Орындықта намаз (бейнелі түсініктеме)

Сұрақ: Тізесін бүге алмайтын науқас, жерде де отыра алмайтын болса, орындықта, диванда немесе төсек орында қалай намаз оқиды?

Жауап: Тізесін бүге алмайтын науқас, намазын жерге отырып немесе төсек орнында, аяқтарын қыблаға қарата созып имамен оқиды. Руку үшін басын кішкене иеді, сәжде үшін одан да төменірек иеді. Креслоға, орындыққа отыратын болса аяқтарын тағы бір орындыққа немесе, креслоға қояды. Бұларды істей алмайтын ауру жатып имамен (ишарамен) оқиды.

Мүгедек арбасында отыратын салдың аяқтарын алдындағы орындыққа қоятын адам болмаса, аяғын салбыратып отырып оқи алады. Аяқтарын алдындағы орындыққа қоя алатын адамның аяғын салбыратып отыруы жаиз емес. Тізесін бүге алатын ауру аяқтарын қыблаға қарата созбайды. Қалай ыңғайлы болса солай отырады. Мысалы намазда отырғандай отырады, бұлай отыра алмаса малдас құрып отырады.

Жерге, орындыққа немесе диванға отырып қалай намаз оқылатыны төмендегі суреттерде көрсетілген.

 

Жерде отыра алатын, бірақ тізесін бүге алмайтын ауру былай намаз оқиды:

 

 

 

 

Жерге отыратын болса қайтып тұра алмайтын, тізесін бүге алмайтын ауру намазын орындықта төменде көрсетілгендей етіп отырып оқиды:

 

 

 

Жерге отыратын болса қайтып тұра алмайтын, тізесін бүге алмайтын ауру намазын креслода төменде көрсетілгендей етіп отырып оқиды:

 

 

 

Жерге отыратын болса қайтып тұра алмайтын, тізесін бүге алмайтын ауру намазын төсек орнында немесе диванда төменде көрсетілгендей етіп отырып оқиды:

 

 

 


Сұрақ: Кейбір мешіттерде орындықтар қойылған. Орындықта отырып намаз оқитындар: «Дінде ауыртпалық жоқ, жеңілдік бар. Сондықтан орындықта отырып намаз оқып жүрміз» дейді. Осы істегендері дұрыс па?

Жауап: Дұрыс емес. Дінде ауыртпалық жоқ деген «Сендерге ауыр келген ғибадаттарды орындамаңдар немесе ғибадаттарды қалаған түрде орындаңдар» деген сөз емес. Дініміздің рұқсат берген жеңілдіктерінен пайдалануға болады. Үйінен шығып мешітке дейін келе алған адам жерге де отыра алады. Сәжде жасай алмайтын болса, аяқтарын қыблаға қарата созып, има-ишарамен оқиды. Немесе орындыққа отырып, алдына тағы бір орындық қойып аяқтарын соның үстіне шығарып қояды.

 

Сұрақ: Ауру адамның орындықта отырып намаз оқуы неге жаиз емес?

Жауап: Дін кітаптарында былай делінеді:

Тік тұра алмайтын немесе тұрса зиян көретін, басы айналатын адам парыздарды да отырып оқиды. Руку үшін иіледі. Сәжде үшін басын жерге қояды. Дуалға, таяққа, адамға сүйеніп аздап тұра алатын адамның тұрып тәкбір алып, аздаған уақыт тұрып оқуы парыз болып табылады. Сәжде үшін жерге иіле алмайтын науқас 25 см-ден биік болмайтындай қатты бір нәрсенің үстіне сәжде етеді. Маңдайында жарасы бар адам тек мұрнын тигізіп, мұрнында жарасы бар адам тек маңдайын тигізіп сәжде жасайды. Маңдайында да мұрнында да үзірі болып, басын жерге немесе қатты нәрсенің үстіне қоя алмайтын адам, түрегеп тұра алатын болса да намазын жерге отырып имамен (ишарамен) оқиды. Яғни руку үшін кішкене иіледі, сәжде үшін рукудан төменірек иіледі. Сәжде үшін өзі немесе қасындағы біреу жерден бірнәрсені көтеріп, басын соған қоюы тахриман мәкрух болады.

