Зәм сүре оқуға қатысты сұрақтар

Рукуда еске түсу

Сұрақ: Намазда зәм сүрені оқымағандығы рукуде есіне түскен адам не істейді?

Жауап: Рукудан көтеріліп зәм сүресін оқиды. Кейін қайтадан рукуға иіледі. Бұл жағдайға сәһу сәждесі қажет емес деген ғалымдар болуымен қатар, қажет деген ғалымдар да бар.

Үтір намазында уәжіб болған «Құныт» дұғасы ұмытылса, рукуға барғанда есіне түссе, онда кері қайтып «Құныт» дұғасы оқылмайды. Уәжіб тәрк етілгені үшін сәһу сәждесін жасау керек. Ал кері қайтып Құныт дұғасын оқитын болса, онда рукуға бармастан сәждеге баруы қажет. Рукуды қайтадан жасаса, әдейі екі руку жасағаны үшін намаз бұзылады. Өйткені руку қырааттың артынша жасалынады. Құнытты оқымаса да сәһу сәждесі керек, кері қайтып оқыса да сәһу сәждесі керек. Дұрысы рукуда «Құныт» дұғасын оқымағандығы есіне түскен адам кері қайтпайды. Сәһу сәждесін жасап намазын бітіреді. (Раддул Мухтар)

Құныт дұғасын оқуды рукуда есіне түсірген адам Құнытты рукуде оқымайды, қиямға тұрып та оқымайды. "Татарханийа" кітабында да осылай жазылған. Бұл адам егер рукудан қиямға қайтып Құнытты оқыса, бұл жағдайда рукуды жаңаламаса намазы бұзылмайды. Қайтадан руку жасаса намазы бұзылады. "Бахрур-раиқ" кітабында да осылай жазылған, бірақ бұл адам Құнытты ұмытқандығын рукудан тұрғаннан кейін есіне түсірсе, Құнытты оқу үшін қайтпайды. "Мудмәрат" кітабында да осылай делінген. (Ф. Хиндийа)

 

Зәм сүресінің ең қысқа мөлшері

Сұрақ: Зәм сүре ретінде үш аяттан аз болмау керек делінеді. Екі аят болған «Әмәнәррасулу» немесе бір аят болған «Аят әл-Курси» оқу жаиз емес пе?

Жауап: Жаиз. Зәм сүре деп Фатихадан кейін оқылатын ең аз дегенде үш аятқа немесе үш аяттың ұзындығындай келетін бір аятқа айтылады. Үш аяттың мөлшері ең аз дегенде 30 әріп болуы керек. (Рәддул Мухтар)

Екі аят болған «Әмәнәррасулу» немесе бір аят болған «Аят әл-Курси» де үш қысқа аяттан ұзын болғаны үшін зәм сүре ретінде оқылады. Тіпті «Аят әл-Курси» бір аят болса да, жартысын бірінші рәкатта, қалған жартысын екінші рәкатта оқуға болады.

 

Тек қана Бисмилләһ оқу

Сұрақ: Намазда зәм сүре ретінде тек қана Бисмилләһ оқуға бола ма?

Жауап: Тек қана Бисмилләһ оқу мәкрух болады. (Фәтәуәи Хиндийа)

 

Шамасы жеткенге дейін

Сұрақ: Ақыл-есі кеміс кісі дұғаларды дұрыстап айта алмайды, намазды осындай кемшілікпен оқыса бола ма?

Жауап: Оқи алғаны бойынша оқиды. Әркімнен шамасы жеткенінен артығы талап етілмейді.

 

Алдыңғы сүрені оқу

Сұрақ: Екінші рәкатта, бірінші рәкатта оқылған сүреден алдыңғы сүрені оқу немесе бірінші рәкатта оқылғаннан ұзынырақ бір сүре оқу мәкрух па?

