Сұрақ: Рамазанда бір әйелдің хайзы (етеккірі) келсе, тұтқан оразасын ашып жібере ала ма? Хайзы бітуге жақындағанда ішіп-жеуі күнә болады ма?
Жауап: Рамазанда бір әйелдің хайзы имсак (ауыз бекітетін) уақытынан кейін тоқтаса, сол күні кешке дейін ораза ұстағандай ешнәрсе жемей жүреді. Имсак уақытынан кейін хайзы басталған әйел, сол күні жасырын ішіп-жей алады. Екі жағдайда да сол күннің оразасын кейіннен қаза етеді (қазасын өтейді). Бір намаз уақытының ішінде, намаз оқудан бұрын хайз көрген әйел сол уақыттың намазын қаза етпейді.
Имсак уақытынан бұрын қан тоқтайтын болса, таң намазы уақытына тек ғұсыл алып киімін киетіндей уақыт қалып, тіпті Аллаһу әкбар дейтіндей уақыт қалмаған болса, ол күннің оразасын тұтады. Бірақ құптанды қаза етуі керек болмайды. Тәкбірді айтатындай уақыт та бар болса, құптанды да қаза етуі керек болады. Ифтардан (ауызашардан) бұрын хайз басталса ораза бұзылады. Рамазаннан кейін қаза етеді. Намаз ішінде хайз басталса, намазы бұзылады.
Сұрақ: Бір әйел ақшамнан ертеңгі оразаға ниет етсе, ертеңіне хайзы басталса ол күні ораза ұстай ма?
Жауап: Хайз басталған кезде ораза бұзылған болады, ішіп-жей алады. Бірақ ораза ұстағандардың көз алдында ештеңе жемеу керек!
Сұрақ: Әйел түнде ниет еткен оразасын түсте бұзған болса, түстен кейін етеккір көрсе, қаза етуі қажет пе?
Жауап: Етеккір болмағанда каффарат қажет болатын еді. Хайз болғаны үшін қаза керек. Бір адам оразасын бұзса, кейіннен ораза ұстай алмайтын дәрежеде аурып қалса да қаза керек.
Сұрақ: Хайзды әйелдің Рамазанда ораза ұстауы жаиз ба?
Жауап: Жоқ.
Сұрақ: Оразаның қазаға қалмауы үшін хайзды дәрімен кешіктіру жаиз ба?
Жауап: Жаиз.
Сұрақ: Әдет күні 13 және 15 болған Маликиді тақлид ететін әйел оныншы күннен кейін Рамазан оразасын ұстай алады ма?
Жауап: Иә, ораза ұстауы керек. Он күннен кейін емес, негізгі әдеті қанша болса сол күннен кейін ораза ұстауы керек. Ханафи бойынша әдет уақыты біткен болып саналады және ғұсыл алып оразасын ұстайды. Ғұсыл алмаса да оразасы сахих болады, бірақ әрине ғұсылмен ораза ұстау жақсырақ болады. Малики бойынша да қан тоқтағанда, яғни 15 өткеннен кейін ғұсыл алуы керек.
Сұрақ: Қаза оразасын ұстаған күнімде етеккірім басталды. Етеккірім біткеннен кейін жартылай болып қалған оразам үшін бөлек тағы бір күн ұстауым керек пе?
Жауап: Одан бөлек ораза ұстамайсыз. Қаза оразаңыз жартылай қалды. Соны жаңадан ұстайсыз.
Сұрақ: Өзі Ханафи болған бірақ кейбір мәселелерде Маликиді тақлид ететін әйелдің қаншама айлардан бері хайз күндері әр уақытта 15 күнге жалғасады. 15 күн таза жүреді. Ханафиде хайздың ең ұзағы 10 күн деп қабылданған. Енді әлгі әйел хайзының 10 күнін өткізген соң әлі етеккірі жалғасып жатса да, ораза тұта алады ма?
Жауап: Оразада Малики тақлид етілмегені үшін, 10 күннен кейін оразасын ұстайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024