Уаххабилердің бұзық сенімдері

Төмендегі жазбаларда алдымен уаххабилердің бұзық сенімдері келтірілген кейін оларға жауап берілген.

 

1-   Аллаһ махлұқтарына ұқсамайды

Уаххабилер Аллаһты адамға ұқсатып ”Аллаһ күрсидің үстінде отыр ” дейді. (Фәтһ-ул-Мәжид, Абдуррахман бин Мухаммед бин Абдулуаххаб 256 бет. Даруссәләм баспаүйі, ар-Рияд)

Уаххаби Ибн Баз былай дейді:

"Аллаһтың мүшесін және денесін жоққа шығару қателік болып табылады." (Тәнбихат фиррәдди ала мән тәәууәләс-сифат Ибн Баз 19 бет, Муфтилік басқармасы, Рияд)

"Аллаһ өзінің бейнесіне ұқсайтын адамды жаратты." (Адамның Рахман бейнесінде жаратылуына қатысты ақида. (Ибн Баз бұл кітапты мақтаған) Махмуд әл-Тууәйжири 76 бет, Дар әл-Лиуа, Рияд)

ЖАУАП: Аллаһу та’ала Аршта да, күрсиде де отырмайды. Өйткені отыру – адамдарға тән сипат. Әстағфируллаһ Аллаһу та’ала дене де емес, дене мүшеге де тәуелді емес. Ол өзі жаратқан махлұқтарына ұқсамайды. “Шура” сүресінің 11-ші аятында: «Оның ортағы және ұқсасы жоқ» делінген. “Қолы бар, аяғы бар, отырады, тұрады” деген секілді әр түрлі ұқсатулар бұл аяти кәримаға қайшы болып табылады.

 

2-   Аллаһ мекенге мұқтаж емес

"Аллаһ затымен Арштың үстінде." (Хаж  журналы, 49 жыл, 11-ші бөлім, 73-74 бет, х1425 жыл, Мекке)

ЖАУАП: Бұл да «Оның ортағы және ұқсасы жоқ» деген аяти кәримаға қайшы. Арш кейіннен жаратылған. Аллаһу та’ала мекенге мұқтаж емес. Бір хадис шәрифте былай делінген: «Аллаһ әзелде бар кезінде Одан басқа еш нәрсе жоқ еді.» (Бұхари)

 

3-   Истиуа

"Истиуа сөзін "жаулап алу, үкіміне алу" деген мағынада түсіндірген адам кәпір болады." (Халақатун Мәмнуа, Хусам әл-Аққад, 26 бет, Даруссахаба Танта)

"Аллаһ Аршқа шығып отырды." (Назарат уә Тақибат ала мафи китап әл-сәләфийә, Салих әл-Фозан, 40 бет, Дар әл-Уатан, ар-Рияд, Сауд Арабиясы)

"Күрси – Аллаһтың аяқтарының басатын жері." (Тәфсир Аят-ул Курси, 19 бет Ибнул-Жәузи кітапханасы)

ЖАУАП: Бұл да «Оның ортағы және ұқсасы жоқ» деген аяти кәримаға қайшы. Басқа бір аяти кәримада былай делінген:

«Ол көктерді және жерді алты күнде жаратып, сосын Аршты истиуа етті. Қайда болсаңдар, Ол сендермен бірге.» (Хадид 4)

Уаххабилер аяттарды тәуил етуге (бір аяттағы сөзге оның тура мағынасынан өзге шариғатқа сай басқа мағына беру) қарсы шығуда, сөйте тұрып өздері бұл аяттың екінші бөлімін яғни «Қайда болсаңдар Ол сендермен бірге» деген бөлімін тәуил етуде. Яғни өздері Аллаһтың сипаттары тәуил етілмейді десе де «Қайда болсаңдар Ол сендермен бірге» деген бөлімді тәуил етіп өз сөздеріне өздері қайшы келуде. “сендермен бірге” деген сөзді іліми деп тәуил етіп, ал “истиуа” деген сөзді дінге сай тәуил етуді қабыл етпеуде.

