Оң және сол ұғымы

Сұрақ: Исламдағы оң жақ және сол жақ ұғымдары туралы мәлімет бересіз бе? Мысалы: оң қолмен ішіп-жеудің қандай да бір хикметі бар ма? Адамның оң жағын да, сол жағын да Аллаһу та’ала жаратқан ғой, неге дінімізде оң жақ пен сол жақтың айырмашылығы бар?

Жауап: Иә, адамның оң жақ мүшелерін де, сол жақ мүшелерін де Аллаһу та'ала жаратқан. Адамның сол жақтағы дене мүшелері тозаққа кететін болса, оң жақтағылары да кетеді. Осы тұрғыдан алғанда оң жақ пен сол жақтың айырмашылығы жоқ. Кез келген құрал-жабдықтың қолдану нұсқаулығы болатынындай адамның да қалай әрекет етуі керектігін, қалай жүріп тұруы, қалай өмір сүруі керектігін дініміз білдірген.

Хазреті Имам Науауи былай деген:

«Мүбәрәк, қасиетті және таза нәрселерді жасағанда оң жақтан бастау мүстаһаб болып табылады. Киім, аяқ киім киерде, шашты тарағанда, мисуак қолданғанда, тырнақ алғанда, қол, аяқ жуғанда, мешітке кірерде, мұсылманның үйіне, бөлмесіне кірерде, әжетханадан шығарда, садақа берерде, тамақ жегенде, су ішкенде оңнан бастау керек. 

Бұлардың қарама-қайшысын жасағанда сол жақтан бастайды. Мәселен: аяқкиім, киім шешкенде, іш дәрет алғанда, сіңбіргенде сол жақтан бастау мүстаһаб. Бұларды оңнан бастау тәнзиһән мәкрух болады.» (Хадиқа)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Оң қолмен ішіп-жеңдер, оң қолмен алып беріңдер! Өйткені шайтан сол қолымен ішіп-жейді, сол қолымен алып береді.» (Ибн Мажә)

«Аяқкиім кигенде оң аяқтан, шешкенде сол аяқтан бастаңдар!» (Бұхари)

Оңның солға қарағанда үстемдігі бар. Бір жерге бара жатқанда жол екіге айырылса және сұрайтын ешкім болмаса не істеу керек? Хадис шәрифте: «Алдарыңнан екі жол шықса, оң жағындағысымен жүріңдер» делінген. Мубах болған істерді оң жақтан бастау керек! Пайғамбарымыз қолындағы суды оң жағында отырған бәдәуиге берді. Бәдәуи: «Йа Расулаллаһ, сол жағыңызда отырған Әбу Бәкірге неге бермейсіз? Оның қадірі, дәрежесі менен де жоғары» дегенде Расулуллаһ алейһиссалам: «Суды оң жақтан таратыңдар!» деді. (Б. Арифин)

Оң жақтың маңыздылығы Құран кәрімде де білдірілуде. “Уақийа” сүресінің 8-ші аяти кәримасында «Әсхаб-ул-мәймәна», 9-шы аяти кәримасында «Әсхаб-ул-мәшъәмә» және 91-ші аяти кәримасында «Әсхаб-и йәмин» нің сәлем (жаннат) иесі болғаны сүйіншіленуде.

“Мәймәнә”– оң, оң қол, оң жақ, береке сияқты мағыналарға келеді. “Әсхаб-и мәймәне” – оңшыл деген сөз. (Жаннатқа кіретін бақыттыларға берілген есім)

“Мәшъәмә” – сол, сол қол, сол жақ, бақытсыздық сияқты мағыналарға келеді. “Әсхаб-и мәшъәмә” – солшыл деген сөз. (Жаһаннамға кететін бақытсыздарға берілген есім)

“Әсхаб-и мәймәнә”-ға "Әсхаб-и йәмин" деп те айтылады. Әсхаб-и мәшъәмә-ға Әсхаб-и шимал деп те айтылады. Құнды, таза нәрселерді жасағанда оң жақтан бастау мүстаһаб болғанындай, санаулы істерді жасағанда да 1, 3, 5, 7 секілді тақ сандармен жасау мүстаһаб. Әрбір істі тақ санмен жасауға тырысу керек!

Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһ – бір. Тақ санға мән берген адамды жақсы көреді.» (Бұхари)

Имам Раббани хазреттері Мәулана Салихке бақшадан бірнеше қалампыр әкелуін айтты. Оның алты дана калампыр әкелгенін көріп, былай деді: “Біздің ең төмен шәкіртіміз ең болмағанда «Аллаһ – бір. Тақ санға мән берген адамды жақсы көреді» деген хадис шәрифті біледі. Тақ санға мойынсұну (ұстану) мүстаһаб. Адамдар мүстаһабты не деп ойлайды? Мүстаһаб – Аллаһу та'аланың жақсы көрген нәрсесі. Егер бір адам дүние мен ахиретін Аллаһу та'аланың сүйген бір нәрсесі үшін беретін болса, тіпті бір нәрсе берген болып та саналмайды.” (Бәрәкат)

 

Жақсылар мен жамандар

Әр адамның жасаған жақсылықтары мен жамандықтарын жазып отыратын иығында “кирамән катибин” періштелері болады. Оң жақтағы періште сол жақтағыға әмір (басшы) саналады және жақсы істер мен ғибадаттарды жазады. Сол жақтағы періште жасалған жаман әрекеттерді жазады. Жақсы адамдардың амал дәптерлері оң жағынан, жаман адамдардың амал дәптері сол жағынан беріледі.

Адамдардың көпшілігі оң қолдарын өте жақсы қолданады. Қоғамда бірен-саран ғана сол қолын қолданатын, сол қолымен жазатын адамдар кездеседі. Оларға солақай делінеді.

Адамдардың ісі алға басқан кезде “ісі оңға басты” делінеді. Солға басты делінбейді. Басшының сенімді көмекшісіне оң қолы делінеді, сол қолы делінбейді. Игі дұғасын, ақ тілегін алды деген мағынада "оң батасын алды" делінеді. Есейді, жақсы мен жаманды ажырата білді деген мағынада "оңымен солын айырды (таныды)", "оң қол, сол қолын таныды" делінеді. Жетістікке, бір жақсылыққа қауышқан адамға "оң жағыңмен (аяғыңмен) тұрған екенсің" деп айтылады. Шын пейілмен, ықыласпен қарады деген мағынада "оң көзімен қарады" делінеді. Жылы шырай танытты деген мағынада "оң қабағын берді" деп айтылады. Жазылыпты деген мағынада “оңалыпты” деп айтылады. Қол алысқанда оң қолмен амандасады.

Айта берсе мысалдар көп. Қысқасы, оң – жақсылықтың нышаны, сол – жамандықтың нышаны ретінде айтылады. Дұрыстарға, жақсыларға – оңшыл. Бұрыстарға, жамандарға – солшыл делінеді.

Мақал-мәтелдерде былай делінеді:

Оң сөз өзен тоқтатар.

Сол көзіңе оң көзің қарауыл болсын.

Оң қолыңның бергенін сол қолың көрмесін.

Қорадан шошынған мал оңбас, Жаудан шошынған ер оңбас.

 

Оң жақтың қадірі

Сұрақ: Оң жақ сол жаққа қарағанда неліктен маңызды?

Жауап: Исламда оң жақтың маңызы өте жоғары. Бірнеше мысал келтірейік:

1) Хазреті Имам Науауи былай деген: «Мүбәрәк, қасиетті және таза нәрселерді жасағанда оң жақтан бастау мүстаһаб болып табылады. Киім, аяқ киім киерде, (жатарда, тұрарда), шашты тықырлап алғанда және тарағанда, сақал алғанда, мисуак қолданғанда, тырнақ алғанда, қолды, аяқты жуғанда, мешітке кірерде, мұсылманның үйіне, бөлмесіне кірерде, әжетханадан шығарда, садақа берерде, тамақ жегенде, су ішкенде оңнан бастау керек. Бұлардың терісін жасағанда мысалы: киім, аяқкиім шешерде, мешіттен және мұсылманның үйінен шығарда, әжетханаға кірерде, сіңбіргенде, іш дәрет алғанда солдан бастайды» (Хадиқа).

