Сұрақ: Дініміз бойынша некенің сахих болуы үшін, шарттары қандай?
Жауап: Бұл шарттарының біріншісі – мұсылман қыздың мұсылман еркекке үйленуі. Мұсылман болмаған еркекке үйлене алмайды. Үйленуге шешім қабылдаған сәтте кәпір болады. Өйткені Аллаһу та’ала «Үйленуге болмайды» деген. Үйленген адам осы әмірге қарсы шыққан болады. Мұсылман еркек те дәл осылай мүшрик, дінсіз әйелге үйлене алмайды. Ол да үйленуге шешім қабылдаған сәтте кәпір болады.
Дінімізде теңімен үйлену маңызды
Теңі – Ханафиде текте, байлықта, дінде және құрметтілікте бір-біріне тең болуы деген сөз. Қыз бен еркектің діни білімі, тақуалығы, тектілігі, абыройы және байлығы тұрғысынан тең болуы керек. Тең болу – еркектің салих мұсылман болуы, Әһли сүннет сенімінде болуы, намаз оқуы, спиртті ішімдік ішпеуі, яғни Ислам дініне мойынсұнуы және напақа таба алатындай мөлшерде кәсібі болуы керек. Еркектің тек қана мал-мүлікті және абыройлы болуын қалағандар қыздарын пәлекетке соқты деген сөз. Тозаққа тастаған болады. Егер жігіт намазхан болса, қыздың оған теңесе алуы үшін намаздарын оқитын және оранған болуы шарт.
Некенің екінші шарты – куәгерлердің болуы. Ханафиде куәгер ретінде ақылды және балиғат жасына толған мұсылман екі еркек немесе бір еркек пен екі әйелдің болуы керек. Кішкентай бала мен есі ауысқан адамның (жындының) куәлігі өтпейді.
Некенің үшінші шарты – "тидің бе?", "алдың ба?" деген ұсыныс пен "тидім!" және "алдым!" деген қабыл ету сөздерімен келісім жасау.
Осы үш шарт орындалса неке сахих болады. Мәһір айтылмаса да неке сахих, бірақ некеде мәһір белгіленуі керек. Жағдайға қарай мәһір аз немесе көп сұралуы мүмкін. Мәһір беру уәжіб. Сүйікті пайғамбарымыз, «Мәһір бермеу ниетімен некелескен адам қияметте ұрылардың қатарында тіріледі» деген. (Р.Насихин)
Сұрақ: Келін мен күйеу жігіттің имамның алдында отырғандағы діни некелері қалай қиылады?
Жауап: АХАЖ-дағы ресми келісім біткеннен кейін бір мұсылман еркек Ханафи мазһабы бойынша мұсылман болған (ең кемі) екі еркек куәгердің жанында қызға: «Сені әйелім ретінде алдым» десе, және қыз: «Мен де сені күйеуім ретінде қабыл еттім» дегенінде, неке сахих болады, алайда сүннетке сай неке былай қиылады:
Бұл заманда дінді білетіндер азайғаны үшін, неке қиятын адам күйеу жігіт пен келінге Аллаһу та’аланың сипаттарын айтып, иманның, Исламның шарттарын айтқаннан кейін, «Қабыл еттің бе?» деп сұрайды. Иә деген жауапты алып, күйеу жігіт пен келіннің мұсылман екендігі осылайша мәлім болғаннан кейін некелері қиылады.
Алдымен келіннің атын, мысалы Ахмет қызы Айша деп жазады. Одан кейін күйеу жігіттің атын, мысалы Мұрат ұлы Әли деп жазады. Содан соң екі еркек куәгердің аттарын әкелерінің есімімен бірге жазады. Одан кейін келісілген мәһри муәжжәл мен мәһри муажжәлді жазады. (Мәһри муәжжәлдің көп болуы қыздың пайдасына. Мысалы 80 грам алтын болуы мүмкін. Еркек ажырасқан жағдайда әйеліне осы мәһірді беруі шарт. Егер неке қиятын кезде бұл мөлшер көп етіп келісілген болса, онда оны төлей алмаған еркек әйелімен ажыраса алмайды.)
Истиғфар оқып, сол жердегілерге тәждиди иман (иман жаңарту) және тәждиди никаһ (неке жаңарту дұғаларын оқытады) жасатады:
Әстағфируллаһ, әстағфируллаһ, әстағфируллаһ әл-азыйм, әлләзи лә илаһә иллә һуәл хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ, тәубәтә абдин залимин ли-нәфсиһи лә йамлику ли-нәфсиһи мәутән уәлә хайятән уә лә нушура. Йа, Раббым! Балиғат жасымнан осы жасқа келгенге дейiн, Ислам дұшпандарына және бидғатшыларға алданып, бұзылған сенiмдерiме және бидғат, күнә болған сөздерiме, күнәнi тыңдағаныма, жаман нәрсенi көргенiме және iстегендерiме өкiндiм. Енді қайта бұлай жалған сенiмдерге сенбеуге және қате істемеуге ант еттім. Пайғамбарлардың алғашқысы Адам алейһиссалам және соңғысы пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам. Бұл екi пайғамбарға және араларында келiп-кеткен пайғамбарлардың барлығына иман еттiм. Барлығы хақ және білдіргендері рас. Әмәнту билләһ уә би-мә жаә мин индиллаһ алә мурад-иллаһ, уә әмәнту би-Расулилләһ уә би-мә жаә мин инди Расулиллаһ алә муради-Расулилләһ. Әмәнту билләһи уә Мәләикәтиһи уә кутубиһи уә Русулиһи уәл-яумил-ахири уә билқадәри хайриһи уә шәрриһи миналлаһи тәала уәл-баъсу баъдәлмәути хаққун әшһәду ән ла илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдүһү уә расулүһ. Аллаһумма инни уриду ән ужәддидәл иманә уәнникаха тәждидән би қаули лә илаһә иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ.
