Бұл қосымшада адамның махлұқтар арасында ең үстем және ең мәртебелі екендігі баяндалады.
Бүкіл денелердің заттық тұрғыдан қарағанда бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Барлығының салмағы мен көлемі бар. Адам және жануар да осы тұрғыдан жансыздармен бірдей. Бірақ, денелер өздеріне тән ерекшеліктерімен бір-бірінен айрылады.
[Әр дене «атом»-нан құралған. Бір шаң миллиондаған атомның жиынтығы. Аз және белгілі мөлшердегі атом, бір-бірімен біріккен кезде бір«молекула» пайда болады. Заттар негізінде екіге бөлінеді: таза және аралас зат. Белгілі мөлшердегі ерекшелігі болған затқа «таза зат»делінеді. Мысалы, мыстан жасалған электр сымы және жаңбыр суы таза. Өйткені дүниенің әр жерінде әр уақытта бірдей ерекшеліктерді көрсетеді. Қайнау, балқу дәрежелері белгілі және мүлдем өзгермейді. Белгілі ерекшеліктері болмаған заттарға «аралас» делінеді. Сүт, ағаш, жанармай, теңіз суы сияқты. Өйткені бұлар әртүрлі сипаттарда болады. Белгілі бір қайнау, балқу дәрежелері жоқ. Сиырдың сүті басқа, қойдың сүті басқа. Бір теңіздің суы тұздырақ болса, екіншісінің тұздылығы аздау болады.
Таза заттар да екіге бөлінеді. Басқа сипаттағы бөлшектерге бөлінбейтін болса, «жай зат» немесе «элемент» делінеді. Алтын, күкірт, йод және оттегі газы жеке-жеке элементтер. Бүгінгі күні адам баласына жүз бес элемент белгілі. Басқа-басқа сипаттары болған бөлшектерге бөліне алатын таза заттарға «мурәккаб» немесе «күрделі зат» делінеді. Мысалы шекер, жаңбыр суы, спирт – күрделі заттарға жатады. Өйткені шекер отқа қыздырылса, көміртегі, су және басқа да бөлшектерге айрылады. Ал су болса, электр қуаты әсерімен оттегі және сутегі деп аталатын екі түрлі газға айрылады. Бүгінде миллиондаған күрделі заттарды танимыз. Күрделі зат екі немесе одан да көп элемент атомдарының бір-бірімен бірігуінен пайда болады.
Бір зат, қатты, сұйық немесе газ күйінде болуы мүмкін. Мысалы су, мұз күйінде қатты, су күйінде сұйық. Ал бу күйінде газ. Газ дегеніміз – ауа сияқты, ұшатын деген сөз. Белгілі бір көлемі мен түрі жоқ.
Жай зат, яғни элемент үшке бөлінеді:
1 – Таза металлдар.
2 – Металл болмағандар. Бұларды бейметал деп те атайды.
3 – Жартылай металлдар.
Таза металдар 78 дана. 77 түрі қалыпты жағдайда қатты, тек сынап қана сұйық. 357,3 градуста қайнайды. –39,4 градуста қатады. Қатты металлдарды балғамен ұрған кезде езіледі, шашылып, ұнтақталмайды. Металл атомы басқа атоммен біріккен кезде оң (+) зарядта болады. Теріс зарядта бола алмайды. Сондықтан екі металл бір-бірімен біріге алмайды. Өйткені, оң зарядталған екі атом бір-бірін тартпайды, тебеді.
Бейметаллдар он жеті дана. Бірі сұйық, бесі қатты, он бір данасы газ күйінде. Қатты болғандары келімен ұрылғанда ұнтақ болады, езілмейді. Таза отын көмірі бейметалл. Бұған химия тілінде көміртегі делінеді. Бейметалл атомдары күрделі жағдайға өткен кезде оң заряд та, теріс заряд та болуы мүмкін. Сондықтан, бірнеше бейметалл атомы бір-бірімен бірігіп бір молекула пайда болады.
Күрделі заттар екіге бөлінеді. Құрамында көміртегі мен сутегі атомы бірге болған күрделілерге «органикалық» зат делінеді. Бұлар жана алады және жандыларда пайда болады. Қазіргі таңда фабрикаларда да кейбірлердің синтездері жасалуда. Май, шекер, ацетон, хинин органикалық заттар. Құрамында көміртегінің де, сутегінің де атомдары бірге болмаған күрделі заттарға «бейорганикалық» заттар делінеді. Бұлар жер қыртысында және еріген күйде теңізде болады. Ас тұзы, су, әктас, ашудас, құм осыған жатады.
