Ұйықтау әдебі

Сұрақ: Ұйықтау әдебіне не жатады?

Жауап: Бір күніміздің орта есеппен үштен бір бөлігі ұйқыда өтеді. Ғафлетпен өтпеуі үшін ұйқыны да қадірлендіру керек. Мүминнің әрбір әрекеті парасатты болу керек. Ғафлетпен жатып, ғафлетпен тұрмау керек!

Қалай болса солай төсекке жатып ұйықтау дұрыс емес.

 

1) Төсекке дәрет алып жату керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Дәретті болып жатқан адамның рухы Аршқа көтеріледі және түстері дұрыс болады. Дәретсіз ұйықтаған адамның рухы көтерілмейді, көрген түстері аралас болады, дұрыс шықпайды.» (И.Ғазали)

«Дәретті болып жатқан адам түнде ғибадат еткен және күндіз ораза ұстаған адам сияқты сауап алады.» (Хаким)

 

2) Мисуак қолданып, оң жаңымен құбылаға қарап жату сүннет. Ғибадаттарды тыныққан халде қуатпен және дұрыс орындау ниетінде ұйықталған ұйқы ғибадат болады. Хадис шәрифте: «Ғалымдардың ұйқысы ғибадат» - делінген. (И.Ғазали)

 

3) Қарыздары және маңызды жұмыстары болған адамның өсиет жазбастан ұйықтамауы керек! Өйткені таңға дейін тірі болатындығына ешкім кепіл емес. Егер өсиетсіз өлетін болса, қияметке дейін сөйлей алмайды. Мәйіттер оны зиярат етеді, онымен сөйлесуге тырысады, алайда ол жауап бере алмайды. Сол кезде «Бұл бейшара өсиетсіз өлген екен» дейді. Өсиет ретінде бар болса құл қарыздарын, намаз және ораза қазалары сияқты Аллаһқа болған қарыздарын жазу керек, өлімінен кейін орындалуын қалаған нәрселерін білдіру керек!

 

4) Күнәларына тәубе етіп ұйықтау керек! Баршаға жақсылық жасауға, оянғаннан кейін ешкімге жамандық істемеуге ниет етіп жату керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Ешкімге зұлымдық  және кек сақтау сезімі болмай ұйықтаған адамның күнәлары кешіріледі.» (И.Әбиддүнийа)

 

5) Ұйықтарда түнде ғибадат ету үшін оянып тұруға ниет ету керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Түнде ғибадат ету ниетімен ұйықтаған, бірақ ұйқыдан таңға дейін ояна алмаған адамға ниеті үшін түнде ғибадат еткендей сауап беріледі. Ұйқысы да өзіне Аллаһу та’ала ихсан еткен садақа болады.» (Ибн Мажа)

 

6) Қатты ұйқы келмегенше жатпау керек! Қадірлі өмірді ұйқымен өткізбеу керек! Қажеттілік мөлшерінде ұйықтау керек!

 

7) Жатарда Аят-әл курси, үш Ихлас, бір Фатиха және екі «Құл әузу» сүрелерін оқу керек! Салауат айту керек! «Әмәнаррасулу»-ді құптаннан кейін оқуды әдетке айналдыру керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Түнде Бақара сүресінің соңғы екі аятын оқыған адамға осы екі аят бүкіл нәрсе үшін жеткілікті болады.» (Мүслим)

 

8) Ұйқыны өлімнің бір түрі, ал оянуды тірілу деп қабылдау керек! Хазреті Лұқман баласына «Ұлым, өлімге күмәның бар болса ұйықтама! Ұйықтауға мәжбүр болып қалатыныңдай, өлімге де душар боласың. Егер тірілуден күмәнданатын болсаң, ұйқыдан оянба! Ұйқыдан оянғаның сияқты өлгеннен кейін де тірілесің» деген.