Жауап: Иә, мәкрух. Парыз бен нәпілдердің барлығында екінші рәкатта, бірінші рәкаттан ұзынырақ сүре оқу мәкрух. Әдейі оқылмаған болса, мәкрух болмайды. Егер оқи бастаса тоқтамайды, жалғастырады. (Халеби)

Нәпіл намаздарда мәкрух болмайтындығын білдірген ғалымдар да бар.

 

Бірдей сүре оқу

Сұрақ: Бір намаздың әр рәкатында бірдей зәм сүре оқу, яғни зәм сүре ретінде барлық рәкаттарда бір сүрені оқи беру мәкрух бола ма?

Жауап: Нәпілдерде мәкрух болмайды. Парыз немесе қаза оқыған кезде мәкрух болады.

 

Нәпіл оқыған кезде

Сұрақ: Төрт рәкаттық нәпіл намазда ретімен Маун, Кәусәр, Кәфирун және Наср сүрелерін оқу мәкрух бола ма?

Жауап: Нәпіл намаздарда үшінші рәкатта одан алдыңғы рәкаттан ұзынырақ оқу мәкрух болмайды, өйткені үшінші рәкатпен басқа жеке бөлім басталған болады. (Халеби)

 

Нәпіл оқыған кезде көп оқу

Сұрақ: Нәпіл намаз оқыған адам зәм сүрені бір рәкатта екі рет немесе одан да көп оқыса, немесе екі рәкатта да бірдей сүрені оқыса мәкрух бола ма?

Жауап: Нәпіл намаздарда мәкрух болмайды, бірақ парыз бен қаза намаздарында мәкрух болады. (Халеби, Хиндийа)

 

Сүннеттегі зәм сүре

Сұрақ: Сүннеттерде және басқа да нәпіл намаздарда  зәм сүре ретінде бірдей сүрелерді оқуға бола ма?

Жауап: Болады. Сүйікті пайғамбарымыз таң намазының сүннеті мен ақшамның сүннетінде Кәфирун мен Ихласты, бесін намазының алғашқы төрт рәкат сүннетінде төрт «Құл» сүрелерін, бесіннің соңғы сүннеті мен құптанның соңғы сүннетінде Фәлақ пен Насты оқыған. (Тәрғиб ус-Салат)

Төрт «Құл» – Кәфирун, Ихлас, Фәлақ және Нас сүрелері.

 

Сүре оқу

Сұрақ: Намазда зәм сүре ретінде бірнеше ұзын аят оқу, қысқа бір сүре оқудан абзал ма? Мысалы, Әмәнәррасулуді оқу Кәусәр сүресін оқудан абзал ма?

Жауап: Жоқ. Қысқа немесе ұзын сүре оқу – ұзын болса да бір немесе бірнеше аят оқудан сауаптырақ. Бір сүре оқу бірнеше сүре оқудан абзалырақ. Бір қысқа сүредей үш аят оқудың да ұзын бір аят оқудан сауабы көбірек.

 

Зәм сүренің реті

Сұрақ: Намазда зәм сүрелер қандай ретпен, тәртіппен оқылады?

Жауап: Мусхафтағы (Құран кәрімдегі) ретімен оқылады. Теріс оқу тахримән, алдыңғы рәкатта оқылған сүрені оқу тәнзиһән мәкрух. Сондай-ақ, алдыңғы рәкатта оқығанымыздан үш немесе одан да көп аяттан болған сүрені оқу мәкрух. Үшінші ереже –бір сүре аттап оқу мәкрух (Мәслен Кәфируннан кейін Тәббатты оқу мәкрух). Осы үш ережеге сай оқылатын болса мәселе жоқ. Ұмытып немесе шатасып бұлай оқыған кезде мәкрух болмайды және басқа келесі намазды оқыған кезде, алдыңғы намаздағы ретті сақтау керек емес.

 

Сұрақ: Парыз намазда Фатихадан кейін зәм сүре оқуды ұмытқан адамға сәһу сәждесін жасау керек пе?

Жауап: Бірінші және екінші рәкаттарда оқуды ұмытса, үшінші және төртінші рәкаттарда оқуы және сәһу сәждесін жасауы керек.

