Мисуактың маңызы

Сұрақ: Мисуактың маңызы қандай? Мисуак қолданған кезде нендей нәрсеге мән беру керек?

Жауап: Қазіргі күніміздің медицинасы тіс саулығы тұрғысында жаңадан шығара бастаған емдеу жолдарын Ислам діні 14 ғасыр бұрын үйреткен. Тістің саулығына өте пайдалы болған мисуак – ең қарапайым және ең жақсы тазалағыш болып табылады. Тістердің шіруінің алдын алу үшін мисуак қолдану өте пайдалы. «Larousse illustre Medical» атты медициналық кітапта: «Барлық тіс пасталары және ұнтақтары тіске зиянды келеді. Ең дұрысы қатты тіс щеткасын қолдану. Басында тісті қанатса да қорықпау керек. Тістің еттерін күшейтеді, одан кейін қанамайтын болады» деп жазылған.

Тіс пастасы ауыздағы пайдалы, зиянды бүкіл микробтарды өлтіреді. Ал мисуак тек зиянды микробтарды өлтіреді. Мисуак дәреттің сүннеті, шафииде намаздың сүннеті. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мисуак қолданып оқылған намаз мисуаксыз оқылған намаздан  жетпіс есе артық». (И. Нәжжар).

«Жәбрейіл алейһиссаламның мисуак қолдану туралы көп айтқаны соншалық, парыз бола ма деп қорықтым». (И. Мажа).

«Егер үмметіме қиындық бермейтінін білгенімде, әр намаз үшін дәрет алуды және әр дәретте мисуак қолдануды әмір етер едім». (Бұхари, Мүслим).

«Түнгі намаз үшін тұрған кезде тістеріңді мисуакпен тазалаңдар! Өйткені бір періште намазда Құран оқығанның аузына жақындап тыңдайды». (Дәйләми).

«Ауыздарың Құранның жолы, мисуакпен тазалаңдар». (Әбу Нуайм).

«Пайғамбарлардың бес сүннеті: ұяттылық, жуастық, қан алдыру, мисуак және әдемі иіс». (Табарани).

«Мисуак еркектің сөйлеу әдемілігін арттырады». (И.Адий, Хатиб).

«Мисуак ауызды тазалайды, көздің көруін жақсартады, тіс еттерін күшейтеді, тістерді ағартады және құрттауының алдын алады, ас қорытуды жеңілдетеді, асқазанның жұмысын жақсартады, қақырық кетіреді, жақсылықтарды арттырады. Мисуак қолданған адам Аллаһу та’аланы разы етеді, періштелерді қуантады». (Әбу Нуайм).

Мисуактың отыздан астам пайдасы бар. Ең төмені қиыншылықты кетіреді, ең жоғарысы өлім алдында шәһадат калимасын айтуды еске салады. Мисуак өлімнен басқа барлық дерттерге шипа болады. Сырат үстінен өтуді оңайлатады, қартаюды да бәсеңдетеді.

Мисуак ауызды тазалайды, көзді нұрландырады, ауыз иісі мен ластығын кетіреді, тістерді ағартады. Тіс еттерін бекемдейді. Асты қорытады, қақырықты тоқтатады. Намаздың сауабын арттырады. Құран кәрімнің жолы болған ауызды тазалайды. Ауыз иісін жақсартады, әдемі сөйлеуді реттейді, асқазанды күшейтеді, шайтанды ренжітеді, сауаптарды көбейтеді, өтті азайтады. Бас тамырларын жақсартады, ауруын басады және өлім аузында рухтың шығуын оңайлатады.

Пайғамбарымыз әрдайым өзімен бірге айна, тарақ және мисуак алып жүретін. Тістер сарғайғанда, ауыздың иісі өзгергенде, ұйқыдан тұрғанда, намаз оқуға тұрғанда, үйге кіргенде, жиналыстарға кірерде, Құран оқуға бастарда және дәрет аларда мисуак қолдану мүстаһаб болады.

Имам Ағзам хазрет «Мисуак қолдану діннің сүннеттерінен» деген. Мисуак қолданудың ең аз мөлшері үстіңгі тістерге үш рет, астыңғы тістерге үш реттен сүрту. Мисуак қолданғанда тістердің ішін, сыртын, үстін және астын үйкелеп жүргізу қажет. Мисуакты оң қолмен қолдану керек. Оң қолдың кіші және басбармағы мисуактың астында қалған үш саусақ үстінде ұсталады.

Мисуак қолдана бастағанда ауыздағы ылғалды жұту кейбір ауруларға пайдалы. Кейінгі ылғалдылықты жұтуға болмайды. Жұтылса уәсуәсаға себеп болады. Қолданғаннан кейін мисуакты жуып, басын төмен қаратып тік тұрғызып қою керек. Мисуак тым ылғалды немесе тым қураған және бір қарыстан ұзын болмау керек! Қалыңдығы кіші саусақтың қалыңдығындай болғаны жөн. (Рәддул мухтар).