Хазреті Имам Ғазали былай деген:

Адасқан жолдағылар Құран кәрімдегі “истиуа”, “уәжх”, “йәд” сияқты сөздерді тәуил етпей, тура мағынасын алғандары үшін адасып, бұзық сенімге ие болды. Аллаһтың Аршты истиуа етуі дегеніміз, Аршқа билеуші болуы, Аршты билігіне алуы деген сөз. Мәселен “Билеуші Иракты қан төкпей истиуа етті” дегеніміз “Иракты қан төкпей қолға түсірді” деген сөз. Йәдуллаһты да йәд=қол деген сөзді біз білетін қол деп ойламау керек. Мысалыға “Пәлен қала пәленше әміршінің қолында” дегенде, ол қала әміршінің алақанында емес, оның билігінің астында болғаны түсініледі. Истиуа, уәжһ сияқты сөздер де осылай тәуил етіледі. (Илжамул-ауам)

Истиуа=отыру деген сөз. Бірақ Аллаһу та'ала жаратқандарына ұқсап отыруға мұқтаж емес. «Төбемізде бастық отыр» деген сөз адамның желкесіне мініп отыр деген мағынаға келмейді әрине. Бұл бізді басқарып, қадағалап тұрған біреу бар дегенді білдіреді. Мазһабсыздар Құран кәрімдегі осындай «мәжаз» деп аталатын ауыспалы мағынада қолданылатын сөздерді тікелей аударуға тырысып күпірге түсуде.

 

4-   Аллаһты бір орыннан басқа орынға жылжып тұрудан ұзақ деп білу

"Аллаһ жоғарыдан төменге және төменнен жоғарыға қарай әрекет етеді." (Фәтауа-и әл-Ақидаһ, 742 бет)

ЖАУАП: Бұл да «Оның ұқсасы және ортағы жоқ» деген аяти кәримаға қайшы. Татарханийаатты фәтуа кітабында, Миләл уә Нихал кітабында және басқа да барлық әһли сүннет кітаптарында Мужәссима және Мушәббиха секталарына ұқсап “Аллаһу та’ала дене сияқты. Арштың үстінде отырады, түседі, жүреді, әрекет етеді.” деп сенген адамдардың кәпір болатындықтары жазылған.

 

5-   Аллаһтың кәламы

"Аллаһтың кәламы (сөзі) әріп және дыбыстан тұрады. Аллаһтың кәламы түр жағынан қадим (басы жоқ), тұлғасы жағынан хадис яғни кейннен жаратылған." (Фәтауәл Ақидаһ 72 бет, Назарат уә Тақибат ала мә фи китаб әс-Сәләфийа, 23 бет, Рияд)

ЖАУАП: Хазреті Мәулана Халид Бағдади былай дейді:

Аллаһу та’аланың кәлам сипаты әзәли (басы жоқ, шексіз). Мүлдем өзгермейді. Әріп және дыбыстан тұрмайды. Әмір беру, тыйым салу, хабар беру секілді және арапша, парсыша, яһудише, түрікше және суриянише дегендей ауысып, өзгеріп тұрмайды. Мұндай түрлерге енбейді де, жазылмайды да. Ақыл, құлақ және тіл секілді құралдарға, себептерге мұқтаж емес. Қай тілде сөйлегісі келсе, сөйлей алады. Осылайша араб тілінде сөйлейтін болса, оған Құран кәрім делінеді. (Итиқаднама)

 

6-   Бұрынғы ғұламаларды жамандау

"Менің шейхтарымның ешқайсысы “Лә илаһә иллаллаһ”тың мағынасын біле алмады." (Мұхаммед бин Абдулуаххабтың Рияд халқына жолдаған рисаласы, 2/137-138)

ЖАУАП: Уаххабилер кәпірлер үшін түскен аяттарды қате тәфсирлеп, өздерінен басқа барлық Мұсылмандарға мүшрик дейді. Өздерінен бұрын келген ислам ғұламаларын да надандықпен айыптайды. Бірқатар хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ахырзаманда кейбір адамдар сендердің және аталарыңның жолынан айырылып, сүннетімнен алыстайды. Ондайлардан алыс тұрыңдар!» (Мүслим)

