Сұрақ: Сүннетке сай ғұсыл қалай алынады?
Жауап: Ғұсыл алу өте оңай. Аузы мен мұрнын сумен жуып, теңізге, көлге сүңгіп шыққан немесе душ астында бүкіл денесін сулаған адам ғұсыл алған болады. Алдымен дәрет алып, одан кейін бүкіл дене жуылса, сүннетке сай болады. Ғұсыл алу үшін ниет ету Ханафиде сүннет, басқа мазһабтарда парыз. Ғұсыл алған кезде ниет етуді ұмытқан адамның да ғұсылы өтеді.
Ғұсыл алатын кезде Бисмилләһ айтылады. Тіпті калимаи шаһадат айту да жақсы болады. Сүннетке сай ғұсыл дәретін алу үшін алдымен таза болса да екі қолды және әурет жерлерді жуу керек. Одан кейін денеде бар болса нәжісті жуу керек, содан кейін ғұсылға ниет етіп толық дәрет алу керек. Одан кейін бүкіл денеге үш реттен су құю керек. Алдымен үш рет басқа, кейін үш рет оң иыққа, үш рет сол иыққа құйып, әр құйғанда сол жер толығымен сулану керек. Бірінші құюда ысқылау керек. Ғұсылда бір мүшеге құйылған суды басқа мүшеге ағызу жаиз болып, ол жері де тазаланады. Өйткені ғұсылда бүкіл дене бір мүше болып саналады. Дәрет алғанда бір мүшеге құйылған сумен басқа мүше де суланса, жуылған болып саналмайды. Ғұсыл алып болғаннан кейін қайтадан дәрет алу мәкрух. Ғұсыл алғанда дәреті бұзылса, ғұсылға зияны жоқ, бірақ намаз оқу үшін тағы да дәрет алу керек болады.
Ғұсыл алған кезде сабындалу, жөкемен ысыну дұрыс болмайды. Кірден тазалануды ғұсылдан кейін немесе бұрын істеу керек. Екеуінің бір уақытта жасалуы дұрыс болмайды. Ғұсылда қажетінен артық су пайдаланған болып, мәкрух болады. Ал Маликиде мууалатқа, яғни аралықсыз жууға кедергі болса, ғұсыл қабыл болмайды.
Душқа кіргенде алдымен ғұсыл алынады. Одан кейін кірден тазалану үшін жуынады. Тазалану үшін жуынғанда қажеттілік мөлшерінде көп су қолданудың зияны жоқ.
Ғұсыл алғанда намаз дәретін бұзатын жағдайлар орын алса (мысалы, қан шықса, жел шығарса, зәр шықса және т.б.) ғұсылда келген жерінен жалғастыра береді, дәретті бұзатын нәрсе ғұсылды бұзбайды. Тек бұл дәретпен намаз оқылмайды, болғаннан кейін намаз дәретін алу керек.
Жүніп кезде шап пен қолтық маңайын қыру, шаш, тырнақ қырқу мәкрух болады. Хайыз кезінде бұлар мәкрух емес. Сондықтан, жүніп кезде, ғұсылдан бұрын бұларды жасамау керек. Ғұсылдан кейін немесе басқа бір уақытта жасау керек.
Ғұсыл және ысырап
Сұрақ: Дәрет пен ғұсылда қажетінен артық су қолдану ысырап па?
Жауап: Иә. Бірақ, ғұсылдан бұрын немесе кейін кірден тазалану үшін жуынудың зияны жоқ.
Уәсуәса
Сұрақ: Уәсуәсалы адаммын. Қатты мән беретін болсам да, дәретте, ғұсылда құрғақ жерім қалған болса немесе сәһу сәждесі қажет кезде ұмытқан болсам, осыған ұқсаған нәрселерді ұмытқан болсам, ораза кезімде ішіп-жеп қойсам, ұмытып намаз уақытын шығарып алсам, кейін де есіме түспегені үшін қазасын өтемесем, ахиретте менің жағдайым қандай болады?
Жауап: Дінімізде ұмыту үзір болып табылады. Ұмытып жеп-ішу оразаны бұзбайды, қазасын өтеу де қажет емес. Ұмытып намаздың қазаға қалуы да күнә болмайды. Дәретте, ғұсылда құрғақ жер қалған болса, білмегеніңіз үшін ешқандай зияны болмайды. Құрғақ жер қалды ма деп қайта-қайта жуыну керек емес. Бұлар уәсуәса, ал уәсуәса ету күнә.
Ғұсыл алған кезде сөйлеу
Сұрақ: Ғұсыл алып жатқанда сөйлеу қауіпті емес пе?
Жауап: Ғұсыл алып жатқанда сөйлемеу сүннет. Қажеттілік болмаса сөйлемеу керек.
Басқа жерде ғұсыл алу
Сұрақ: С.Әбәдийа кітабында, «Ғұсыл алғаннан кейін қайтадан дәрет алу мәкрух. Дәрет бұзылмай басқа жерде алу жаиз» делінген. Басқа жерде дәрет алудың мақсаты не?
Жауап: Ғұсыл алған жерде емес, басқа жақтағы жуынатын жерде алу деген сөз. Осындай болса мәкрух болмайды.
Ғұсылдан кейін аяқтарды жуу
Сұрақ: Ғұсылдан кейін аяқтарды қайтадан жуу керек пе?
Жауап: Егер аяқтардың астына су жиналатын болса, шығарда аяқтарды қайтадан жуу керек. Су жиналмайтын болса қайтадан жуылмайды.
Малики бойынша ғұсыл алғанда
Сұрақ: Малики мазһабын тақлид ететін еркек ғұсыл аларда алдымен әурет жерлерін жуса, кейіннен алдыңғы әурет жеріне мүлдем тимесе, дәрет алып, ғұсыл алғаннан кейін осы ғұсылмен намаз оқуына болады ма?
Жауап: Оқуға болады. Ғұсыл алған кезде алдыңғы әурет жеріне дәреттен кейін қолы тимеген болса дәреті бұзылмайды. Әурет жеріне тию онсыз да ғұсылға зиянын тигізбейді, яғни тисе де ғұсылын жалғастырады. Кейіннен намаз оқу үшін тек намаз дәретін алуы жеткілікті болады. Ал әйелдер әурет жерлеріне қолы тисе де дәреттері бұзылмайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024