29 – Адамдарды қиыншылыққа, бәлеге түсіру, бүлік шығару, төңкеріске себепші болу, фитна шығару болады. Хадис шәрифте «Фитна, ұйқыда. Оны оятқанға Аллаһ лағнет етсін!» делінді. Адамдарды, үкіметке қарсы, заңдарға қарсы бүлікке ынталандыру, фитна болады. Фитна шығару харам. Адам өлтіруден де үлкен күнә. Залым болған үкіметке қарсы бүлік шығару да харам. Мазлұмдар бүлік шығарса, бұларға жәрдем беру де харам. Бүлік шығарудың күнәсы, зұлымның зиянынан және күнәсынан да көп.
Имамның, сүннет болған мөлшерден көп оқып намазды ұзатуы да, фитна шығару болады. Уағызшылардың, дін адамдарының жамағат түсінбейтін нәрселерді айтуы және жазуы да фитна болады. Барлығының түсіне алатынындай айтуы керек. Мұсылмандарға жасай алмайтын ғибадаттарды әмір етпеуі керек. Зайыф қаулы болса да, жасай алатындарын айту керек. Әмри маруф (уағыз) айтқанда да фитна шығармауға көп көңіл бөлу керек. Әмри маруф айтқанда өзін қауіпке соғу, әмір етілмеді. Дінге және басқаларға зиян келтіріп, дүние фитнасына да себеп болмау керек. Өзіне дүнияуи зияны тиетін әмри маруф жасау жаиз болады, жиһад болады. Сабыр ете алмаса, мұны да жасамау керек. Фитна заманында үйінен шықпау керек, ешкіммен кездеспеу керек. Фитнаға тап болғанда сабыр ету керек.
Имам Раббани “рахимә-һуллаһу та’ала” екінші том, алпыс сегізінші хатында былай деген: «Сүйікті ұлым! Қайта-қайта жазып жатырмын, қазір, күнәларымызға тәубе ететін, Аллаһу та’аладан кешірім тілейтін замандамыз. Фитналардың көбейген осы заманда, үйден шықпау, ешкіммен кездеспеу керек. Фитналар жақын арада, жаңбыр сияқты жауып, барлық жерге жайылады. Хадис шәрифте: «Қиямет қайым болмастан бұрын барлық жерді фитналар қаптайды. Фитналардың зұлымдығы айналаны қараңғы түндей етеді. Сол заманда үйінен мұсылман болып шыққан адам кешке кәпір болып оралады. Кешке мұсылман болып үйіне келген адам азанда кәпір болып шығады. Ол заманда отыру түрегеп тұрудан да қайырлы. Жүрген жүгіргеннен де жақсы болады. Ол уақытта оқтарыңды сындырыңдар! Садақтарыңды кесіңдер. Қылыштарыңды тасқа ұрыңдар. Ол уақытта үйлеріңе біреу келсе, Адам нәбидің екі ұлынан жақсысы сияқты болсын!» Сахабалар “радиаллаһу та’ала анһум әжмаин” мұны естігенде, ол уақытта болатын мұсылмандарға не істеуді әмір етесіз деді. Жауабында «Үйлеріңнің заты болыңдар!» Бір риуаятта: «Ондай фитна уақытында, үйлеріңнен сыртқа шықпаңдар!» делінген. [Бұл хадис шәриф Әбу Даудта және Тирмизиде бар.] Осы күндері, Дарул-харб (мұсылман емес мемлекеттің) кәпірлерінің Негрекут қаласында, мұсылмандарға ислам мемлекеттерінде жасаған зұлымдықтарын, қорлықтарын естіген шығарсың. Мұсылмандарға жан-түршігерлік әрекеттер жасады. Осындай озбыр істер ақырзаманда көп болады. Алпыс сегізінші хаттан аударма бітті.
«Тәзкирә-и Қуртуби» мұхтасарында былай делінеді: Хадис шәрифте: «Фитна шығармаңдар! Сөзбен шығарылған фитна, қылышпен шығарылған фитна сияқты. Залымдарға, күнәһарларға елді өсектеп шағыстырудан, өтірікпен жаладан пайда болған фитна, қылышпен жасалған фитнадан да зиянды» делінді. Малын, жанын құтқару қиыншылығына түскен адамның да, бүлік шығармауы, үкіметке заңдарға қарсы келмеуі қажеттігін ғалымдардың барлығы дерлік ауызбірлігімен білдірген. Себебі, залым болған үкіметке қарсы сабыр етуді хадис шәрифте әмір етуде. Расулуллаһ “салаллаһу алейһи уәсәлләм” «Аллаһуммә инни әсәлукә филәл хайрат уә тәркәлмункәрат уә хуббәл-мәсакин уә иза әрадта фитнатан фи қауми фә-тәуәффәни ғайрә мәфтун» дұғасын оқығанын Имам Мұхаммед “раһимә-һуллаһу та’ала” айтады. Бұл дұғаның мағынасы: «Йа Раббым! Маған қайырлы істерді жасауды, жаман нәрселерді тәрк етуді және кедейлерді жақсы көруді нәсіп ет! Қауымымның арасында фитна шығаруды қалаған кезіңде, фитнаға араласпай тұрып жанымды ал!» Имам Қуртуби “раһимә-һуллаһу та’ала” былай дейді: Бұл хадис шәриф, фитнадан сақтану, оған араласпау керектігін, фитнаға араласқаннан гөрі, өлудің қайырлы екенін ашық көрсетуде.