«Кәпірлер өздері үшін түскен аяттарды Мұсылмандарға жабатын болады.» (Бұхари)

«Бұл үмметтің соңынан келген адамдар өздерінен бұрын келген ғалымдарды жамандаған, надандықпен айыптаған заманда ілімін жасырған адам Аллаһу та’аланың түсірген Құран кәрімін жасырған болады.» (Ибн Мажә)

 

7-   Мұсылманды кәпір деу

Уаххабилер мына кітаптарында Әһли сүннет жолындағы мұсылмандарды кәпір деп жазған. (Әссухубул Уабилә 39 бет, Ажаибул Асар 7/146)

ЖАУАП: Мұсылманды кәпір деу күпірлік болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«”Лә илаһә иллаллаһ” деген адамға істеген күнәсы үшін кәпір демеңдер! Бұған кәпір деген адамның өзі кәпір болады.» (Бұхари)

«Мүминге кәпір деген адамның өзі кәпір болады.» (Бұхари)

 

8-   Жаһаннам азабы шексіз

"Жаһаннам бір күні жоқ болады және кәпірлердің азаптары аяқталады." (Әл-қаулул-Мухтар Лифанаи ән-Нар, Оттың Фәнилігі үшін таңдаулы сөз,  Абдулкәрим Әлхамид, 7 бет, ар-Рияд, Саудия)

ЖАУАП: Уаххабилердің көсемдері Ибн Тәймийа да кәпірлердің жаһаннамда мәңгі қалуларын мойындамай қарсы шыққан болатын. Алайда тозақ оты мәңгі болады және кәпірлер ол жерде мәңгі қалады. Құран кәрімде былай делінген:

«Жаһаннамда түбегейлі қалады. Азаптары жеңілдетілмейді және кешіктірілмейді.» (Али Имран 88)

«Сол жерде тұрақты түрде қалады, азаптары жеңілдетілмейді және құтылатын үміттері де жоқ.» (Зухруф 75)

 

9-   Адам алейһиссалам – пайғамбар!

"Адам ата дегендерің нәби де емес, расул да емес." (Барлық пайғамбарларға иман келтіру, Абдуллаһ бин Йәзид, Әл-Мәктәб Әл-Ислами, Бәйрут)

ЖАУАП: Екі аяти кәримада былай делінген:

«Аллаһ бір-бірінен тараған ұрпақ ретінде Адамды, Нұхты, Ибраһим жанұясымен Имран жанұясын (пайғамбар) етіп таңдап, әлемдерге үстем етті.» (Әли Имран 33)

«Міне бұлар, Аллаһ өздерін ниғметке бөлеген пайғамбарлардан Адамның ұрпағынан, Нұхпен бірге (кемеде) тасығандарымыздан, Ибраһим және Исраилдың ұрпағынан дұрысқа қауыштырып, таңдаған кісілерімізден.» (Мәрйәм 58)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Пайғамбарлардың алғашқысы – Адам алейһиссалам.» (Табарани)

«Расулдардың алғашқысы – Адам алейһиссалам, соңғысы – Мұхаммед алейһиссалам. Исраил ұлдарынан нәбилердің алғашқысы – Мұса алейһиссалам және соңғысы – Иса алейһиссалам. Қаламмен жазған алғаш пайғамбар – Идрис алейһиссалам.» (Хаким, Тирмизи)

 Хазреті Имам ағзам да былай деген:

«Пайғамбарлардың алғашқысы – Адам алейһиссалам, соңғысы – Мұхаммед алейһиссалам.» (Фиқһ-и әкбәр)

 

10- Әбу Жәһл және Әбу Ләхәб

"Әбу Ләхәб пен Әбу Жәһл сияқты атақты Ислам дүшпандары да қазіргі “Лә илаһә иллаллаһ Мухаммәдун расулуллаһ” десе де әулиемен тәуәссул етуді (шапағатын, көмегін сұрауды) қоймаған мұсылмандардан әлдеқайда үстем, мууаһһид (Аллаһу та’аланың бірлігіне сенетін) және имандары да ихласты еді." (Тәуһидті қалай түсінеміз? Мұхаммед Башамил 16 бет, Рияд, Сауд Арабисы)

