Мұсылман Аллаһтың рахметі

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мүмин мүминге шипа, рахмет. Сондықтан науқастың ең үлкен қажеттілігі бір мүминді көру. Пайғамбарымыз былай деген:

«Махшарда, барлығы күн астында жанатын кезде, елу мың жыл ол жерде терлейтін кезде, жеті топ мұсылмандар Арштың көлеңкесінде болады, олар үшін азап қорқынышы жоқ. Бұлардың бірі – мүминнің жүзіне Аллаһ разылығы үшін қарағандар.»

Мүминнің бетіне Аллаһ үшін қарағандар Арштың көлеңкесінде болады.

Адам алейһиссаламнан соңғы адамға дейін барлық адамзат махшарда жиналады. Күн жерге бір найза бойы жақын келеді. Адамдар елу мың ахырет жылы ол жерде күтеді. Маулана Халид Бағдади хазреттері былай деген:

«Бұл махшар мұсылман үшін екі рәкат намаз оқуға кететіндей уақытқа созылады және олар көлеңкеде болады, тек Аллаһтың үкіміне мойынсұнса болғаны.»

Әулиелер: «Анасын, әкесін ренжіткен адамға жасалған дұға қабыл болмайды. Ата-анасының дұғасын алмаған адам бізден дұға сұрамасын»- деген.

 

Дінімізде өзгелердің ақысын жеген адамның жағдайы өте қиын болмақ. Сондықтан құл ақысы өте маңызды. Ахиретте ең қиын берілетін есеп – құл ақысы. Адамның үйленген әйелі – Аллаһтың құлы. Егер ертең сол әйелінің ақысына мән беретін болса, ол әйел ренжімейтін болса, онымен жақсы қарым-қатынаста болатын болса, үйленсе жарасады. Егер ол әйелді құл, қызметші ретінде көретін болса, ойына келгеннің бәрін бұйырып істеткізем деп ойлайтын болса, ондай адамның мүлдем үйленбеуі керек. Өйткені әйелінің ақысын аяқ астынга таптаған болады. Ахиретте әрбір еркек әйелі үшін есепке тартылады. Бірақ ешбір әйел күйеуінің қылықтары үшін есепке тартылмайды. Сол себепті осы мәселеге өте көп мән беру керек.

Бір мүмин бір дін бауырын көрген кезде қарауымнан, әрекетімнен ренжіп қалмасын деп уайымдауы керек. Мұнафықтар бір-бірінің артынан ғайбат айтады. Ал мүминдер бір-бірінің артынан дұға етеді. Ғайбат – құл ақысын таптауға жатады, одан құтылу үшін міндетті түрде ғайбаттаған адамынан барып кешірім алу керек. Өзінен сұрамай жақындарынан, бала-шағасынан кешірім алса да өтпейді. Жеке өзінен кешірім сұрау керек.

 

Мүмин-мұсылман дегеніміз – «Алдымен сен, одан кейін мен» деген сөз.

 

Адамдар үш топқа бөлінеді:

Бірінші топтағылар – бұлар хайуан сияқты «менікі – менікі, сенікі де менікі» дейтіндер.

Екінші топтағылар – «Менікі – менікі, сенікі – сенікі» дейді.

Үшінші топтағылар – «Сенікі – сенікі, менікі де сенікі» дейтіндер. Дәл осы топтағылар иманы кемел кісілер болып есептеледі.

 

Дүниедегі ең қиын нәрсе – беру. Беріп үйрену керек, өйткені бір күні ең құнды болмысымыз болған жанымызды береміз. Беріп үйренбеген адам жанын қиналып береді. Жомарт адам, Раббына қауышуды күтеді.