Расулуллаһ алейһиссалам бір аурудың көңілін сұрап барады. Ол аурудың қолымен жастықты көтеріп, соған сәжде етіп жатқанын көрген кезде жастығын алып қойды. Ауру ағашты алып соның үстіне сәжде ете бастағанда, ағашты да алып қойды. Кейін: «Күшің жетсе жерге сәжде ет! Жерге иіле алмасаң, бір нәрсені көтеріп оған сәжде етпе! Има-ишарамен оқып, сәждеде рукудан төменірек иіл!» деп бұйырды. (Фатхул қадир, Мәрақил фәлах, Мәжмаул әнхур)

Денесіндегі бір үзір себебімен дұрыс отыра алмайтын адам, өзіне ыңғайланып отырады. Отыра алу үшін аяқтарын қыблаға қарата соза алады. Бір жанын жастыққа немесе басқа бір нәрсеге сүйеп отырса болады. Немесе құлап қалмауы үшін біреу ұстап тұрады. Биік нәрсенің үстінде (аяғын салбыратып) отырып ишарамен оқу жаиз емес.

(Орындықта (аяқты төмен салбыратып) отырып оқылған намаз қабыл болмайды. Өйткені орындықта отыру үшін ешқандай зарурат (қажеттілік) жоқ. Орындықта отыра алған адам жерде де отыра алады және жерде отыра алатын адамның жерде отырып оқуы керек. Намаздан кейін жерден тұра алмайтын, орындықтан оңай тұра алатын науқасты жерден қасындағы біреу тұрғызып жібереді. Немесе қыблаға қаратылған керуетте, аяқтарын салбыратпай отырып оқиды. Намаздан кейін аяғын бір жағына қарай түсіріп, орындықтан тұрғандай тұрып кетеді.)

Бір нәрсеге сүйеніп немесе біреудің ұстап тұруымен де жерде отыра алмайтын ауру, арқасымен (шалқасынан) жатып оқиды. Аяқтарын қыблаға қаратып созады. Басына жастық қояды. Жүзі қыблаға қарайды немесе қыблаға сол жағымен немесе оң жағымен жатады. Руку мен сәжделерді басымен има (ишара) етіп жасайды. Бұлай да има ете алмайтын ақыл-есі дұрыс науқас бір күннен көп намазын оқи алмаса, ешқайсысының қазасын өтемейді. Сәмәуи себеппен, яғни өз қолында болмай, өз еркінен тыс, мысалы, ауру-сырқатпен немесе есеңгіреп немесе сәжде және рәкат сандарын ұмытып қалатындай мең-зең болып, бес уақыттан көп намазын оқи алмаған адамның да жағдайы осылай болады, қазасын оқымайды. Алкоголдік ішімдіктер ішіп немесе дәрі қабылдап есеңгіреп оқи алмаған адамның намаздарының саны бірнеше күндік болса да, барлығын қаза етуі керек.

Аурудың төсекте немесе орындықта аяқтарын салбыратып отырып имамен (ишарамен) намаз оқуы жаиз емес. Ауру жерде немесе қыбла бағытына қаратып қойылған диванда қыблаға қарап отырып оқиды. Жерге отырғанда қайтып тұра алмайтын болса, орындық, кресло немесе төсек орнында отырып, аяқтарын кішірек үстелдің үстіне қойып, имамен оқиды. Сал болып, орындығынан түсіп міне алмайтын адам да мүмкіндік болса аяқтарын кішкене үстелдің үстіне қояды немесе қойдырады. Бұған да мүмкіндік болмаса, зарурат болғандықтан өз орындығында отырып оқуы жаиз болады.

 

Сұрақ: Аяқтарын бүге алмайтын аурулар орындықта отырып намаз оқи алмайды. Бұл ауру отырып-тұра алмайтын болса немесе сал болса не болады? Өзінің мүгедектерге арналған арбасында (коляскасында) отырып оқи алмай ма?

Жауап: Аяғын бүге алмайтын ауру төсегінде жатып, аяқтарын қыблаға қарата созып имамен оқи алады. Диванда, керуетте немесе төсек орнында отырып оқиды. Креслода отыратын болса аяқтарын кішкене табуреткаға қойып немесе басқа бір креслоға қойып оқи алады. Бұларды істей алмаған ауру жатып оқиды.

Мүгедектерге арналған арбасында отырған сал адамның қасында көмекшісі жоқ болса, аяқтарын кішкене үстелге қоя алмайтындықтан, аяқтарын салбыратып отырып оқуы жаиз болады.