ЖАУАП: Бұл сөздерінен әулиеге деген дұшпандықтары қаншалықты дәрежеде екендіктері көрінеді. Астағфируллаһ, Әбу Жәһл мен Әбу Ләхәб екеуі де кәпір, мууаһһид те, мүмин де емес, жаһаннамдық адамдар. Бір аяти кәримада:

«Әбу Ләхәб алаулы оттың ішінде жанады» делінген. (Ләхәб 3)

Бәдір шайқасында Әбу Жәһлдің басы әкелінгенде Расулуллаһ алейһиссалам былай деді:

«Ей Аллаһтың дұшпаны, сені қор қылған Аллаһу та’алаға хамд (мақтаулар) болсын! Ол (Әбу Жәһл) – бұл үмбеттің перғауыны еді.» (И. Ахмед)

 

11- Әшарилер және Матуридилер

"Әшарилер және Матуридилер Әһли сүннет уәл жамағат ретінде аталуға лайықты емес." (Исламда Танымал Мужәддидтер. Ибн Тәймийа және Мұхаммед бин Абдулуаххаб 23 бет , Бас Муфтилік басқармасы, Рияд, Сауд Арабиясы)

"Жоғарыдағы ғалымдар Әшарилерді кәпір дейді." (Фәтһ-ул-Мәжид, Абдуррахман бин Мухаммед бин Абдулуаххаб. 353 бет, Даруссәлам баспаүйі, ар-Рияд)

ЖАУАП: Әшарилерді кәпір деп айту әһли сүннетті кәпір деп айтумен бірдей. Ислам ғұламаларынан Ташкупрузада былай деп жазған:

«Әһли сүннет уәл жамағаттың кәлам іліміндегі басшылары екі ғалым. Бірі – Ханафи, ал екіншісі Шафии. Ханафи болғаны – Имам Әбу Мансур Матуриди, ал Шафии болғаны - Әбул Хасан әл-Әшари.»

Зәбиди де былай деген:

«Әһли сүннет уәл жамағат дегенде Әшарилер мен Матуридилер түсініледі.»

 

12- Пайғамбарға салауат айту 

“Аллаһуммә салли ала Мухаммад тиббил-қулуби уә дәуаиһа уә афийатил әбдани уәшифаиһа уә нурил-абсари уә дийаиһа” сөзі ширк болып табылады." (Тәуһидке қалай хидаят болдым, Мұхаммед Жәмил Зәно, 83, 89 бет, Дарул-Фәтһ Ал-Шариқа)

ЖАУАП: Расулуллаһқа салауат айтуға ширк деулері де өте ұсқынсыз тірлік. “Ахзаб” сүресінің 56-шы аятында: «Аллаһу та’ала және періштелер Расулға салауат айтады. Ей, иман келтіргендер! Сендер де оған ықыласпен салауат айтыңдар» делінген. Аллаһу та’аланың салауат айтуы – рахмет (мейірім) етуі, періштелердікі – дұға етуі, ал мүміндердікі – Оның шапағатын сұрауы болып табылады.

Хадис шәрифтерде былай делінген.

«Маған бір салауат айтқан адамға Аллаһ және періштелері жетпіс салауат айтады.» (И. Ахмед)

«Шапағатыма ең лайықты болған адам – маған ең көп салауат айтқан адам.» (Тирмизи)

«Маған көп салауат айтқан адамның дерттері кетеді, күнәлары кешіреледі.» (Тирмизи)

 

13- Лә илаһә иллаллаһ деп айту

"“Лә илаһә иллаллаһ” деп зікір ету бидғат және ширк болады." (Тыйым салынған қалқандар, Хусам әл-Аққад, 25 бет, Дар әл-Сахаба, Танта)

ЖАУАП: Зікірге ширк деп айтқаннан да асқан адасушылық бола ма? Құран кәрімде былай делінген:

«Көңілдер тек Аллаһты зікір етумен ғана жай табады.» (Раб 28)

