көп ойлау (еске алу) керек. Аллаһу та’аланы еске алу үшін айтылатын ең құнды сөз – Лә илаһә иллаллаһ сөзі. Мұны әрдайым айтып жүретін адам ықыласты болады. Ықылас – барлық істерін Аллаһ разылығы үшін орындау, дүниелікке қатысты болған мал-мүлік және мансаптардан әуестігін жойып, ахиретті қалау деген сөз. Ықыласты адам «Менің жалғыз мақсатым – Аллаһтың разылығы» дейді. Құран кәрімде де: «Ей иман келтіргендер! Аллаһты көп еске түсіріңдер!» делінген. (Ахзаб 41) Нәпістің барлық зиянды болған қалауларынан құтылу үшін үздіксіз Аллаһу та’аланы ойлап жүру керек.

6) Көңілге келетін ойлардан абай болу керек. Көңілге төрт түрлі ой келеді. Бұлар – Рахманнан, періштелерден, шайтаннан және нәпістен. Рахманнан келетіндер – ғафлеттен оятады, жаман жолдан дұрыс жолға түсіреді. Періштеден келетіндер – ғибадатқа ынтаны ашады. Шайтаннан келетін ой күнәны жақсы, әдемі қылып көрсетеді. Ал нәпістен келетіндер, дүниенің пайдасыз нәрселерін қалауға жол ашады. Шайтани және нәпсәни ойлардан құтылу керек.

7) Аллаһтың үкімдеріне разылық көрсету керек. Хауф және рижа, яғни қорқыныш пен үміт арасында өмір сүру керек. Өйткені имансыз өлетінінен қорқатын адам күнә істемейді. Сонымен қатар мүмин жәннатты үміт етеді, салих адамдармен сұхбаттасады. Салихтармен сұхбат ету – күнәларға перде қояды, харамдарды көзіне жаман қылып көрсетеді.

8) Жақсы қасиеттермен безену керек. Яғни Аллаһу та’аланың ахлақымен мінездену деген сөз.

9) Халал азықтардан жеу керек. Аллаһу та’ала «Халал және таза болғандарын жеңдер» деп бұйырған. (Бақара 168) Ал сүйікті пайғамбарымыз: «Ғибадат он бөліктен тұрады. Соның тоғызы – халалды талап ету» деген. Ал қалған бірі – бүкіл ғибадаттар. Харам жеген адам өзінде ғибадат ету күшін таба алмайды. Халал жеген адам да күнә істей алмайды.

 

Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Ақылды адам, дұға мен ғибадат үшін, нәпсін реттеу үшін, кемшіліктерінің өзіне айтылуы үшін және қажеттіліктері үшін уақыт бөледі. Тіліне ие болып, уақытын жақсы пайдаланады. Жұмысын істейді және ең жақсы досының алдында мұқият (ұқыпты) болады.» (Дәйләми)