Барлық күнәлардың кешірілуі

Сұрақ: Кейбір хадис шәрифтерде «Пәлен нәрсені істеген адамның бүкіл күнәлары кешіріледі» делінген. Оларға үлкен күнәлар да жатады ма? Мысалы, құмар, ішімдік, пайыз, зина, адам өлтіру, қарақшылық, намаз оқымау, ораза тұтпау сияқты үлкен күнәлар да кешіріле ме?

Жауап: Фиқһ ілімі хадис шәрифтерден үйренілмейді. Хадис шәрифтердің түсініктемесі болған, нақылды негізге алған ілімхал, фиқһ кітаптарынан үйреніледі. Мысалы, хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дәрет алған адамның барлық күнәлары кешіріледі». (Мүслим).

«Әр күні үш рет Адам алейһиссаламға салауат айтқан адамның яғни «Салауатуллаһи алә Адәмә» деген адамның барлық күнәлары кешіріледі». (Дәйләми).

«Қажылыққа бара жатқанда немесе келе жатқанда қайтыс болған адамның барлық күнәлары кешіріледі». (Исфахани).

«Әр намаздан кейін 3 рет «Әстағфируллаһ-әл азыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәл хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ» дұғасын оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі». (Ибн Сунни).

«Жұма күні таң намазынан алдын «Әстағфируллаһ-әл азыйм әлләзи лә илаһә иллә һуәл хаййәл қаййумә уә әтубу иләйһ» дұғасын оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі». (Ибн Сунни).

«Әр намаздан кейін 33 тәсбих (Субханаллаһ), 33 тахмид (Әлхамдулилләһ), 33 тәкбір (Аллаһу әкбар) және бір тәһлил: «Лә илаһә иллаллаһ уахдәһу лә шәрикә-ләһ ләһул-мулку уә ләһүл хамду уә һуә ала кулли шәйин қадир» оқыған адамның теңіз көбігіндей күнәсы болса да кешіріледі». (Мүслим).

«Ишрақ уақытында екі рәкат намаз оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі». (И.Ахмед).

«Екі мұсылман сәлемдесіп мусафаха етсе (қол алысса) және маған салауат шәриф оқыса, анадан жаңа туылғандай барлық күнәлары кешіріледі». (Р. Насихин).

Бұл хадис шәрифтер шартсыз айтылғандықтан, кейбір шарттары бар деген сөз. Барлық күнәлардың кешірілуі үшін төмендегідей шарттар бар:

1) Мұсылман болуы және ақидасының (сенімінің) дұрыс болуы шарт. Әһли сүннет сенімінде болмаған адамның, бидғатшының ешбір ғибадаты қабыл болмайды.

2) Парыздарды орындап, харамдардан сақтануы шарт. Мысалы, намаз оқымайтын немесе зина жасайтын адам мың мұсылманмен амандасса да күнәлары кешірілмейді.

3) Күнәларға тәубе етуі және құл (кісі) ақыларын өтеуі де шарт.

4) Бұл істерді ғибадат ретінде жасауға ниет етуі де шарт.

5) Сонымен қатар барлық күнәлар делінген кезде көбінесе үлкен күнәлар емес, кіші күнәлар түсініледі. Яғни жоғарыда білдірілгендер кіші күнәлар. Бұған қарамастан бәрін орындай алмасақ та, орындай алатынымызды да қолдан жіберіп алмау керек. Айрықша тәубе еткен кезде үлкен күнәлар да кешіріледі.