Тәсуиф

Тәсуиф – қайырлы іс жасауды кейінге қалдыру деген сөз. Ғибадаттарды, қайырлы істерді жасауда асығу «Мусара’ат» болады. Хадис шәрифте: «Өлуден бұрын тәубе етіңдер. Қайырлы істерді жасауға кедергі шығудан бұрын асығыңдар. Аллаһу та’аланы көп еске алыңдар. Зекет пен садақа беруге асығыңдар. Осылайша Раббыларыңның ризықтарына және жәрдеміне қол жеткізіңдер!» және «Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсенің қадірін біліңдер! Өлімнен бұрын өмірдің қадірін, аурудан бұрын денсаулықтың қадірін, дүниеде ахирет үшін еңбектенудің қадірін, қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін» делінген. Зекетін бермеген және мүлкін ахирет жолында жұмсамаған адам, кедей болған кезде қатты өкінеді. Хадис шәрифте: «Тәсуиф еткен (кешіктірген) адам құриды» делінген.

[Имам Раббани “рахметуллаһи алейһ” дәретханаға кіргеннен біраз уақыттан кейін есікті ұрып қызметшісін шақырады. Қызметші дәрет суын немесе орамалын дайындамағандығын ойлап, жүгіріп келеді. Есіктің арасынан көйлегін ұзатып, «Мынаны ал, пәлен кедейге сыйлық ретінде бер» деген кезде, «ұстаз, бұны дәретханадан шыққаннан кейін берсеңіз болмас па еді? Неліктен өзіңізге қиындық тудырдыңыз?» - дейді. Көйлегімді сол кедейге сыйлау дәретханада ойыма келді. Сыртқа шыққанға дейін кейінге қалдырғанымда, шайтан уәсуәса (жаман ой) беріп, осы қайырлы істі орындаудан мені қайтаруынан қорқтым,- деді.]