Бұл жансыз денелердің барлығы лайықты түрде бірігіп және араласып, жанды махлұқтардың іргетасы болған «жасуша» пайда болады. Жасуша жанды. Ол өсімдік жасушасы жануар жасушасына ұқсамайды. Адамның жасушасы жануардың жасушасына ұқсайды. Жасушалар бір-бірімен араласып, ткань пайда болады. Әртүрлі жыныстан тканьдар араласқан кезде мүшелер (органдар) пайда болады. Мүшелердің бір араға жиналуынан «құралдар», яғни «жүйелер» пайда болады. Жасуша, ткань, мүше және жүйелердің жиынтығынан «өсімдік», «жануар» немесе«адам» пайда болуда.]
Бүкіл барлық жансыздар, өсімдікдер және хайуанат болып үш топқа бөлінеді. Хайуанат тобының ең қадірлісі, ең абыройлысы – адамзат. Әр топтың түрлері арасында үстемдік дәрежесі болады. Яғни, бір түр басқа түрден үстем. Бір топтың ең үстем түрі, одан үстем болған топтың ең төмен түріне жақын ерекшеліктер көрсетеді. Тіпті, көптеген сипаттары бірдей болады. Мысалы, маржан жансыз нәрселерден тасқа ұқсайды. Бірақ, жандылар сияқты көбейеді, өседі. Құрма ағашы және шыбынжек өсімдігі жануарлар сияқты сезіп, әрекет етеді. Құрма ағашының бір бөлігі еркек, бір бөлігі ұрғашы. Еркек ағаш, ұрғашы жаққа қарай иіледі. Еркек ағаштан бір зат ұрғашыға өтпегенше, ұрғашыда жеміс пайда болмайды. Шынында барлық өсімдіктерде осы екі мүше бар, ұрықтану жүзеге асуда. Бірақ, құрма ағашында жануарлардағыдай екені байқалуда. Тіпті, құрма ағашының басында ақ бір нәрсе бар. Жануарлардың жүрегі сияқты іс атқарады. Бұл нәрсе зақымданса немесе суда қалса ағаш қурайды. Хадис шәрифте«Әпкелерің болған құрма ағашын құрметтеңдер! Өйткені, алғашқы құрма ағашы, Адам алейһиссаламның топырағының артығынан жаратылды» делінген. Бәлкім, бұл ағаш өсімдіктердің ең үстемі екендігіне ишарат етілген болуы мүмкін.
Хайуанат тобының ең төмен түрі губка (теңіздегі омыртқасыз жануарлардың бір түрі). Ақ түсті болады. Теңізде өмір сүреді. Қалаулы әрекеттері бар. Суда өмір сүретін мыңдаған алғашқы хайуан түрі бар. Әр түрден жетілген, үстемірек болған басқа бір түр жаратылған. Табиғаттану кітаптарында үстемдік реттері білдірілген. Әр типте басқа басқа қоректену және қорғану мүшелері бар. Кейбіріне оқ, біріне тіс, біріне тырнақ, біреуіне мүйіз, біріне қанат, біріне жылдамдық, түлкі сияқтыларға да қулық берілген. Әр типтегі түрдің қорғанысы қамтамасыз етілген. Өмір сүруі үшін адамды таң қалдыратын нәрселер берілген. Бал арасы архитектор сияқты, алты бұрышты ұя жасайды. Цилиндр түрінде жасағанда араларында бос орын қалатын еді. Алты бұрышты призмалар арасында бос орын қалмайды. Төртбұрышты болғанда, көлемі азырақ болатын еді. Адамдар бұны оқумен, зерттеумен үйренеді. Үйренбегендер түсінбейді. Араға бұны кім үйретті? Оларға Аллаһу та’ала «илһам» етуде. Илһамға қазір «түйсік»(инстинкт) делінеді.