 

Эрак ағашы

Сұрақ: Мисуак эрак ағашынан жасалады делінген. Басқа ағаштан мисуак жасалмай ма?

Жауап: Эрак ағашынан жасалған мисуак басқаларынан жақсы болып табылады. Эрак ағашы табылмаса зәйтун бұтағынан да жасауға болады. Анар ағашының бұтағынан мисуак жасалмайды.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Мүбарак ағаш болған зәйтүннен жасалған мисуак қандай жақсы. Ол менің және менен бұрын келген пайғамбарлардың мисуагы». (Табарани).

Зәйтүннен болса да, мисуак қолдануды қолдан жібермеу керек. Өйткені мисуак қартаюды азайтады, көздің көруін жақсартады, ауыз иісін кетіреді. Тағы көптеген пайдалары бар. (Рәддул мухтар).

 

Тісті тазалау

Сұрақ: Намаз кітабында дәрет алатын кезде тісті мисуакпен тазалау мүстаһаб делінгенімен, дәреттің сүннеттері бөлімінде мисуак маңызды сүннет делінген. Бұл жерде қарама-қайшылық жоқ па?

Жауап: Дәрет алатын кезде тісті тазалау сүннет. Мұны мисуакпен жасау мүстаһаб, жақсырақ. Яғни мисуак қолданылған кезде әрі сүннет, әрі мүстаһаб орындалған болады. Саусақпен немесе тіс щеткасымен тіс тазаланса тек сүннет орындалады. Бұл сүннет мисуакпен жасалған кезде одан бөлек мүстаһаб сауабы да беріледі.

 

Щетка күйіне келтіру үшін

Сұрақ: Мисуактың ұшын жұмсартатын кезде щетка күйіне келтіре алмаймын. Қанша қолдансам да тақтай сияқты. Ұшын қылға ұқсату, щеткаға ұқсату үшін не істесем болады?

Жауап: Жаңадан алынған мисуактың ұшынан 2 см қабығын ашып балғамен ақырын ұрылатын болса щетка сияқты ашылады. Суға салу қажет емес.

 

Әр уақытта қолданылады

Сұрақ: Мисуак тек дәретте ғана сүннет пе?

Жауап: Мисуак әр уақытта қолданылады. Әсіресе төсектен тұрып намазға тұрарда, тамақ жеп болғаннан кейін және дәретті бастарда көп қолданылады.

 

Қай кезде қолданылады?

Сұрақ: Дәрет алатын кезде мисуак қай кезде қолданылады?

Жауап: Дәретті бастарда.

 

Үштен артық сүрту

Сұрақ: Мисуакпен тістерді үштен артық сүртсе сүннетке қайшы болмай ма?

Жауап: Жоқ, қайшы болмайды.

 

Протез тістер

Сұрақ: Протез тісті мисуакпен тазаласа сүннет орындалған бола ма?

Жауап: Иә, орындалған болады.

 

Тісі болмаған

Сұрақ: Тісі жоқ адам мисуакпен таңдайын сүртсе сүннет сауабын ала ма?

Жауап: Иә, алады.

 

Қысқарғанда

Сұрақ: Мисуак қысқарғанда да қолданыла ма?

Жауап: Иә, қолданылады.

 

Мисуактың орнына сағыз

Сұрақ: Әйелдердің мисуак қолдануы рұқсат па?

Жауап: Иә, рұқсат. Әйелдердің сағыз шайнаулары да мисуак орнына өтеді.

 

Мисуак болмаса

Сұрақ: Дәрет алған кезде мисуак болмаса не істеу керек?

Жауап: Тісті тамақтан кейін және дәрет аларда тазалау сүннет. Бұл сүннетті мисуакпен жасау бөлек мүстаһаб. Мисуак табылмаса тіс щеткасымен, щетка да табылмаса саусақтармен тазалау керек. Оң қолдың бас бармағымен оң жақтағы тістерді, сұқ саусақпен сол жақтағы тістерді үш рет үйкеу арқылы тазаланады. (С.Әбәдия).

 

Мисуак бөліктері

Сұрақ: Мисуакпен тіс тазалағанда мисуак бөлшектерін жұтудың зияны бар ма?

Жауап: Әдейі жұтуға болмайды. Байқамай жұтып қойса зияны жоқ.

 

Мисуак қолданғанда

Сұрақ: Мисуак қалай қолданылады?

Жауап: Жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай немесе ені бойымен де үйкеуге болады.

 

Мисуак қолдану

Сұрақ: Мисуак қолданудың көптеген пайдасы бар екенін естідім. Сонымен қатар, өлерде калима-и шәһадатты еске түсіруге себеп болатындығы рас па?

Жауап: Иә, өлерде калима-и шәһадатты еске түсіруге, иманмен жан тапсыруға себеп болады. (Дуррул мухтар, Мәрақил фәлах хашиясы, Сиражул уаһһаж, Мифтахул жәннат).