Адамның ең үлкен қажеттілігі

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та’аланың бізге қандай мәміледе болғанын қалайтын болсақ, біз де Оның құлдарымен сондай қарым-қатынаста болуымыз қажет. Егер Оның құлдарына зұлымдық етсек, Ол да бізге жаза береді. Егер Оның құлдарын кешірсек, Ол да бізді кешіреді. Оның құлдарына сый-сыяпат және жақсылық жасасақ, Ол да бізге міндетті түрде сый-сыяпат және жақсылық істейді.

Адамдардың зәрулік қажеттіліктерін өтеу Хақ та’аланың ең қатты жақсы көретін жақсылығы. Бүгінде адамдардың бәрінен қатты дінге қажеттілігі бар. Бүгінгі таңда жасалатын жалғыз қызмет – Ислам дініне қызмет. Ал бұл нәрсе қолдағы бар болған мүмкіндіктермен Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан айналадағыларымызға беру, бұған мүмкіндігіміз болмаса бұл кітаптарды жайып жүргендерге қандай-да бір көмек, жәрдем беру арқылы орындалады. Бұл жәрдемге де шамасы жетпейтіндер ең болмағанда оларға дұға ету керек. 

Адамдардың дүниелік қажеттіліктеріне көмектесу – өте құнды жақсылық. Бірақ бұны кәпір де істей алады. Жасалған осы жақсылық үш-бес күндік өмірде бір сәтке ғана рахаттық береді. Мәңгі болған арғы өмірде не істейді? Тек осы игілікті ғана істесек, дәл сол игілікті істеген кәпірден іс ретінде қандай айырмашылығымыз болады? Бұл адам тозақтан қалай құтылады? Негізінде осыны ойлау керек. Бүгінде әр адамның ең үлкен қажеттілігі – оттан құтылуы. Оны оттан құтқармай, оны киіндіргеннің, ішіп-жегізгеннің не пайдасы бар? Құрбандыққа сойылатын қойға ең жақсы жем, азық бер, ленталармен сәнде, боя, мүйіздеріне бірнеше алтын тақ, содан кейін пышағыңмен бауызда! Осы жасалған әшекейлердің қойға қандай пайдасы болады?

Адамның өзі үшін орындаған ғибадаттары бар, сонымен қатар орындалуына себеп болған ғибадаттары да бар. Адам өзі үшін кемшілікпен жасаған ғибадатын Аллаһ дәргейінде қабыл болғанын немесе қабыл болмағанын біле алмайды. Бірақ бір адамның құтылуы үшін бір адамның хидаятына себеп болу, бір адамның артынан етілген дұғасын алу риясыз, мақтанусыз, кібірсіз болғаны үшін қабыл болады. Осы тұрғыдан жасалған бұл қызметтер таудай күнәларымызға иншаллаһ каффарат (өтем) болады және құтылуымызға себеп болады.

Бір іс қаншалықты құнды болса, оның кедергісі де соншалықты көп болады. Көптеген қиыншылықтар шығады. Бірақ соңына дейін сабырмен жету керек. Кім кімге үміттеніп жатқан болса, жәрдемді содан күтсін! «Кім Аллаһ үшін болса, Аллаһ та ол үшін» делінген. Сондықтан мүмин әр жағдайда тек Аллаһқа ғана үміттеніп, тек Одан ғана жәрдем күту керек.