Жануарлардың дәреже-дәреже үстемдерін ойлайтын болсақ, ең үстемдері, адамға ең жақын болғандары – ат, маймыл, піл және құстардан тотықұс. Маймыл мен пілдің зеректігі адамдардың көбінен төмен емес. Дарвин есімді бір доктор жануарлардың үстемдік дәрежесін жазған, ең үстемі маймыл екенін білдірген. Бұны оқыған Ислам дұшпандары өздерін озық деген ақымақтардан бірнеше дін бұзушылары Дарвиннің «Жануарлардың бір-бірлеріне айналатынын, дамып-дамып соңында адам болатынын» жазды дейді. Бұл сөзді айтып Адам алейһиссаламның топырақтан жаратылғанын жоққа шығаруда және мұсылман балаларын алдауда. Алайда Дарвин өз кітабында жануарлар бір-біріне айналады демеген. «Жаратылыстарында бір эволюция, бір үстемдік реті бар» деген. Төмен дәрежелілердің жоғары дәрежелілерге азық, жем болатынын жазған. Бұл жағдайды Ислам ғұламалары одан бұрын көрген, түсінген және жазып білдірген. Дарвин 1224 (м.1809) жылы туылып, 1299 (м.1882) жылы қайтыс болды. Жануарлардың үстемдік дәрежелерін және ең үстемдерін жоғарыда жазғанымыздай білдірген Әли бин Әмруллаһ “раһимаһуллаһу та’ала” бұдан көп уақыт бұрын, яғни хижраша 916 жылы туылып, 979 (м.1570) жылы қайтыс болған. Дарвиннің бұл жазбаларын Ислам кітаптарынан алып жазғаны мәлім болуда.
Жануарлардың үстінде адам типінің ең төмені келеді. Олар шөлдерде, ормандарда, полюстарда өмір сүретін тайпалар. Адамдардың ең үстемі – орта климаттарда, яғни 23 градус пен 66 градус ендік шеңберлері арасында, қалаларда өмір сүретіндер.
Жаратылу тұрғысынан болған бұл үстемдік ерекшеліктерінен басқа, адамдар арасында жұмыс істеп материалдық және ахлақта жоғарылау ерекшеліктері де бар. Кейбір адамдар зеректігімен жұмыс істеп көптеген құралдар ойлап шығарған, ал кейбірлері сонымен қоса ғылымда, жаратылыстануда, техникада ілгерілеген. Ең үстемдерін айтатын болсақ, олар техникада, ілімде, жаратылыстану ғылымында жоғарылауымен бірге ахлақта да ілгерілеген, уилаят және Аллаһу та’алаға жақындық деп аталатын адамзаттың ең жоғары дәрежесіне жеткен. Олар төмендегі адамдарды дұрыс жолды көрсету арқылы жоғарылатады. Бұлардың ең үстемі пайғамбарлар “алейһимуссалауату уәттаслимат”. Олар Жәбраил алейһиссалам есімді періште арқылы Аллаһу та’аладан әмір мен хабар алу құрметіне ие болған. Бұл періште алып келген әмірлер мен хабарларға«Уахи» делінеді. Пайғамбарлар “алейһимуссалауату уәттаслимат” өздеріне келген уахиларды адамдарға білдірген, адамдарға дамудың, жоғарылаудың жолын үйреткен. Пайғамбарлар көрсеткен бұл жоғарылау және ілгерілеу жолына «Дін» делінеді. Адамдардың көтеріліп жоғарылайтын дәрежелері періштелердің дәрежелерінен де жоғары. Пайғамбарлық мақамында да төрт дәреже бар. Біріншісі Нәбилер, екіншісіРасулдар, үшіншісі Улул’азм пайғамбарлар: Адам, Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және Мұхаммед “алейһимуссалам” осы дәрежеде. Төртінші дәрежеҺатәм-ул әнбия болу, яғни соңғы болып келу дәрежесі. Бұл ең жоғары дәреже Мұхаммед алейһиссаламға тән. «Сен болмағанда, сен болмағанда, ешбір нәрсені жаратпайтын едім!» ілтипатымен адамдардың періштелерден де үстем бола алатындығына дәлел болған.
Адамдардың дәрежелері бүкіл махлұқтардың дәл ортасында. Ислам дініне мойынсұнғандар жоғарылайды, періштелерден үстем болады. Нәпсілеріне және жаман достарына еріп, Ислам дінінен алыстағандар төмендейді. Өйткені, рухтың мужәррад екендігін, ал дененің болса, ерекшеліктері бір-біріне ұқсамайтын заттардың жиынтығы екендігін жазған едік. Адам, рухы тұрғысынан періштелерге, дененің құрылысы тұрғысынан жануарларға ұқсайды. Рухани жағын күшейткен адам періштелерден де үстем болады. Өйткені дене адамды періштеліктен ұзақтатып, жануарларға жақындатып жатқанда, бұл төмендеуге қарсы тұрған және осылайша жоғарылаған болады. Періштеде жануарлыққа тартатын ешқандай дене жоқ. Олардың жақсылықтары періштеліктерімен бірге жаратылған.