«Аллаһқа және ахирет күніне (сеніп) қауышуды үміт еткендер және Аллаһты көп зікір еткендер үшін Расулуллаһ әлбетте көркем өнеге.» (Ахзаб 21)

«Рахманды зікір етуден жүзін бұрған адамға қасынан мүлдем айрылмайтын шайтанды жібереміз.» (Зухруф 36)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Зікірдің абзалы – Лә иләһә иллаллаһ, дұғаның абзалы - Әлһамдулилләһ.» (Тирмизи)

«“Лә илаһә иллаллаһ”ты көп айтып, имандарыңды жаңалаңдар!» (Табарани)

«Күнде жүз рет “Лә илаһә иллаллаһ” деген адамның жүзі қияметте айдың 14-і сияқты жарқырап тұрады.» (Табарани)

 

14- Тасаууф (суфизм) дұшпандығы

"Яһудилерден бұрын тасаууфқа қарсы соғысу керек. Өйткені оларда мәжуси (отқа табынушылықтың) рухы бар." (Әл-Мәжмуа әл-Муфид мин ақидат әл-тәуһид, 102 бет, Мәктаб Дарул-фиқр, ар-Рияд)

ЖАУАП: Хадис шәрифте былай делінген: «Аллаһу та’аланың көңіліме толтырған файздардың, нұрлардың барлығын Әбу Бәкірдің көңіліне құйдым.» (Мәктубат Масумийа)

Хазреті Әбу Хурайра былай дейді: «Расулуллаһтан екі түрлі ілім үйрендім. Бұлардан бірін сендерге білдірдім. Екіншісін айтсам мені өлтіресіңдер.» (Бұхари)

Хазреті Имам Ағзам ижтиһадта ең биік дәрежеге жеткенімен хазреті Жафар Садыққа шәкірт болады. Кейін шәкірт болған екі жылын меңзеп былай дейді: “Өмірімнің соңғы екі жылы болмағанда Нуман құритын еді.”

Хазреті Омар “радиаллаһу анһ” қайтыс болғанда баласы хазреті Абдуллаһ «Ілімнің оннан тоғызы өлді» дейді. Естіген адамдардың бұған таң қалғанын көргенде «Фиқһ ілімдерін емес, Аллаһты тану ілімдерін айттым» деп бұйырды. (Бұхари)

Хазреті Мухаммед Масум Фаруқи де былай деген:

Тасаууф марифаттарының барлығы Расуллуллаһтан келуде. Бұлардың аттары кейіннен қойылған. Расуллуллаһтың пайғамбар екендігі білдірілместен бұрын, жүрегімен зікір ететіндігі сенімді кітаптарда да жазылған. (2/59)

 

15- Пайғамбарларды және әулиелерді арашы қылып дұға ету

"Пайғамбарлардың құрметі үшін деп дұға ету жаиз емес." (Әт-Тәуһид, 70 бет, ар-Рияд, Сауд Арабиясы)

"Мысырдың ең үлкен құдайы – Ахмед әл-Бәдәуи. Шамдықтар да Ибн Арабиге табынады. Хижаз және Йемен халқының арасында пұтқа және қабірлерге табыну күпірлігі тарап кеткен." (Фәтһ-ул Мәжид, 216-217 беттер)

ЖАУАП: Хазреті Ахмед Бәдәуи Расуллуллаһ алейһиссаламның ұрпағынан. Мұсылмандар зиярат етіп, файз алып жүрген оның қабірінде ислам дініне қайшы нәрселер жасалынбайды. (Мират-ул-Мәдинә, 1049 бет)

Хазреті Мухиддин Арабидің ұлылығын да, тек қана солар секілді ұлы ислам ғұламалары түсінген. Хазреті Имам Раббанидың “Мәктубат” кітабы осы ұлы әулие кісіе айтылған мақтау-мадақтармен толы. Хазреті Абдулғани Наблуси де “Хадиқа” кітабында бұл ғұлама жайлы мақтап жазған.

