27 – Харам істейтін адамға «пасық» (күнәһар, жаман адам) делінеді. Пасықтықтың ең жаманы, зұлымдық жасау. Себебі, зұлымдық жұрттың көзінше ашық жасалуда және бұған құл ақысы да араласуда. Али Имран сүресінің 57-ші және 140-шы аяттарында «Аллаһу та’ала залымдарды жақсы көрмейді» делінген. Хадис шәрифте «Залымға ұзақ өмір тілеп дұға ету, оның Аллаһу та’алаға қарсы шығуын қалау болып табылады» делінді. Суфйан Сәуриге “рахимә һуллаһу та’ала” «Шөлде бір залым шөлдеп өлейін деп жатқан болса, оған су беруге бола ма?» делінгенде, "жоқ, беруге болмайды",- деді. Залым, тұрған үйін өзгелерден тартып алған болса, ол үйге кіру харам болады. Пасық адамның алдында оған қарапайымдылық еткен кісінің дінінің үште екісі кетеді. Залымға қарапайымдылық еткеннің халі қандай болатынын осыдан да түсіну керек. Залымның қолын сүю, алдында иілу, күнә. Әділге болса жаиз. Әбу Убайда бин Жәррах, хазреті Омардың қолын сүйген “радиаллаһу анһума”. Табысының көбісі харамнан болған адамның үйіне бару, оған қонақ болу жаиз емес. Оны сөзбен немесе басқа да бір әрекетпен мақтау харам. Тек, өзін немесе өзгені оның зұлымдығынан құтқару мақсатымен залымның жанына, үйіне бару жаиз болады. Қасына барған кезде өтірік сөйлемеу және оны мақтап, мадақтамау керек. Егер құлақ салады-ау деген үміт болса, насихат айтылады. Залым саған келген кезде оны орнынан тұрып қарсы алу жаиз болады. Діннің ұлылығын және залымның жаман екенін байқату үшін тұрмау жақсы болады. Мүмкіншілік болса, насихат етіледі. Залымның қасынан әрқашан да ұзақ тұрған жақсы. Хадис шәрифте: «Мұнафықпен сөйлескенде мырзам, демеңдер!» делінген. Залымға, кәпірге құрмет ету, сыйлап сәлем беру, ұстазым деу, күпір болады.
Аллаһу та’алаға мойынсұнбағанға «пасық» (жаман адам) делінеді. Басқалардың мойынсұнбауына, пасықтықтың жайылуына себепші болғанға «фажир» делінеді. Харам істеп жүргені елге мәлім болған пасықты жақсы көрмеу керек. Бидғатты, яғни қате сенімдерді халық арасына жаюға тырысатындармен дінді үйренуге кедергі болатындарды жақсы көру, күнә болады. Хадис шәрифте: «Пасықтың пасықтығына тосқауыл болуға шамасы жете тұра, ешкім тосқауыл болмаса, тоқтатпаса, Аллаһу та’ала бұлардың барлығын, дүниеде және ахиретте азаптайды» делінді. Омар бин Абдулазиз “рахимәһуллаһу та’ала” былай дейді: «Аллаһу та’ала бір адам күнә істегені үшін, басқаларын азаптамаса да, ашық күнә істегендерді көргендер оны тоқтатпаса, барлығын азаптайды». Аллаһу та’ала, Юша пайғамбарға “алейһиссалату уәсәлләм”: «Қауымыңнан қырық мың салих адамды және алпыс мың пасық адамды азаптаймын!» деп уахи етті. «Йа Раббым! Пасықтарды азаптауыңды түсінемін. Салихтерді азаптауыңның себебі не?» дегенде. «Менің ашуланғандарыма, олар ашуланбады. Олармен араласып, бірге ішіп-жеді» деп бұйырды. Малына, жанына, балаларына және мұсылмандарға зиян келетін, яғни фитнаға себеп болатын уақытта, бидғатшыларға және залымдарға әмри маруф айту қажет болмайды. Ашық күнә істейтін пасықтарды тек жүрекпен жаман көру жеткілікті. Жылы және жұмсақ сөздермен насихат ету қажет болады.
Бір адам, әрі ғибадат жасап, әрі пасықтық жасаса, ол кісіге көбірек істеген ісінің есімі беріледі. Екеуі бірдей болса, ғибадаты жағынан жақсы көріледі. Пасықтығы жағынан жақсы көрілмейді. Басқалардың да пасықтық жасауына себеп болған адам, үкімет қызметкерлері тарапынан тоқтатылады.
[Аллаһу та’аланың сүйікті құлы болу мақсатында исламға сай өмір сүретін және бір мүршидті жақсы көретін кісіге «Салих» (жақсы адам) делінеді. Осындай сүйікті құлы бола алған адамға «әулие» делінеді. Басқалардың да осыған жетуі үшін еңбектенген әулиеге «мүршид» делінеді. «Исламның негізгі тірегі үшеу: ілім, амал, ықылас.» Ислам ілімдері екіге бөлінеді. Діни білімдер, жаратылыстану (дүниелік) білімдері. Дін бұзушы реформисттер дін білімдеріне «схоластикалық білімдер», жаратылыстану білімдеріне «рационалды білімдер» дейді. Діни білімдер, ағаштан алмұрт түскені сияқты, адамның басына бір жерден келмейді. Шынайы мүршидтің сөздерінен, халдерінен, әрекеттерінен және әһли сүннет ғалымдарының «илмихал» кітаптарынан үйреніледі. Қиямет жақындағанда, ешбір жерде шынайы мүршид қалмайды, жаһил, өтірікші, пасық дін адамдары көбейеді. Олар Аллаһу та’аланың разылығы үшін емес, ақша, мансап және атақ үшін жұмыс істейді. Бұл дін ұрыларына алданбау, бақытқа жету үшін мәшһүр әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу керек. Заманымызда және әр уақытта күнәлардың ең зияндысы, діни білімдерді үйренуге тосқауыл болу. Зиянды ойындарға қарау, діни кітапты оқуға тосқауыл болады. Жастар дін кітабын оқымай діни сауатсызға айналуда. Дінсіз және имансыз болып өсуде. Мұсылман ата-аналар, балаларын осы пәлекеттен құтқаруы қажет. Сондықтан «Түркістан кітапүйінің» шығарған кітаптарын үйіне алып келіп, балаларына оқытуы қажет. Ата-аналар осы міндеттерін орындамаса, балалары кәпір болады, жаһаннамға түседі.]
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024