28 – Ислами ілімдерді және ислам ғалымдарын “рахимә-һумуллаһу та’ала” мазақ ету күпір болады. Ислам ғалымын келемеждеген, жамандаған адам кәпір болады, мүртәд болады. Алайда адасқан секталарды таратуға тырысып жүрген ғалымсымақтарды пасықтықтары және бидғаттары себебімен жақсы көрмеу қажет. Ғалымдарды дүниелік істерінің себебімен жақсы көрмеу де күнә болады. Салихтерді де жақсы көрмеу осылай. Хадис шәрифте: «Үш нәрсе иманның ләззатын күшейтеді: Аллаһу та’аланы және пайғамбарын барлық нәрседен қатты жақсы көру, өзін жақсы көрмеген мұсылманды Аллаһу та’аланың разылығы үшін жақсы көру, Аллаһу та’аланың дұшпандарын жаман көру» және «Ғибадаттардың ең құндысы, Хубби филлаһ және Буғди филлаһ» делінді. Ғибадаты көп болған мүмінді, аз болғанынан көбірек жақсы көру керек. Мойынсұнбаушылықтары көп болғандарды, күпірді және арсыздықты жайған кәпірлерді көп жақсы көрмеу керек. Аллаһ үшін дұшпандық етуіміз қажет болғандардың басында, адамның өз нәпісі келеді. Жақсы көру дегеніміз, солардың жолында болу деген сөз. Иманның белгісі де, «Хубби филлаһ пен Буғди филлаһ». Бір хадисте: «Аллаһу та’аланың кейбір құлдары бар. Бұлар, пайғамбар емес. Пайғамбарлар мен шәһидтер, қиямет күні бұларға қызыға қарайды. Олар, бір-бірлерін танымаған, ұзақ жерлерде өмір сүрген, Аллаһ үшін бір-бірлерін жақсы көрген мүминдер» делінді.
Бір хадисте: «Адам, дүниеде кімді жақсы көрсе, ахиретте соның қасында болады» делінді. Оның жолында болмаса, жақсы көргені шын, яғни сахих емес. Адам, дініне және аманатына сенген салих адамдармен дос болуы керек. Яһудилер және насранилер (христиандар), пайғамбарларын “алейһимуссалауату уәттәслимат” жақсы көргендерін айтады. Бірақ, олардың жолында болмағандары үшін, раввиндардың, поптардың ойдан шығарған қате жолында болғандары үшін, ахиретте өз пайғамбарларының жанында болмайды. Тіпті, жаһаннамға кетеді. «Дийа-ул Қулуб» кітабында, яһудилер мен христиандар туралы көп нәрсе айтылған. Жоғары рухтар, жақсы көрген рухтарын жоғары тартады. Ал төмен рухтар төменге тартады. Адам өлгеннен кейін, рухының қайда кететінін, дүниеде жақсы көргендерінің халінен түсінуі керек. Адам адамды мінез-құлқы үшін немесе ақылдылығы үшін немесе өзіне жасаған жақсылығы үшін немесе Аллаһу та’аланың разылығы үшін жақсы көреді. Дүниеде жақсы көрген адамдардың рухтары бір-біріне жақын болғаны сияқты, қияметте де бір-біріне жақын болады. Әнәс бин Малик “радиаллаһу анһ” былай дейді: «Мұсылмандарды жоғарыдағы хадис шәриф қуантқанындай еш нәрсе қуантпаған.» Кәпірлерді жақсы көрген адам олармен бірге жаһаннамға кетеді. Сүйгеніне мойынсұнбау, адамның қолында емес. Жақсы көрудің ең күшті белгісі, сүйгенінің сүйгендерін сүю, сүймегендерін сүймеу.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024