Қабір зияратында әулиемен тәуәссул ету (әулиенің құрметі үшін деп дұға ету) жаиз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Қабірдегілер болмағанда, жербетіндегілер құритын еді.» (Дәйләми)

Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Аллаһүммә инни әс-әлукә бихаққиссаилинә аләйкә» қазақшасы: “Йа Раббым, Сенен сұрағанда берген құлдарыңның құрметі үшін, Сенен сұраймын” деп дұға етіңдер!» деп бұйырған. (Ибн Мажә)

Тағы бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Адам адейһиссалам: “Йа Раббым, Мұхаммед алейһиссаламның құрметі үшін мені кешіре гөр” деп дұға етеді. Аллаһу та’ала одан: “Ей Адам, Оны әлі жаратпадым, Оны қайдан білесің?” деп сұрайды. Сонда Адам алейһиссалам “Йа Раббым, Мені жаратқан кезіңде басымды көтеріп, жоғарыға қарағанымда Арштың төменінде “Лә иләһә иллаллаһ Мухаммәдун расулуллаһ” деп жазылғанын көрдім. “Сен Өз есіміңнің қасына ең жақсы көретін құлыңның есімін жазарсың” деп ойлап, Оны жақсы көретініңді білдім. Аллаһу та’ала “Ей Адам, сен дұрыс айтасың. Жаратқан махлұқтарымның ішіндегі ең жақсы көретінім Ол. Соның құрметіне сені кешірдім. Ол болмағанда сені жаратпас едім” деп бұйырады.» (Бәйһақи)

 

16- Қасиетті күндермен түндер бидғат емес.

"Шабан айының 15-ін намазбен және оразамен өткізу харам." (Әт-Тәуһид, 101 бет, ар-Рияд)

"Пайғамбардың мәулідін тойлап яһудилере ұқсап қалмаңдар." (Әт-Тәуһид, 115-116 беттер, Әт-Тәхзиру мин әл-бид’а, 5 бет, ар-Рияд)

"Діни түндерді тойлау харам." (Әт-Тәһид, 120 бет, ар-Рияд)

ЖАУАП: Бұлар өздері уаххабиліктің құрылған күнін жыл сайын бір апта бойы тойлайды. Пайғамбарымыздың туған күнін тойлауды яһудилікке ұқсату барып тұрған азғындық. Пайғамбарымыз туған күнін өзі тойлаған. Хадис шәрифте «Мені мақтау ғибадат» деп бұйырған. Расулуллаһты мақтау бидғат емес, ғибадат. Мәуліт түнінде пайғамбарымыздың туған кезінде байқалған ғажайып құбылыстарды, муғжизаларды оқу, тыңдау өте үлкен сауап. Пайғамбарымыздың өзі де мәуліт түнінде бұларды айтатын. Сахабалар да бір жерге жиналып, оқитын және бір-бірлеріне айтып беретін. (С. Әбәдийа)

Расулуллаһ алейһиссалам дүйсенбі күні ораза тұтатын. Себебін сұрағандарға «Осы күні дүниеге келдім. Шүкір үшін ораза тұтудамын» деп айтатын. (Хақ сөздің дәлелдері)

Ислам ғұламалары мәуліт түніне қатты мән берген. Хазреті Мәулана «Мәуліт оқылған жерден бәлелер кетеді» деп айтқан. Тіпті Мәуліт түнін Қадір түнінен де құнды екендігін айтқан ғұламалар да бар. Әл-Муқни, әл-Мияр және Тәнуир-ул-қулуб кітаптарында мәуліт түнінің қадір түнінен де құнды екендігі білдірілген. (Әд-дурәр-ул-мәсун)

Басқа қасиетті күндермен түндер де хадис шәрифтермен білдірілген. Бірнеше мысал келтірейік:

«Адамдарға естіртіңдер! Бүгін бір нәрсе жеген адам кешке дейін ешнәрсе жемесін, ораза тұтқандай болып жүрсін! Ешнәрсе жемеген адам ораза тұтсын, өйткені бүгін ашура күні!» (Бұхари)

