Ораза тұту пайдалы

     Аллаһу та’ала адамдарға зиянды нәрсені әмір етпейді. Мұны медицина мамандары растауда:

    Ораза тұтқан адамдарда адреналин және кортизон гармондары қанға бұрынғыдан да оңай араласады. Бұл гармондар рак клеткаларына әсерін тигізеді. Осылай рак клеткаларына қарсы қалқан болады, яғни рак клеткаларының көбеюінің алдын алады.

    Ораза тұтқанда дене құрылысы ретке келеді, ішкі мүшелердегі майлар еріп, дененің сергектігі артады, иммунитеті нығаяды, асқазан, бүйрек, қантты диабет, жүрек және бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеті артады.

    Түрлі міндеттері бар бауырдың ас қорыту міндеті де бар. Ораза кезінде 3-5 сағат демалады, азық жинау жұмысын бір мезгіл тоқтады. Бұл арада қорғану жүйесін күшейтетін глобин белоктарын дайындайды. Асқазандағы бұлшық еттер және секрет бөлетін клеткалар, ораза кезінде бірнеше сағатқа демалады. Қанның көлемі де азайатыны үшін қан қысымы азайып жүрек тынығады. Әсіресе қан қысымы жоғары болған адамдар үшін ораза дәрі секілді пайдалы келеді.

 

Тамыр бітелуі (Атеросклероз)

     Азық қалдықтары жақсы қорытылмағанда тамырларды тоздырады. Қорытылмаған майлар тамырларды тарылтады, тамыр бітелуі деп аталатын ауруға себеп болады. Ораза тұтқанда кешке дейін денеде азық қалмайды. Яғни бүкіл азықтар қорытылып болады. Бұл тұрғыдан да әсіресе «тамыр бітелуі» бар адамдарға басқа айларда да ораза тұтуы кеңес беріледі. Ораза кезінде дененің басқа мүшелері де демалады. Аз тамақтану және ораза тұту деннің саулығы үшін өте маңызды. Зекет – мал мүлктің кірі. Зекет берген адам мал-мүлкін кірден қорғағанындай, ораза тұтқан адам да денесінің зекетін өтеген болады, денесін аурулардан қорғаған болады.

    Ораза тұтуда сабыр да бар. Хадис шәрифте «Ораза – сабырдың жартысына тең» деп бұйырылды. (Ибни Маже)   

     Оразаның сауабы басқа ғибадаттарға қарағанда өте көп. Хадис құдсиде былай бұйырады:

     «Әрбір жақсылыққа 10 еседен 700 есеге дейін сауаб беріледі. Бірақ ораза маған тән ғибадат, оның сыйапатын мен беремін» (Бұхари)

     Барлық жақсылықтың сауабын Аллаһу та’ала бергенімен, оразаның сауабы үшін бөлек түрде «мен беремін» деп бұйыруының хикметі неде?

    Жер жүзінің бәрі Аллаһу та’аланың мүлкі болғанымен Қағбаға «Бәйтуллаһ» яғни «Аллаһтың үйі» деп атауы оған ерекше мәртебе бергені үшін. «Ораза маған тән» деуімен де оразаға ерекше мәртебе берген.

     Ораза тұтқан адамға берілетін сауабты салыстырып өлшейтін өлшемі жоқ. Ораза тұтқан адамның жағдайына қарай көп сауаб беріледі.

     Басқалар ораза тұтпағанда ораза ұстау өте сауапты. Хадис шәрифте бұйырады:

     «Ораза тұтқан адамның жанында ораза тұтпағандар тамақтанғанда періштелер аузы берік адамға дұға етеді.» (Тирмизи)

     Сабыр етіп нәпіл ораза ұстай алмағандар, шүкір етуі керек, қонақтарға (жолаушыларға), кедейлерге ас беруі керек.

 

Шүкір етушілер аз

     Хадис шәрифте былай бұйырады:

     «Шүкір етіп ас беру, сабыр етіп ораза тұтуға ұқсайды.» (Тирмизи)

     Шүкір еткендерге көп сыйапат беріледі. Бірақ құндылықтар аз болғаны секілді шүкір етушілер де аз болады. Құран кәрімде былай бұйырады:

     «Шүкір етушілер аз» (Сәбә 13)

     Осы секілді аздардың қатарында болуға тырысу керек. Шүкір ету – исламға мойынсұну деген сөз. Имам Раббани хазреттері былай деген:

     «Рамазан айында нәпіл ғибадаттарға берілетін сауаб, басқа айларда жасалған парыздар секілді. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалған 70 парыз секілді. Бұл айға құрметсіздік етіп, бұл айда күнә істеген адамның бүкіл бір жылы күнә істеумен өтеді»

     Қасиетті жерлерде жасалған ғибадатқа басқа жердегіден де көп сауаб беріледі. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

     «Меккеде бір рамазан оразасын тұту, басқа жерде тұтылған мың рамазан оразасынан да абзал болады.» (Бәззар)

     Жұма күні жасалған ғибадаттарға да қаншама еселенген сауаб жазылады. Жұма күні жасалған күнәлар да 2 еселеніп жазылады.