Мұсылмандардың ақылары мен міндеттері

Сұрақ: Мұсылманның басқа мұсылман алдындағы ақылары қандай?

Жауап: Мұсылман басқа мұсылман бауырын кемінде өзі сияқты ойлайды.

Өзіне жасалуын дұрыс көрмеген, қаламаған нәрселердің басқаларға да жасалуын қаламайды. Хадис шәрифте былай делінген:

«Өзі үшін жақсы көрген нәрсені дін бауыры үшін де жақсы көрмеген адам кәміл мүмин бола алмайды.» (Бұхари)

Мұсылман басқаларға жақсы үгіт, насихат береді. Хадис шәрифте: «Сендер дін бауырларыңның айнасысыңдар. Одан байқаған дақты сүртіңдер!» делінген. (Әбу Дауд)

Мұсылман, адамдарды қуантуға, көңілін аулауға, мұңын, қайғысын кетіруге тырысады. Хадис шәрифттерде былай делінген:

«Бір мүминді қуантқан адамды Аллаһу та’ала қиямет күні қуантады.» (Ибн Мүбәрәк)

«Бір адамның мұңы мен қиыншылығын кетірген немесе бір мазлұмға (зұлымдыққа ұшыраған адамға) жәрдем берген адамды Аллаһу та’ала жетпіс үш рет мағфирет етеді (кешіреді) (Хараити)

«Аллаһ дәргейіндегі ең мақбул (қабыл болатын) амал – мүминді қуанту, қайғысын кетіру, қарызын өтеу немесе қарнын тойдыру.» (Бәйһақи)

Мұсылман бастан-аяқ пайдалы адам деген сөз. Олай болса, басқа мұсылмандарға қолдан келгенше жәрдем беру керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Мына екі нәрседен жаманы жоқ: Аллаһқа ширк қосу және Оның құлдарына зиянды болу. Мына екі қасиеттен асатын үстемдік жоқ: Аллаһқа иман ету және Оның құлдарына пайдалы болу.» (Дәйләми)

«Дін бауырының ісіне аздаған уақыт қарасқан адам, ол іске көмегі тисе де, тимесе де екі айлық итикафтан (ғибадаттан) көбірек сауап алады.» (Хаким)

Пайғамбарымыз: «Мазлұм да, залым да болса дін бауырларыңа жәрдем беріңдер» деген кезде, «Йа Расулаллаһ, залымға қалай жәрдем береміз?» делінді. Жауап ретінде: «Оның зұлымдығына кедергі болу ретінде жәрдем еткен боласыңдар.» деді. (Бұхари)

Бір адам мұсылмандарға күнде дұға етсе, жақсы адам болады. Намаз оқыған мүмин «аттахияту»-да салих құлдарға дұға етуде. Осы себепті намаз оқымайтын адам мүминдерді осы дұғадан махрұм қалдыруда.

Түшкірген кезде «Әлхамдулиллаһ» деу керек, бұны естіген мұсылман да «Йархамукаллаһ», яғни «Аллаһ саған рахмет (мейірім) етсін» деуі керек! Үшінші адам бар болса «Йахдина уә йахдикумуллаһ» деуі керек! Үшінші адам жоқ болса, түшкірген адам жауап ретінде осы сөзді айтуы керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Түшкірген кезде Әлхамдулиллаһ деген адам көз ауруын көрмейді.» (Табарани)

Адамдардың дұрыс істеріне жәрдемші болу, оларға көмектесу, мүмкіндігінше мұқтаждықтарына қарасу керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Адамдардан маған мұқтаждықтарын айтып келетіндері болып тұрады. Сол кезде жанымда болғандар оларға жәрдем беріп сауап алсын. Аллаһу та’ала ұнатқан нәрсесін пайғамбарлардың қолымен береді.» (Мүслим)

«Мұқтаждықтары себебімен маған келгендерге сендер де жәрдемші болыңдар! Мен орындалуын қалаған нәрселерімді сендердің де себепші болып сауап алуларың үшін біраз кешіктіремін.» (Нәсаи)

«Сөзбен жасалатын көмектен асатын құнды садақа бола алмайды. Арашы болудың арқасында қан дауасының алды алынады, пайда түседі және зиянның беті қайтарылған болады.» (Хараити)

Мұсылмандарға жасалатын жақсылықтардың ең үлкендерінің бірі – сәлем беру. Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’алаға ант етемін, мүмин болмайынша жаннатқа кіре алмайсыңдар. Бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше мүмин бола алмайсыңдар. Сендерге бір амал білдірейін, онымен бір-біріңді жақсы көресіңдер: Араларыңда сәлемді таратыңдар!» (Мүслим)

«Дәретте тұрақты бол және дәретті жақсылап ал - өмірің ұзарсын. Кездестіргендердің бәріне сәлем бер – жақсылығың көбейсін! Үйіңе кіргенде үйдегілерге сәлем бер – үйдің игілігі мен берекесі артсын!» (Хараити)

Сәлем беру сүннет, жауап беру парыз. Сәлемге жауап бермеген мұсылманнан періштелер қайран қалады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Сәлем беріп мүсафаха еткен (қол алысқан) екі мұсылман арасына жүз рахмет түседі. Бұның тоқсаны бірінші сәлем беріп қол созғанға, қалған оны екіншісіне беріледі.» (Бәззар)

Бір адам сәлемсіз, рұқсатсыз кірген кезде Расул әкрам (пайғамбарымыз) былай деген:

«Кері қайт, сәлем бер, одан кейін ішке кір.» (Әбу Дауд)

 

Мұсылманның міндеттері

Сұрақ: Мұсылманның қанша түрлі міндеті бар?

Жауап: Үш түрлі міндеті бар:

1) Жеке міндеті:

Әр мұсылман өзін жақсы жетілдіруі, дені сау, әдепті, жақсы мінезді болуы, ғибадаттарын орындауы, ілім мен жақсы ахлақты (мінез-хұлықты) үйренуі, халал азық табу үшін еңбек етуі – жеке өзінің міндеттері.

2) Жанұя ішіндегі міндеті:

Жұбайының, ата-анасының, бала-шағасының, бауырларының алдындағы ақыларын, міндеттерін орындау – жанұя ішіндегі міндеттері.

3) Қоғамдағы міндеті:

Көршілерінің, ұстаздарының, оқушыларының, отбасының, қол астындағылардың, өкіметтің және мемлекеттің, бүкіл отандастардың, діні мен ұлты басқа болғандардың алдындағы міндеттері.

Бәріне жақсылық етуі, қолымен, сөзімен ешкімді ренжітпеуі, ешкімге зиян тигізбеуі, қиянат етпеуі, бәріне пайдалы болуы, мемлекетке, заңға қарсы шықпауы, әркімнің ақысын өтеуі қоғамдағы міндеттері болып табылады.