«Мишқат»-тағы хадис шәрифтерде былай делінеді: «Фитна заманында мұсылмандарға және олардың басшыларына мойынсұныңдар. Хақ жолда болған адам жоқ болса, фитнашыларға, бүлікшілерге араласпаңдар! Өлгенге дейін, фитнаға қатыспаңдар!» «Фитна заманында, үкіметке бағыныңдар. Сендерге зұлымдық етсе, малдарыңды алса да, оған мойынсұныңдар!» «Фитна заманында, исламға жабысыңдар. Өздеріңді құтқарыңдар. Басқаларға ақыл үйретпеңдер! Үйлеріңнен сыртқа шықпаңдар. Тілдеріңе ие болыңдар!» «Фитна заманында, көп адам өлтіріледі. Олардың арасына араласпаған құтылады.» «Фитнашылармен араласпаған адам, бақытқа жетеді. Фитнаға тұтылып, сабыр еткен де, бақытқа жетеді.» «Аллаһу та’ала, қиямет күні бір құлынан: "күнә істеген адамды көргеніңде не үшін тосқауыл болмадың" деп сұрайды. Ол құл: "оның зиянынан, дұшпандық етуінен қорықтым және сенің мейіріміңмен кешіріміңе сендім" дейді.» Осы хадис шәриф, дұшпан күшті болған уақыттарда, әмри маруфты және нәхи мункарды тәрк ету жаиз болатынын көрсетеді.
«Ширатул-ислам» шархында былай делінеді: Фарызды орындауды, харамнан тыйылуды әмір ету, уағыздау фарыз кифая. Сүннеттің орындалуын әмір ету, мәкруһтан тоқтатып, қайтару, сүннет. Харам істеуде болған адам, қолмен тоқтатылмайды. Сөзбен тоқтатылады. Яғни, жаман екені, зияндылығы түсіндіріледі. Харам істеуге дайындалғанда, қолмен тоқтатылады. Сөзбен, қолмен қайтарғанда, фитна шығармау, зиян тигізбеу керек. Қайтарудың пайдалы болатынын алдын ала білу қажет. Болжамының басым болуы, пайдалы болатынына ойы, сенімі көп болуы білуге жатады делінген. Хубби филлаһ, Буғди филлаһ болмайынша, істелген ғибадаттардың пайдасы болмайды. Әмри маруф үзірсіз тәрк етілсе, дұғалар қабыл болмайды. Қайыр береке қалмайды. Жиһадта және мүшкіл істерде жеңіс нәсіп болмайды. Жасырын істелген күнә, оны істегенге зиян береді. Ашық істелсе, зияны барлығына тиеді. Бір адамның жамандауымен, біреуді жаман деп білмеу керек. Бір адамның өзгені жамандауы ғайбат болады. Оны тыңдау да харам болады. Бір адамның пасық екендігі, екі әділ куәгердің, оның бір күнә істегенін көргендерін білдіруімен немесе өз тәжірибесімен түсініледі. Күнә істеліп жатқанын көріп, шамасы, күш қуаты жете тұрып тоқтатпау «мудахане» болады. Мудахане еткендердің, қабірден маймыл және доңыз келбетінде тұратындары, хадис шәрифте айтылған. Әмри маруф айтқанда, достары жақсы көрмейді. Мудахане еткенді жақсы көреді. Залым болған үкімет адамдарына сөзбен әмри маруф жасау, жиһадтың ең қадірлісі. Насихат етуге шамасы жетпесе, көңілімен (жүрегімен) қайтару, ұнатпау жиһад болады. Мемлекет адамдары қолмен (күшпен), ғалымдар сөзбен, басқа мұсылмандар көңілмен (жүрекпен) әмри маруф жасайды. Әмри маруфты Аллаһ разылығы үшін жасау және айтқандарының кітаптан дәлелдерін білу және фитнаға себеп болмау керек. Сөзінің пайдасы болмайтынын және фитнаға себеп болатынын білген адамның әмри маруф жасауы уәжіп болмайды. Тіпті, кейде харам болады. Осындай уақытта фитнаға себеп болмау үшін, үйінен шықпау керек. [Яғни фитнашылардың арасына араласпау керек]. Фитна шықса немесе үкімет зұлымдық жасап, бүлік шығып жатса, ол қаладан, аймақтан хижрет ету (көшу) қажет болады. Хижрет ету мүмкін кезде, үкіметтің қорқытуы, зорлауы, күнә істеу үшін үзір болмайды. Хижрет ету мүмкін болмаса, бір шетте қалу керек, ешкімге араласпау керек. Сөзінің пайдасы болмайтынын және фитна шығатынын білсе, әмри маруф жасау уәжіп болмайды, мүстаһаб болады. Сөзінің пайдалы болатынын, бірақ фитнаға себеп болатынын білгенде де уәжіп болмайды. Фитна, соққы сияқты кішкентай болса, мүстаһаб болады. Фитна үлкен және қауіпті болса, әмри маруф жасауы, харам болады. Әмри маруфты жұмсақ, жылы сөзбен айту уәжіп. Қатаңдық фитнаға себеп болады. Мұсылманға және зимми кәпірге қарай қару бағыттамау керек, бұларға да зұлым, жәбір көрсетпеу керек. «Шира»-дан аударма бітті.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024