Мәйітке тәһлил оқу

Сұрақ: Хатми тәһлил деген не?

Жауап: Кәлимаи тәуһид немесе тәһлил дегеніміз “лә илаһә иллаллаһ” деген сөз. 70 мың рет кәлимаи тәһлил айтуға “хатми тәһлил” делінеді.

Мазхар Жан-и Жанан хазреттері бір қабірдің басына отырғанында: «Бұл қабірде жаһаннам оты бар. Хадис шәрифте: «Өзі үшін немесе басқа мұсылман үшін 70 мың кәлимаи тәуһид айтқан адамның күнәлары кешіріледі» делінген. Бұл адамның рухына хатми тәһлил сауабын бағыштаймын. Иншаллаһ, кешірілер» деді. Хатми тәһлилдің сауабын бағыштағаннан кейін «Әлхамдулиллаһ, мына күнәһар әйел кәлимаи тәһлилдің арқасында азаптан құтылды» деді. (Мақамати Мазхарийа)

70 мың кәлимаи тәуһидті бір адам немесе бірнеше адам оқуына болады. (Мәнахиж-ул ибад)

Хатми тәһлилдің тірі адамдарға да пайдасы көп. (Мәкатиби шәрифа)

 

Сұрақ: Кәлимаи тәһлилді минутына осыншама рет айтылады деп жобалап санауға болады ма?

Жауап: Жоқ. Бұлай санағандарды есепке алмау керек.

 

Сұрақ: Кәлимаи тәһлилді 99-шысы ма? 100-шісі ма? деп шатастырған адам 99 деп қабылдаса жаиз ба?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Белгілі мөлшерде кәлимаи тәһлилді айтқан соң, нақты санын білмей одан да көп айтуға бола ма?

Жауап: Әрине, өте жақсы болады.

 

Сұрақ: Кәлимаи тәһлилдің әрбір 100-інде “Мухаммәдун расулуллаһ” деп айтуды ұмытып кетсе, қандай да бір зияны бар ма?

Жауап: Зияны жоқ.

 

Сұрақ: Кәлимаи тәһлилді оқып шатасқанда, басынан бастап айтуға бола ма?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Намаз оқығанда, төсекте жатқанда дұға немесе кәлимаи тәуһидті оқыған кезде ауызша емес, іштен, дауыс шығармай оқу дұрыс па?

Жауап: Қыраат деп ауызша оқуды айтады. Өзі еститіндей дауыспен оқуға жай оқу делінеді. Қасындағы адамдар еститіндей дауыстап оқуға жоғарғы дауыспен оқу делінеді. Жай дауыспен оқыған адамдың дауысын бір-екі адамның естуі мәкрух болмайды. Дауыстап оқу деген көп адамның естуі деген сөз. (Бәззазийа)

Өзі еститіндей дауыспен оқылмаған намаз сахих (дұрыс) болмайды. Дұға еткен кезде де өзі еститіндей дауыспен оқуы, айтуы керек.

Кәлимаи тәһлилді де ғибадат сауабына қауышу үшін тілмен (аузын қимылдатып), өзі ести алатындай дауыспен айтуы керек. Хатми тәһлилді оқығандардың да ең болмағанда өзі ести алатындай дауыспен оқулары керек. Кәлимаи тәһлил ғибадат ретінде емес, жүректі (көңілді) тазалау үшін оқылған кезде тілсіз, іштей жүрекпен айтылады. (Рәдд-ул Мухтар)

 

Хатми тәһлил

Сұрақ: Хатми тахлилдің, яғни 70 мың кәлимаи тәуһидтің тек өлілерге ғана пайдасы бар ма?

Жауап: Хатми тәһлилдің өлі-тірі барлығына да пайдасы бар. (Мәкатиби шәрифа)

 

Теледидар көріп отырғанда

Сұрақ: «Теледидардан жаңалықтар және осыған ұқсас нәрселерді көріп отырғанда тәсбих тарту күнә болады» дегендіктен анам да теледидар көріп отырғанда тәсбих тартпайды. Күні бойы теледидар алдында отырады, тәсбих тартудан махрұм қалады. Теледидар көріп отырғанда тәсбих тарту күнә ма?

Жауап: Теледидар көріп отырғанда адамның көңілі жаңалықтарға немесе басқа да нәрселерге ауып кетеді. Теледидар көрмей, басқа нәрселерді ойлап отырып тәсбих тарту да дәл солай. Сондықтан ғафлетпен бос отырғаннан гөрі тәсбих тартуды жалғастыру жақсы болады.

 

Тәсбих тартқан кезде

Сұрақ: Бірнеше рет есептедім, жарты сағатта неше, бір сағаттың ішінде қаншалықты кәлимаи тәуһид айта алатынымды білдім. Мысалы: 10 минутта 500 кәлимаи тәуһид айта алады екенмін. Минутына орта есеппен 50 рет. Егер 40 минут тәсбих тартатын болсам, 2000 рет айта алады екенмін. Осындай болжаммен тәсбих тартудың зияны бар ма?

Жауап: Намаздан соң тартылатын 33-тік тәсбихтер сияқты мөлшері (саны) білдірілгендерге әдейі кем немесе артық қосып оқуға болмайды. Есепке кіретін тәсбихтерге мұндай болжаммен тартылған тәсбихтер есепке алынбайды. Есепке кірмейтін зікірлерде болжаммен, тіпті еш санамастан, болжамастан да тәсбих тартудың зияны жоқ.