 

Оқып жатқанда шатасу

Сұрақ: Намазда шатасып Ихлас сүресінің соңғы аяты оқылмаса немесе Фәлақ сүресінің соңғы екі аяты оқылмаса немесе Тин сүресінің алғашқы аяты оқылғаннан кейін шатасып соңғы үш аяты оқылса, Бәйинә сүресінің бір аяты оқылғаннан кейін шатасып басқа оқылмаса, Қадр сүресінің алғашқы екі аяты оқылғаннан кейін шатасып еш оқылмаса намаз бұзылған болады ма?

Жауап: Ешбірі намазды бұзбайды, сәһу сәждесі де керек емес.

Өлшем мынадай: Үш аят мөлшері оқылған болса намаз толық болады. Немесе үш қысқа аят мөлшеріндей бір ұзын аят оқылған болса, қажетті зәм сүре оқылған болады.

Сұрақ: Муәууизәтәйн деп «Фәләқ» пен «Нас» сүрелерін айта ма? Төрт «Құл» деген «Кәфирун», «Ихлас», «Фәләқ» және «Нас» сүрелері ме?

Жауап: Иә.

 

Бір сүре оқу

Сұрақ: Таң намазында ұзын сүре оқу үшін бірінші рәкатта «Фил» сүресінен бастап үш немесе бес сүре оқыған жақсы ма, әлде бір сүре оқу ма?

Жауап: Бір сүре оқу жақсырақ.

 

Тәббәт сүресі

Сұрақ: «Тәббәт» сүресінде бәддұға болғаны үшін зәм сүре ретінде оқылмайды. Бәддұғамен Аллаһтың алдына шығуға болмайды» деп айту қате емес пе? Зәм сүре ретінде кез келген аят оқылады емес пе?

Жауап: Кез келген аяти карима зәм сүре ретінде оқылады. Құран кәрімде беддұға болған, лағнет айтылған көптеген аяти карима бар. Барлығы да намазда оқылады. Бірнешесі мынадай:

«Аллаһтың лағнеті Оған қарсы шыққандарға болсын.» (Бақара, 89)

«Біз кітапта ашық жариялағаннан кейін түсірген анық дәлелдерді және хидаятты жасырғандарға Аллаһ та, бүкіл лағнет етушілер де лағнет етеді.» (Бақара, 159)

«Аяттарымызды қабылдамай кәпір болып өлгендер бар, міне Аллаһтың, періштелердің, адамдардың бәрінің лағнеті соларда.» (Бақара, 161)

«Аллаһ екі жүзді еркек пен әйелдерге және қарсы шыққандарға мәңгі қалатын тозақ отын дайындаған. Аллаһ лағнет етсін! Оларға тұрақты азап бар.» (Тәубе, 68)

«Аллаһ пен Расулын ренжіткендерге Аллаһ, дүниеде және ахиретте лағнет еткен.» (Ахзаб, 57)

 

Бір намазда бірдей сүре оқу

Сұрақ: Намазда Құран оқу намаз сыртында Құран оқудан сауаптырақ болғаны үшін, ақшам мен таң намаздарынан кейін оқылуы сүннет болған Хашр сүресінің соңын жалғыз оқығанда таң мен ақшам намазында оқу дұрыс бола ма?

Жауап: Иә, дұрыс, бірақ әр уақытта оқымау керек.

Имамның бірдей намаздарда, бірдей рәкаттарында, бірдей аяттарды оқуды әдет қылуы мәкрух. Жалғыз оқитындар үшін де, барлық намаз үшін осылай делінді. Анда-санда басқа аят та оқу керек. Намазда қысқа бір сүре, мысалы Фил немесе Кәусәр сүресін оқудың, ұзын бір аят оқудан сауабы көбірек. (Ибн Абидин)

 

Бірдей сүрені оқу

Сұрақ: С.Әбәдийа кітабында, «Имамның бір сүрені бірдей рәкаттарда, бірдей аяттарды оқуды әдет етуі мәкрух. Жалғыз оқитындар үшін де барлық намаз үшін осылай делінді. Аңда-саңда басқа аят оқу керек» делінген. Бұл парыз үшін ба? Сүннет пен нәпілдерде бірдей сүрелерді оқу жаиз ба? Мен тек Кәусар, Ихлас және Фәлақ сүрелерін білемін. Уітірде де осы үш сүрені оқысам зияны болмай ма?

