Ар-намыстан он ек жақсы мінез шығады:
1) Ұяттылық. Жаман іс жасағанда ұялу.
2) Рифқ. Рифқ – исламға мойынсұну деген сөз. Сөздің мағынасы, аяушылық ету, мүсіркеу, жақсылық жасау дегенді білдіреді.
3) Хидаят. Жақсы мінезді болуға талпыну.
4) Мусәләмәт. Пікір келіспеушіліктерінде, сөз көбейген кезде, сөз таластырмау, айтыспау, қаттылықпен арандатушылықты, бөлушілікті қаламай, түсінісумен табысуды, татулықты қалау.
5) Нәпсіге ие болу. Шәхуат кезінде нәпсіге ермеу, өзіне ие болу.
6) Сабыр. Харамнан сақтанып, нәпсінің жаман қалауларын жасамау. Осылайша, соңы өкінішпен аяқталатын ләззаттардан теріс бұрылу. Сабыр екіге бөлінеді: Біріншісі, күнә істемеу үшін сабыр ету. Шайтан мен нәпіс және жаман достар, адамға күнә істетуді қалайды. Оларды тыңдамай сабыр ету өте үлкен сауап. Бұл жерде айтылған сабыр, міне осы сабыр болады. Екіншісі, дертпен қиыншылықтардың, бәлелердің қасіреттеріне сабыр етіп, бақырып-шақырмау. Көп адам, сабыр дегенде, тек осы сабырды түсінеді. Бұл сабыр да сауап. Яғни сабырдың екеуі де парыз.
7) Қанағат. Напақада, яғни тамақтану, киіну және баспана тұрғысында заруратқа разы болып, одан көбін іздемеу. Әйтпесе, берген нәрсені алмау емес. Бұл нәрсеге тақтир делінеді, жаман мінез болып табылады. Ақылдың да, исламның да ұнатпаған нәрсесі. Қанағат болса, өте жақсы мінез. [Өлмеу, бір мүшені құртып алмау үшін қажет болған нәрсеге «зарурат» делінеді. Напақа үшін және денені қиыншылықтан қорғау үшін, қажет болған нәрсеге «қажеттілік» делінеді. Қажеттіліктен көп болып, ұнамды, жағымды болған және адамның қадірін, абыройын қорғауға керек нәрселерге «Зинет» делінеді. Зинет заттарды, мақтану, басқаларға көрсету, жоғары көріну, тәкаппарлану үшін қолдануға «тәфахур» делінеді. Зарурат және напақа заттарын қамтамасыз ету парыз. Напақадан көп болған қажеттілік мөлшерін мысалы дәрі мен дәрігер ақысын қамтамасыз ету сүннет. Зинет жаиз. Тәфахур харам.]
8) Уақар. Қажеттілік және құнды нәрселерді қамтамасыз ету жолында сасқалақтамай, асықпай, жай әрекет ету. Уақар, салмақты болу деген сөз. Әйтпесе мүмкіндікті қолдан жіберіп алатындай, табысынан айырылатындай былжырақ, жалқау болу емес.
9) Уәра. Исламның харам еткен нәрселерінен және харам болу күмәні бар нәрселерден сақтану және дініміздің әмірлерін, адамдарға пайдалы істерді жасау. Құсырлы және селқос болудан сақтану.
10) Интизам. Істерді бір ретпен, жүйеге, тәртіпке қойып жасау.
11) Хурриет. Мал-мүлікті, ақшаны халалдан табу және жақсы жерлерге жұмсау, адамдардың ақысын жеуден абай болу. Хурриет – басын бос қою, білгенін істеу, әр қалағанын жасау деген сөз емес.
12) Сәхауат. Ақшаны, мал-мүлікті қайырлы, жақсы жерлерге таратудан ләззат алу. Исламның әмір еткен жерлерге қуана-қуана беру. Сәхауат – жомарт болу деген сөз. Әдемі мінездердің ең жоғарыларынан. Аят пен хадистерде мақталған. Сәхадан көптеген жақсы мінездер туады. Бұлардың сегізі мәшһүр:
1) Керем. Адамдарға пайдалы істерді жасауды, ақшамен жәрдем беруді жақсы көру.
2) Исар. Өзі мұқтаж болған малды, мұқтаж болған басқаға беріп, өзі жоқтыққа сабыр ету. Жақсы мінездердің ең қадірлісі. Аяттармен мақталған.
3) Кешірім. Дұшпанынан немесе кінәліден кегін алуға күші жете тұрып, бұдан бас тарту. Жамандыққа жақсылықпен жауап беру, кешірімнен де жақсы болады.
4) Мурууәт. Мұқтаж адамдарға, қажетті нәрселерді беру. Басқаларға жақсылық жасауды жақсы көру.
5) Уәфа. Таныстарға, дос-жараңдарға күнкөріс істерінде жәрдемші болу.
6) Мууасат. Таныстарын, достарын ниғметтеріне ортақ қылу, жақсы мәміледе болу.
7) Сәмахат. Беруі қажет және уәжіп болмаған нәрселерді, қуана-қуана беру.
8) Мусамаха ету. Тәрк етуі қажет болмаған нәрселерді, басқаға пайдалы болу үшін тәрк ету. Басқаның айыбын көрмегенга алу.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024