Сұрақ: Не істесек Аллаһу та’ала бізден разы болады?
Жауап: Исраил ұлдары Мұса алейһиссаламға осындай сұрақ қойған еді. Аллаһу та’ала: «Олар бізден разы болса, Мен де олардан разы боламын» деп бұйырды. Яғни бастарына келген қиыншылықтарға төзуі, сабыр етуі, әркімге бір айтып шағымдана бермеуі Аллаһу та’аладан келген нәрселерге разы болуды білдіреді.
Мұса алейһиссалам: «Йа Раббым, ең жек көретін құлың кім?» деп сұрағанда Аллаһу та’ала: «Бір құлым менен қайырлысын сұрап, Мен оған қайырлы үкім бергенімде, оған разылық көрсетпеген құл» деп жауап берген. Аллаһу та’аланың берген тағдырына разы болу керек.
Хадис құдсиде былай делінген:
«Қаза және тағдырыма разы болмаған, ұнатпаған, берген ниғметтеріме шүкір етпеген адам менен басқа илаһ (Құдай) іздесін!» (Табарани)
Аллаһ менен разы ма?
Сұрақ: Аллаһ менен разы немесе разы емес екенін білу мүмкін бе?
Жауап: Мүмкін. Ғибадат жасау жағымды, рахат және оңай болып келсе, ал күнә істеу ащы және қиын болып келсе, ол адамнан Аллаһу та’аланың разы.
Сүйіспеншілікке бөленудің екі белгісі
Сұрақ: Аллаһу та’аланың бір құлын жақсы көретінін қалай білуге болады?
Жауап: Оның екі белгісі бар:
1) Оған толық иман келтіруі. Еш күмәнсіз әһли сүннет ғалымдарының білдіргеніндей дұрыс сенуі.
2) Оның құлдарының дүниесі үшін де және ахиреті үшін де қызмет етуі. Дүниеде қызмет ету яғни бір мәселесін, қиындығын шешіп беру, материалдық жағынан жәрдем беру өте үлкен сауап болып табылады. Хадис шәрифте былай делінген:
«Адамдар – Аллаһу та’аланың құлдары. Аллаһу та’аланың ең көп жақсы көретін адамы – Оның құлдарына жақсылық жасаған адам.» (Бәззар)
Бір адамды өрттен аман алып шығу ең құнды іс. Бірақ, ол мәңгілік тозақ отының қасында түк те емес. Сондықтан адамға атқаратын ең құнды қызмет – оның ахиреті үшін жәрдемші болу. Яғни мұсылман болмаса мұсылман болуы үшін, мұсылман болса дінін дұрыс үйренуі үшін себепші болуға тырысу керек. Мұның ең оңай жолы – әһли сүннет ғұламаларының жазған кітабын сыйға тарту.
Аллаһтың сүйіспеншілігіне қауыштыратын нәрселер
Сұрақ: Аллаһтың сүйіспеншілігіне қауышу үшін не істеу керек?
Жауап: Алдымен негізі, іргетасы дұрыс қалануы керек. Іргетасы дұрыс қаланбаса, үстіне салынған ғимарат та осал болып, оңай құлайды. Ең алдымен дұрыс ақидаға (сенімге) ие болу керек. Дұрыс сеніммен бірге хубби филлаһ және бұғди филлаһ (Аллаһ үшін жақсы көру және Аллаһ үшін жек көру) керек. Шарттарына сай орындалған бес уақыт намаз да негіз болып табылады.
Бұлардан кейін ең алдымен сүннетке жабысып, бидғаттардан сақтану қажет. Өйткені, Аллаһу та’аланың сүйіспеншілігіне қауыштыратын жолдың негізі – осы екеуі. Іс-әрекеттеріміз, сөздеріміз және мінезіміз әһли сүннет ғұламалдарының кітаптарына сай болуы керек. Ұйықтағанда, тамақ жеуде және сөйлеген кезде тым артық кетпей, орта дәрежеде болу керек. Сәре уақытында тұрып истиғфар айтуды, жылауды, Аллаһу та’алаға жалбарынуды олжа деп білу керек. Салих адамдарға ұқсауға және оларды жақсы көруге тырысу керек. «Адамның діні – досының діні секілді» деген хадис шәрифті ұмытпау керек! Жаннаттың жолы – дүниеге және дүниенің пайдасыз нәрселеріне салынып кетпеу болып табылады.
Аллаһ кімдерді жақсы көреді?
Сұрақ: Аллаһу та’ала кімді жақсы көреді?
Жауап: Діннің әмірлерін орындап, тиымдарынан сақтанған мұсылмандарды жақсы көреді. Хубби филлаһ пен бұғди филлаһты ұстанғандарды жақсы көреді. Әрбір істі ықыласпен жасайтын мұсылмандарды жақсы көреді. Хадис шәрифте былай делінген:
«Аллаһу та’алa: “Мен үшін бір-бірлерін жақсы көргендерді, Мен үшін сұхбаттасқандарды, Мен үшін малы мен жанын бір-бірлеріне пида еткендерді және Мен үшін жағдайларын сұрасқан (қонаққа барған) мұсылмандарды жақсы көруді уәжіп қылдым” деп бұйырған.» (Табарани)
Аллаһтың сүйікті құлдары кімдер?
Сұрақ: Аллаһтың сүйікті құлы болу үшін не істеу керек?
Жауап: Ақидасы (сенімі) дұрыс болып, діннің әмірлері мен тиымдарына мойынсұнатын мұсылманды Аллаһу та’ала жақсы көреді. Төмендегі қасиеттерге ие болған мұсылмандарды сол мінездерінің салдарынан жақсы көреді.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Аллаһу та’ала (күлімдеген) жылы жүзді адамды жақсы көреді.» (Бәйһақи)
«Аллаһ мухсин. Мухсиндерді (жақсылық жасайтын) адамдарды жақсы көреді.» (Табарани)
«Аллаһу та’ала – көркем. Көркем (әдемі істерді) жақсы көреді. Аллаһу та’ала – жомарт. Жомарттықты жақсы көреді. Аллаһу та’ала – таза. Тазалықты жақсы көреді.» (И. Адий)
«Аллаһу та’ала жұмсақ мәміледе болғандарды жақсы көреді.» (Мүслим)
«Аллаһ – бір. Тақ санға мән берген адамды жақсы көреді.» (Ибн Наср)
«Аллаһу та’ала жасаған ісін кемшіліксіз жасаған адамды жақсы көреді.» (Бәйһақи)
«Аллаһу та’ала жәрдем сұрағанға жәрдем беруге асыққан адамды жақсы көреді.» (И.Асакир)
«Аллаһу та’ала тәубе етуші жастарды жақсы көреді.» (Әбушшәйһ)
«Аллаһу та’ала жастық шағын Аллаһқа мойынсұнумен өткізген жастарды жақсы көреді.» (Әбу Нуайм)
«Аллаһу та’ала кәсіп иесі болған және кәсібінде шебер болған муминді жақсы көреді.» (Табарани)
«Аллаһу та’ала ескі достығын жалғастырған адамды жақсы көреді.» (Дәйләми)
«Аллаһу та’ала мазлұмға және қиыншылыққа тап болған адамға жәрдем беруге асыққан адамды жақсы көреді.» (Бәйһақи)
«Аллаһу та’ала тайсалмай дұға ететін құлдарын жақсы көреді.» (Бәйһақи)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024