Нифақ

32 - Нифақ – мұнафықтық (екі жүзділік), ішінің сыртына сай болмауы дегенді білдіреді. Көңілінде (жүрегінде) күпір болған адамның өзінің мүмин екенін айтуы, дінде нифақ болады. Жүрегінде дұшпандық, кек сақтап, көріністе дос болу дүние нифақы болады. Күпірдің ең жаманы, дінде нифақ жасау. Мәдина қаласындағы мұнафықтардың басшысы Абдуллаһ бин Убей бин Салул еді. Мұсылмандардың Бәдір соғысындағы жеңісін көргенде, мұсылман болғандарын айтты, бірақ жүректерімен сенбеді. Хадис шәрифте: «Мұсылмандарға сөзімен дос көрініп, әрекеттерімен дұшпандық еткендерге, Аллаһу та’ала және періштелер лағынет етсін» және «Мұнафықтың үш белгісі бар: Өтірік айтады, сөзінде тұрмайды және аманатқа қиянат етеді» делінді. Мұндай адам, мұсылман екендігін айтса да, намаз оқыса да, мұнафық.