Бір адам денені қорғап нәпісін күшейтетін болса, жануарлардан төмен болады. Аллаһу та’ала Араф сүресінің 178-ші аятында және Фурқан сүресінің 44-ші аятында: «Тіпті, олар хайуандардан да төмен»- деп, мұндай адамдардың жамандықтарын білдіруде. Өйткені, жануарларда ақыл жоқ. Періштелерге ұқсайтын рухтары да жоқ. Сол себепті жануарлардың шаһуеттеріне еруі кемшілік емес. Адамдарға ақыл нұры берілгені үшін нәпістеріне еруі, дұрыс жолдан адасулары өте жаман болады.
Жануарлардың өмір сүре алулары үшін өздеріне қажет болған демалатын ауа, жейтін, ішетін, жан сақтайтын, паналанатын, жұп болатын нәрселердің барлығы дайын күйінде жаратылған.
[Бұлардың арасынан өмір сүруге ең қажет болғаны ауа. Ешкім ауасыз бірнеше минуттан артық шыдай алмайды. Бірден өліп қалады. Егер табиғаттағы ауа да іздеп табу, қиындық шегу арқылы қол жеткізілетін бір нәрсе болғанда, ешбір жанды оны іздеуге кететіндей уақыт та өмір сүре алмайтын еді. Осыншама тез керек болған өте қажетті болған бұл затты Аллаһу та’ала әр жерде табылатын және махлұқтардың өкпелеріне дейін өздігінен оңай кіретін күйде жаратқан. Өмір сүре алу үшін су осыншалықты дереу қажет емес. Адам мен жануарлар суды іздеп таба алатындай уақыт өмір сүре алады. Сондықтан суды табу қажет болады. Жануарларда ақыл болмағаны үшін және олар бір-біріне жәрдемші болмағандары үшін, жейтін азықтары мен киетін киімдерін дайындай алмайды. Сол себепті азықтарын пісіру, дайындау қажет емес. Шөппен, өлексемен қоректенеді. Түк, жүн, қылмен жылынады. Қорғану құралдары өздерінде жаратылған. Бір-біріне мұқтаж емес.
Ал адамдар болса, бұлардың бәрін дайындауға, ойлануға мәжбүр. Егіп ормағанша, нан жасамағанша тоймайды. Жіп иіру, тоқыма және тігіншілікті дамытпағанша киіне алмайды. Қорғануы үшін де ақылдарын, зеректігін істетуі, пән ғылымын үйренуі, сананы құруы қажет. Әр жануарға тән бір түр үстемдік адамда бір араға келтірілген. Адамның өзінде жаратылған бұл үстемдіктерді ортаға шығаруы үшін ақылын қолдануы, басын қатыруы, жұмыс істеуі қажет. Бақыт пен пәлекет есіктерінің кілті адамның қолына берілген. Жоғарылау немесе төмендеуі, күш-қуатын жұмсауына және жұмыс істеуіне қалдырылған. Егер адам ақыл-ойын істетіп, бақыт жолын тауып, осы жолда жүруге тырысатын болса, ішінде жаратылған жоғарылықты, қадірлілікті иемденеді. Ақырындап жоғарылап, періштелермен араласады. Аллаһу та’аланың разылығына, махаббатына қауышады. Ал егер нәпсінің зиянды болған қалауларына еріп, жаратылғаны бойынша жануарлық дәрежесінде қалатын болса, керісінше жағдайы жаман болып, төмендеп-төмендеп әсфәл-ус-сафилинге түседі. Пәлекеттен пәлекетке, жаһаннамға дейін жетеді.
Адам жаратылысында екі тарапты болады. Оған хидаят, үстемдік тарапын таныта алу және оны күшейтуге талаптандыру үшін бір үйретуші, бір ұстаз қажет. Кейбір балалар насихатпен, жылы сөзбен және марапаттаумен жолға келеді. Ал кейбірлері болса қатты, ащы сөзбен және жаза беру арқылы тәрбиені қабылдайды. Ұстаздың қабілетті болып, баланың жаратылысы қандай екенін түсінуі керек, оны мейіріммен, жылы немесе қатты сөздермен әсер етіп тәрбие беруі керек, яғни жетілдіруі қажет. Осындай қабілетті және мейірімді жол көрсететін ұстаз болмағанша бала ілім мен ахлақты үйрене алмайды, жоғарылай алмайды. Жол көрсетуші ұстаз, яғни ілім мен ахлақты ұсынатын адам баланы пәлекеттен құтқарып, бақытқа қауыштырады.]
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024