34 – Хадис шәрифте: «Өздеріңе, бала-шағаларыңа жаман дұға етпеңдер. Аллаһу та’аланың тағдырына разы болыңдар. Ниғметтерін көбейтуін сұраңдар» және «Әке-шешенің баласына жасаған және зұлымдыққа ұшыраған адамның, залымға жасаған бет дұғалары (қарғыстары) қайтарылмайды» делінді. Бір мұсылманның кәпір болуы үшін дұға еткен адамның өзі кәпір болады. Залымның, кәпір болып өлуін, шексіз азап тартуын қалаған адам кәпір болмайды. Мұса алейһиссаламның осылай дұға еткені Құран кәрімде білдірілген. Имам Ағзам әбу Ханифа “рахимә-һуллаһу та’ала” басқа біреудің кәпір болуын қалау, күпір болады деді. Залымнан басқаға бет дұға ету харам. Залымға, зұлымдығы мөлшеріндей бет дұға ету жаиз болады. Жаиз болған нәрсенің көлемі, зиянның көлеміндей болады. Залымға да бет дұға етпеу, сабыр ету тіпті, кешіру жақсырақ. Зиммиге және кәпірге, "Аллаһу та’ала өмір берсін" деб тілек, дұға ету жаиз емес. Мұсылман болуы үшін немесе салық беріп, мұсылмандардың күшеюі үшін бұлай дұға ету жаиз болады. Кәпірге құрметпен сәлем берген кісі кәпір болады. Кәпірге құрмет ретінде бір сөз айту, мысалы ұстазым деу, күпір болады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024