 

9) Ұйықтарда ертеңгі қайырлы істерді орындай алу үшін тынығып алуға, таң намазына оянуға және ертеңгі күні қайырлы істер жасауға ниет ету керек! Осылай ниет еткен адамның ұйқысы ғибадат болады. Түнде оянған кезде дұға етуді әдетке айналдыру керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Ұйқыдан оянған кезде "Аллаһуммағфирли" деген адамның дұғасы қабыл болады.» (И.Әбиддүнийа)

 

10) Әлі таң намазының уақыты кірмеген кезде, яғни сәре уақытында тұруға тырысу керек. Сәре уақытында тұру – берекет. Әсіресе таң намазының уақыты кіргеннен күн шыққанға дейін ұйықтау – ризық тұрғысынан да зиянды. Хадис шәрифте: «Таңғы ұйқы ризыққа кедергі» делінген. (Бәйһақи)

Ибн Аббас хазреттері таңғы уақытта баласының ұйықтап жатқанын көрген кезде былай деген:

«Ұлым, ризықтар таратылып жатқан кезде ұйықтауға бола ма екен? Бұл уақытта ұйықтау – жалқаулықтың белгісі, ұмытшақтыққа себеп болады.» (Шира)

 

Ұйықтарда

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ұйықтарда Фатиха және Ихлас сүрелерін оқыған адам өлімнен басқа барлық жамандықтардан сақ болады.» (Бәззар)

«Ұйықтарда Кафирун сүресін оқыған адам ширктен сақтанған болады.» (Тирмизи)

«Жатарда Мүлк (Табарака) сүресін оқымастан ұйықтама! Өйткені өлетін болсаң қабірде саған жолдас болады.» (Әййухал уәләд илмихалы)

 

Тоқ қарынға ұйықтау

Мүмкін болғанша тамақты ұйықтарда жемеу керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Тоқ қарынға ұйықтау жүректі қатайтады.» (Табарани)

Желінген тамақты намаз оқып немесе халал табыс табу жолдарында қорытуға тырысу керек!

 

Етбетімен жатып ұйықтау

Сүйікті пайғамбарымыз етбетімен жатқан адамға «Тұр, бұл жату жаһаннамдықтардың жатуы» деді. Етбетімен және киімсіз жатқан адамға да «Бұл Аллаһу та’ала мүлдем ұнатпайтын жатудың бір түрі» деген.

 

Шұлықпен ұйықтау

Сұрақ: «Шұлықпен ұйықтау жаиз емес» деп жатады. Жаиз болса дәлелі қандай?

Жауап: Шұлықпен ұйықтаудың діни тұрғыдан ешқандай зияны жоқ. Жаиз болған, мубах болған нәрселердің дәлелі болмайды. Харам болған, мәкрух болған, тыйым салынған нәрселердің дәлелі болады. "Банан жеу жаиз ба"- деп сұралғанда, "жаиз",- деп жауап берілсе, дәлел ізделмейді. "Харам" дейтіндер шығатын болса, дәлелін көрсетуі керек болады.

 

Сұрақ: «Шалқайып жатып ұйықтау пайғамбарлардың әдеті» делінеді. Бұл дұрыс па?

Жауап: Біздің дінімізде шалқайып жатып ұйықтау мәкрух.

 

Төсекке дәретті болып жату

Сұрақ: «Түнде ұйықтарда дәреті қысып тұрған адам дәретпен төсекке жатып, одан кейін дәретін бұзса, төсекке дәретті халде жатқан болып саналады» делінеді. Бұл айла емес пе? Аллаһу та’аланы алдауға тырысу болмай ма?

Жауап: Аллаһ сақтасын, олай айтуға бола ма? Бұл Аллаһу та’ала білдірген ихсандардан пайдалану болып саналады. Маңызды болғаны – төсекке дәретті халде жату. Ұйықтаған кезде онсыз да дәрет бұзылады, бірақ төсекке дәретпен жату үлкен қадір, оған таңға дейін сауап беріледі. Бірнеше хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Төсекке дәретпен жатқан адамға сол түні бір періште таңға дейін "Йа Раббым бұл құлыңды кешір!" деп дұға етеді.» (Хаким)

«Дәретті болып жатып, Аллаһу та’аланы ойлап ұйықтаған адам оянғанға дейін намазда тұрғандай болады. Бір періште ол үшін ғибадат етеді. Оянған кезде тағы да Аллаһу та’аланы ойлайтын болса, ол періште бұл құлының кешірілуі үшін Аллаһқа дұға етеді.» (Ибн Хиббан)

«Дәретпен ұйықтаған адам түнде қайтыс болса шәһид болады.» (Ибн Сунни)