2) Әрбір адамның оң иығында сауабын, сол иығында күнәсын жазатын періштелер болады.

3) Намазда алдымен оң жаққа, кейін сол жаққа сәлем беріледі.

4) Қағбаны тауаф еткенде оңнан солға қарай айналады.

5) Жақсылардың амал дәптері оң жағынан, жамандардың амал дәптері сол және арт жағынан беріледі.

6) Құран кәрімде амал дәптері оң жағынан берілгендер мақталып, сол жағынан берілгендер жамандалуда:

«Амал дәптері оңынан берілгендер, қандай бақытты ол оңшылдар! Жамандық жасағандарын белгілеу үшін амал дәптерлері сол жағынан берілгендер, қандай обал солшылдарға!» (Уақийа 8,9)

Оң – рух, сол – материя. Атаулары әр түрлі болса да коммунизм, фашизм және капитализм сияқты измдердің барлығы солшылдардың жүйесі. Сол сөзі жоқтық деген сөз. Олар үшін өлім – бітті, аяқталды дегенді білдіреді. Оң болса мәңгілік, шексіздік деген сөз. Өлім – бітті, аяқталды дегенді емес, шынайы өмірдің басталуы дегенді білдіреді. Саясат нарығында әркімнің оң және сол ұғымында өзінше пікірлері болса да, ғылыми тұрғыдан оң сөзі өзгеше.

 

Сол қолмен ішіп-жеу

Сұрақ: Сол қолмен ішіп-жеу және жұмыс істеу харам ба?

Жауап: Жоқ, харам емес. Оң қолымыз бос болмаса, сол қолмен ішіп-жеудің ешқандай зияны жоқ. Әдейі, үзірсіз (себепсіз) сол қолмен жеу сүннетке қайшы болады. Оған танзиһән мәкрух та делінген. Өйткені сол қолмен ішіп-жеу «Оң қолмен ішіп-жеңдер. Өйткені шайтан сол қолмен ішіп-жейді» деген мағынадағы хадис шәрифке қайшы болады.

Ұмытып немесе бір үзірмен (себеппен) желінсе ешқандай зияны жоқ. Пикникте, дастарханнан алыс жерде, оң қолы бос болмаса сол қолымен де ішіп-жеуге болады. Өйткені пайғамбарымыздың нанды оң қолына алып, ал қарбызды сол қолымен жегені көрінген. (Ширъа)

Егер оң қолы бос болмаса, мысалы оң қолында нан болса, қауынды, жүзімді немесе басқа түрлі азықты сол қолымен жеуі жаиз болады.

Солақай адамдарың оң қолмен жасалуы керек болған істерді сол қолымен жасаулары күнә емес. Мысалы сол қолмен құрбан шала алады, жазу жаза алады және басқа да істерді жасай алады.

 

Сол қолмен тәсбих тарту

Сұрақ: Оң қолмен жұмыс істеп отырғанда, мысалы компьютердің тышқанын ұстап отығанда сол қолмен тәсбих тартуға бола ма?

Жауап: Болады. Аллаһу та’ала оң мен сол қолды пайдалану үшін жаратқан. Пайғамбарымыздың алейһиссалам жақсы нәрселерді оң жақтан бастауы, киім кию, ішіп-жеу сияқты әдеттеріне “сүннет зәуаид” делінеді. Бұларды ұмытудың немесе басқа бір қажеттілікпен тәрк етудің ешқандай зияны жоқ. Қажеттіліксіз тәрк ету де күнә болмайды, бірақ сүннетке мойынсұнбаған, сауабынан махрұм қалған болады.

Егер сол қолмен жұмыс істеу, ішіп-жеу мәкрух болғанда пайғамбарымыз алейһиссалам сол қолмен қарбыз жемейтін еді. Демек бір қажеттілік туындағанда сол қолмен тәсбих тартудың зияны жоқ.