Сұрақ: Адамның ең үлкен дұшпаны кім?
Жауап: Мұсылманның ең үлкен үш дұшпаны бар: шайтан, нәпіс және жаман дос. Жаман дос шайтан мен нәпістен де зиянды. Хадис шәрифте былай делінген:
«Адамның діні досының діні сияқты. Кіммен достық құрғандарыңа мән беріңдер!» (Хаким)
Шайтан мен нәпсіміз жаман дос арқылы бізді пәлекетке итермелейді. Жаман достан жыланнан, арыстаннан қашқандай қашу керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Көздері менде болған, әрқашан мені аңдып жүретін, жақсылығымды жасыратын, жамандығымды асыратын, айналаға жайып жүретін жаман достан саған сиынамын, Йа Раббым!» (И.Нәжжар)
«Жаман дос теміршінің көрігі сияқты. Үрлеген кезінде оттың ұшқындары сені жақпаса да иісі сені мазасыздандырады.» (Бұхари)
Бақытсыздықтардың, пәлекеттердің басы жаман дос. Дінді, иманды, ғибадатты, халал-харамды ұмыттыратын, мінез-құлықты бұзатын - жаман дос. «Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтамын», «Жаманмен дос болсаң көңілің азар», «Қазанға жақындасаң күйесі жұғады» деген даналық сөздер де жаманмен дос болған адам, соның жамандығынан үлес алатынын көрсетуде.
Жақсы дос деген кім? Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Ең жақсы дос – Аллаһу та’аланы еске алған кезіңде көмектесетін, ұмытқан кезіңде есіңе түсіретін адам.» (Хаким)
«Ең жақсы дос – сөздері ілімдеріңді арттыратын, амалы ахиретті еске түсіретін адам.» (Хаким)
«Жақсы дос иіссу сататын адам сияқты. Саған иіссу сеппесе де, қасыңда болған кезде әдемі иістерінен пайдаланасың.» (Мүслим)
Адамның діні досының дініндей делінген. Иманын күшейткісі келгендер, иманы күштілермен бірге болуы керек. Жақсы ғибадат жасағысы келгендер, ғибадатын жақсы, ықыласпен жасап жүргендермен бірге болуы керек. Сонда өзі де солар секілді болып, соларға ұқсай бастайды. Дүние және ахирет бақыты үшін жақсылармен бірге болу керек.
Жақсы достар іздеу керек. Тапқан кезде оларға қызмет етуді үлкен ниғмет деп білу керек. Ілімінен, жақсы мінезінен пайдаланылатын салих (жақсы) досқа лайықты құрмет көрсету керек. Оның жаны мен мал-мүлкін, өз жаның мен мал-мүлкіңнен үстем көру керек. Кемшіліктерін іздемеу керек. Кемшілігі болса да көрмеу керек және ешкімге айтпау керек. Тіпті оның кемшіліктерін ойламау керек, дереу ұмыту керек. Сөзіне қарсы келмеу, ешқашан онымен салғыласпау керек. Сыртынан ғайбат еткендер болса, оларға дұрыс түрде кедергі болу керек. Өкпелететін немесе оны ренжітетін сөз айтпау керек!
Суизан (жаман күмәнда, ойда) болмау керек. Орынсыз іс-әрекеттерін көргенде абыржудан немесе ұмытшақтықтан деп жорамалдау керек. Яғни үзірлі себеппен кінәсіз екендігін қабылдау керек. Өйткені жақсы мінезді адам адамдарға кешіріммен қарайды, олардың кемшіліктерін жарияламайды.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024