Жасанды ұрықтандыру

Сұрақ: Жасанды ұрықтандыру жолымен бала көтеру жаиз ба?

Жауап: Бала көтере алмаған ерлі-зайыптылардың “Сілсіләи алийа” деп аталатын Ислам ғұламаларының құрметіне деп дұға етулері және белгілі себептерге жабысуы керек. Материялар (ұрықтар) некелі ерлі-зайыптылардан алынған болып, харам істелмей жасалатын болса, жасанды ұрықтандыру жаиз болады. (И. Ахлақы)

Бұл істі еркек дәрігерге жасату жаиз болмайды, өйткені бала туу зарурәт емес, әрі әйел дәрігер табу мүмкіндігі де бар.

 

Сұрақ: Суррогатты ана болу, яғни басқа біреудің эмбрионын (ұрығын) көтеру жаиз бола ма?

Жауап: Жоқ, жаиз емес. Тек некедегі күйеуінен ғана көтеруі жаиз.