Сұрақ: Ұмыту қай жерде үзірге жатады, қай жерде үзір емес?
Жауап: Бірнеше мысал келтірейік:
1) Намаз оқыған кезде ішіндегі бір парызды ұмыту үзір болмайды, намазды қайтадан оқу керек.
2) Намаздағы бір сүннетті ұмыту үзір болады, намаз өтеді.
3) Намазда уәжіпті ұмыту да үзір болады, бірақ сәһу сәждесімен толық болады.
4) Намазда сәһу сәждесін ұмыту да үзір. Ұмытатын болса намаз толық болады.
5) Ұмыту арқылы намаздың қазаға қалуы күнә болмайды.
6) Намазда ұмытып бір алдынғы сүрені зәм етіп оқып жіберу үзір, мәкрух болмайды.
7) Тәртіп иесі намаз ішінде алдыңғы намазды оқымағанын ұмытса, намаздан кейін есіне түссе де оқыған намазы сахих болады, өйткені ұмыту үзір. Қайтадан оқу қажет емес.
8) Мешітке, жамағатқа баратынын ұмытып пияз, сарымсақ жеген адам жамағатқа келмейді. Ұмытуы үзір болады.
9) Рамазанда ұмытып ораза ұстамайтын болса, ол оразаның қазасын өтеу парыз болады. Ұмытумен оразадан құтылған болмайды.
10) Ораза ұстаған кезде ұмытып ішіп-жеу үзір болады, оразаны бұзбайды. Қателесу ұмыту сияқты емес. Күн батты, уақыт кірді деп ойлап ішіп-жеген адамның оразасы бұзылған болады, бірақ каффарат қажет емес, қаза қажет болады. Осы сияқты имсак уақыты шығып қойған кезде, шықпады деп ойлап ішіп-жеген адамның оразасы сахих болмайды. Ертең ораза ұстаймын деп ниет етіп, ұмытып ұстамаған адам ораза ұстаған болып саналмайды.
11) Ант еткенде ұмытып істемеймін деген нәрсесін істеп қойса анты бұзылған болады. Ант каффаратын (жазасын) беру керек болады.
12) Біреуге сәлем айт делінсе, сәлем жеткізуді қабыл еткен адамның ол сәлемді жеткізуі парыз болады, ұмытса күнә болмайды.
Сұрақ: Бақара сүресінің «Раббымыз, ұмытсақ немесе қатеге түссек бізді жауапты қылма» мағынасындағы соңғы аятында білдірілген ұмытулар нелер? Ұмытып кейіннен еске түсірсек, жауапты болуымыз жалғасады ма?
Жауап: Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:
«Аллаһу та’ала үмметімнің қателікпен, ұмытып немесе мәжбүрлікпен (зәрулікпен) істеген күнәларын кешірді.» (Ибн Мажа)
Ұмыту мен қателесу бірдей емес, әртүрлі. Бірнеше мысал келтірейік:
1) Ораза кезінде ұмытып ішіп-жеумен ораза бұзылмайды. Ораза тұтқаны кешке дейін мүлдем есіне түспесе, сол күнгі оразасы сахих (өтеді) болады. Есіне түскен кезде тамақтануды тоқтатуы керек. Тоқтатпай жеуді жалғастыратын болса ораза бұзылады.
2) Дәретсіз намаз оқыса, дәретсіз екені есіне түспесе намазы сахих болады. Дәретсіз екенін есіне түсірсе, онда намазын қайтадан оқуы керек. Ұмыттым деуі кешірімді себеп болмайды. Ұмытуы күнә емес, бірақ еске түскеннен кейін қайтадан оқу керек.
3) Ғұсыл алған кезде денесінде құрғақ жер қалғанын білмесе ғұсылы сахих болады.
4) Ұмытып уақыттың намазын оқымай қазаға қалдырса күнә болмайды.
5) Уітір намазында Құныт дұғасын ұмытса, намаз ішінде есіне түссе сәһу сәждесімен намазы толық болады. Сәһу сәждесін де ұмытса, ұмытқаны үшін намазы өтеді, бірақ парызды ұмытса, мысалы ифтитах тәкбірін ұмытса, кейіннен ұмытқанын анық түсінсе, намазды басынан оқуы керек. Есіне түспесе намазы сахих болады. Уәсуәсаға мән бермеу керек.
6) Киімнің бір жеріне нәжіс тисе, қай жерге тигенін ұмытса, шамалаған жерін жуса тазаланды деп қабыл етіледі.
7) Ұмытып немесе қателікпен басқа нәрсе деп ойлап спирт ішіп қойса күнә болмайды.
Ұмыту үзір ме?
Сұрақ: Дінде ұмытудың бәрі үзір емес пе? Мысалы ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Осы сияқты бір намазды ұмытсақ, уақыты шықса, ол намазды қаза етуіміз қажет емес пе?
Жауап: Ұмыту үзір. Ұмытып намазды қазаға қалдыру күнә болмайды, бірақ еске түскен кезде қазасын өтеу парыз. Иә, ораза ұстаған адам ұмытып су ішсе оразасы бұзылмайды, бірақ намаз оқып жатқанда ұмытып су ішсе намаз бұзылады. Киімнің бір жеріне нәжіс тисе, тиген жерді ұмытса, шамалаған жерін жуса, тазаланды деп қабыл етіледі. (Хадиқа)
Бір адам, өз әйелінің төсегі деп санап, түнде қайынбикесінің төсегіне кірсе, шәһуетпен сүйсе, хурмәти мусахара болады, әйелі оған харам болады. (Бәззазийа)
Алайда әдейі істемеді, білмей ұмытып істеді. Демек, әр ұмытудың барлығы кешірімді бола бермейді екен. Орнына қарай әртүрлі үкімі болады. Өз ақылымыз бойынша әр ұмытуды бір өлшемге салып жалпылама қағида шығаруымыз жарамайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024