Жауап: С.Әбәдийа кітабында білдірілген қағида парыз намаздар үшін. Әр намазда бірдей аяттарды оқудың мәкрух болуы имамдар үшін. «Жалғыз оқитындар үшін де осылай делінді» делінген. Делінді деген кезде мұның заиф (әлсіз) қаулы екендігі түсініледі. Яғни жалғыз оқыған адам парыз намаздарда да бірдей сүрелерді оқи алса да, әртүрлі сүрелерді білетін болса аңда-саңда оларды да оқығаны жақсы болады. Нәпіл үшін мұндай қағида жоқ. Сүннеттер де нәпіл. Тіпті уітір уәжіб те сүре оқу тұрғысынан нәпілге бағынышты. Яғни бір адам уітірде тек Кәусәр, Ихлас және Фәлақ сүрелерін оқыса мәкрух болмайды. Үш сүре білгеніңізге қарағанда парыз намаздарда кейде Кәусәр мен Ихлас сүрелерін, кейде Кәусәр мен Фәлақ сүрелерін оқығаныңыз жақсы болады. Осылайша бірдей сүрелер оқымаған боласыз.

Сүннеттерде бірдей сүре оқудың зияны жоқ. Пайғамбарымыз таң намазының сүннеті мен ақшамның сүннетінде Кәфирун мен Ихласты, бесін намазының алғашқы төрт рәкат сүннетінде төрт «Құл» сүрелерін (Кәфирун, Ихлас, Фәлақ, Нас), бесіннің соңғы сүннеті мен құптанның соңғы сүннетінде Фәлақ пен Нас сүрелерін оқыған. (Тәрғиб ус-салат)

 

Ширктен сақтану

Сұрақ: Ислам Ахлақы кітабында, «Кәфирун сүресін азанда-кешке оқыған адам өзін ширктен қорғаған болады» делінген. Бұл сүрені намазда зәм сүре ретінде оқысақ, ширктен қорғанған боламыз ба?

Жауап: Иә, намазда оқудың сауабы көбірек болады. Таң және ақшам намаздарының сүннеттерін оқыған кезде, әр уақыт оқу одан да жақсы.

Сүннеттерде әр уақытта бірдей сүре оқудың зияны жоқ. Пайғамбарымыз таң намазының сүннеті мен ақшамның сүннетінде Кәфирун мен Ихласты, бесін намазының алғашқы төрт рәкат сүннетінде төрт «Құл» сүрелерін (Кәфирун, Ихлас, Фәлақ, Нас), бесіннің соңғы сүннеті мен құптанның соңғы сүннетінде Фәлақ пен Нас сүрелерін оқыған. Бұл сүрелерді осы сүннеттерде оқыған адам тіс және шаншу ауруларын көрмейді. (Тәрғиб ус-салат)

 

Аяттың жартысын оқу

Сұрақ: Аят әл-Курси ұзын аят. Зәм сүре ретінде жартысын оқудың зияны бар ма? Осы сияқты Әнбия сүресінің 87-ші аятында өтетін «Лә иләһә иллә әнтә субханәкә инни кунту минәззалимин» бөлімін немесе Нәмл сүресінің 30-шы аятында өтетін «Иннәһу мин Суләймана уә иннәһу Бисмилләһир рахманир рахим» бөлімін, яғни ұзын аяттың бір бөлімін зәм сүре ретінде оқу жаиз ба?

Жауап: Иә, жаиз.