Әузу-Бисмиллаһ айтылғаннан кейін мына дұғаны оқиды:
«Әлхамдулиллаһилләзи зәууәжәл әруаха бил әшбах уә әхалләнникахә уә харрамәссифәһ. Уәссаләту уәссәләму алә расулина Мухаммадинилләзи бәййәнәл харама уәл мубах уә алә Алиһи уә Асхабиһилләзина һум әһлуссалаһи уәлфәлах.»
Әузу-Бисмилләһ айтып, Нур сүресінің 32 аятын оқып, «Садақаллаһул азыйм» дейді, одан кейін, “Қала Расулуллаһ,«Әнникаху сүннәти фәмән рағиба ән сүннәти фәләйса минни» Садақа Расулуллаһ. Бисмилләһи уә алә суннәти расулиллаһ“ дейді.
Содан кейін келінге бұрылып, «Аллаһу та’аланың әмірі, пайғамбарымыздың сүннеті, амалдағы мазһабымыздың имамы Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттерінің ижтиһады және осы жерде отырған мұсылмандардың куәліктерімен, (мысалы) 80гр алтын мәһри муәжжәл және 10 гр алтын мәһри муажжәлмен Мұрат ұлы Әлиге тұрмысқа шығуды қабыл еттің бе? тидің бе?» деп сұрайды. Келін: «Иә, білдірілген мәһри муәжжәл және мәһри муажжәлмен Мұрат ұлы Әлиге тұрмысқа шығуға, оны өзіме күйеу ретінде қабыл еттім, тидім» дейді.
Одан кейін күйеу жігітке бұрылып, тағы да «Бисмиллаһи уә алә суннәти расулиллаһ» деп, «Ахмед қызы Айшаны, білдірілген мәһри муәжжәл және мәһри муажжәлмен әйелдікке қабыл еттің бе? алдың ба?» деп сұрайды. Күйеу жігіт: «Иә, білдірілген мәһри муәжжәл және мәһри муажжәлмен Ахмет қызы Айшаны әйелдікке қабыл еттім, алдым» дейді.
Екеуінен де жеке жеке үш реттен сұрап, «Иә, қабыл еттім» деген жауапты алғаннан кейін, «Мен де некелеріңді қидым» дейді. Содан соң мына дұғаны оқиды:
Неке дұғасы:
«Аллаһуммәж’ал хазәл ақдә мәймунән мубәрәкән уәж’ал бәйнә һума улфәтән уә мәхаббәтән уә қарара уә лә тәж’ал бәйнә һума нәфратән уә фитнәтан уә фирара. Аллаһумма әллиф бәйнәһума кәмә әлләфтә бәйнә Адама уә Хаууа. Уә кәмә әлләфтә бәйнә Мухаммәдин саллаллаһу алейһи уә сәлләм уә Хадижәтәл кубра уә Айша-тә уммил му’минина радиаллаһу анһума. Уә бәйнә Алиин радиаллаһу анһ уә Фатима-тәз-зәһра радиаллаһу анһа. Аллаһуммә а’ти лә-һума әуләдән салихан уә умран тәуилән уә ризқан уәси’ан. Раббана һәб ләнә мин әзуәжина уә зурриятина қуррата ә’йунин уәж’алнә лилмуттақина имама. Раббәнә әтинә фиддүнйә хасәнәтән. Уә фил ахирати хасәнәтән уәқинә азәбәннар. Субхана раббика раббил иззәти амма йәсифун уә сәләмун аләл мурсәлин уәлхамдулиллаһи раббил аләмин. Әл-Фатиха.»
Бұл дұғаны сүйікті пайғамбарымыз және бүкіл ғалымдар, әулиелер оқыған. Бұны оқыған кезде ерлі-зайыптылар арасында өлгенге дейін махаббат болады, бақыт пен тыныштық, жан рахаты ішінде өмір сүреді. Үйлерінен береке кетпейді. Дұғаның мағынасы мынадай:
«Аллаһым! Бұл некені мүбәрәк ет! Араларына жақындық, татулық, махаббат және некелеріне беріктік нәсіп ет, бұларды жеккөрушіліктен, сыйыспаушылықтан және ажырасудан қорға! Аллаһым! Адам алейһиссалам мен Хаууа анамыз, Мұхаммед алейһиссалам мен Хадижа-и кубра және мүминдердің анасы Айша анамыз, Хазреті Әли мен хазреті Фатима-туз Зәһра анамыз арасында бар болған жақындықты бұларға да нәсіп ет! Бұларға салих бала-шаға, ұзақ өмір және мол ризық ихсан ет! Амин. Ей Раббымыз! Жұбайларымыз бен бала-шағамызды бізге құтты ете гөр және бізді Аллаһқа қарсы келуден сақтанғандарға жол көрсетуші ет! Ей Раббымыз, бізге дүние мен ахиретте жақсылық, әсемдік бер. Бізді Жаһаннам азабынан қорға! Құдірет пен құрмет иесі болған сенің Раббың олар айтқан қате сөздерден пәк. Бүкіл пайғамбарларға сәлем болсын. Әлемдердің Раббы болған Аллаһқа хамд болсын.»
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024