«Шабанның 15-ші түнін ғибадатпен, ал күнін оразамен өткізіңдер. Ол түні Аллаһу та’ала былай дейді: «Кешірілгісі келетін адам жоқ па, күнәларын кешірейін? Ризық сұрайтын адам жоқ па, ризық берейін? Дертке дауа іздеген адам жоқ па, денсаулық берейін? Кім не қаласа берейін». Бұл жағдай таң атқанға дейін жалғасады.» (Ибн Мажә)

«Мына бес түнде жасалған дұға қайтарылмайды: Рағаиб түні, Бәрат түні, Жұма түні, Рамазан айтының түні және Құрбан айт түні.» (И. Асакир)

 

17- Пайғамбарымыздың қабірін зиярат ету

"Пайғамбар қабірін зиярат етумен байланысты риуаят етілген хадистердің барлығы өтірік." (Әт-Тахқиқ уәл Изах ли-кәсир мин мәсаил әл-Хаж уәл-Умра уәз-Зиара, 89-бет, Сауд Арабиясы)

ЖАУАП: Уаххабилердің өтірікке шығаруға тырмысып жүрген хадис шәрифтерінің біршамасы мыналар:

«Қабірімді зиярат еткен адамға шапағатым уәжіп болды.» (Бәйһақи, Дара Құтни, Табарани)

«Қабірімді зиярат еткен адамға шапағатым халал болды.» (Бәззар)

«Қажылық етіп мені зиярат еткен адам, мені тірі кезімде зиярат еткендей болады.» (Табарани, Дара Құтни, Ибн Жәузи)

«Қажылық жасап мені зиярат етпеген адам мені ренжіткен болады.» (Дара Қутни, Имам Малик)

«Үзірсіз (себепсіз) мені зиярат етпеген адам маған жапа жеткізген болады.» (Ибн Нәжжар)

«Қабірімнің жанында мен үшін оқылған салауатты есітемін. Ұзақ жерлерде оқылғандар маған білдіріледі.» (Ибни Әби Шәйбә)

 

18- Расулуллаһтың қабірін зиярат етуге бару

"Өзі қажы болса да алыс жерден Мәдинаға тек пайғамбардың қабірін зиярат ету үшін келу харам болады." (Әт-Тахқиқ уәл Изах ли-кәсир мин мәсаил әл-Хаж уәл-Умра уәз-Зиара, 88, 89, 90 - беттер)

ЖАУАП: Екі хадис шәрифте былай делінеді:

«Тек мені зиярат ету үшін келген адам, қияметте шапағатыма лайықты болады.» (Мүслим, Табарани)

«Мен қайтыс болғаннан кейін мені зиярат еткен адам тірі кезімде зиярат еткендей болады.» (Бәйһақи)

 

19- Қабірдің үстіне құрма бұтағын қою

"Қабірге құрма бұтағын қою жаиз емес." (Фәтхул Бари-ге түсініктеме 1/320, Дарул Маарифа, Сауд Арабиясы)

ЖАУАП: Пайғамбарымыз екі қабірдің жанына келгенінде құрма бұтағын әкелінуін әмір етті. Құрма бұтағын екіге бөліп, жартысын бір қабірдің үстіне, жартысын екінші қабірдің үстіне қойып, «Осы бұтақтар солып қалғанға дейінгі уақыт аралығында қабірдегілердің азаптары жеңілдейді» деп бұйырды. (Ибн Мажә)

 

20- Әйелдердің қабір зияраты

"Тіпті пайғамбардың қабірі болса да, әйелдердің қабір зиярат етуі үлкен күнә." (Фәтауәл Мухимма, 149-150 бет, ар-Рияд)

ЖАУАП: Хайз халіндегі әйел де қабір зиярат ете алады. Хайз немесе жүніптің қабір зиярат етуінде ешқандай қауіп жоқ. (Хиндийа)

Имам Биргиуи былай деген: «Расулуллаһ қабір зиярат еткен әйелдерге кейіннен рұқсат берді» (Әтфал-ул-муслимин)

 

21- Еркектің сақалы

"Еркектің сақалын аз болса да қырқуы харам." (Әт-Тахқиқ уәл Изах ли-кәсир мин мәсаил әл-Хаж уәл-Умра уәз-Зиара, 16 бет)

ЖАУАП: Уаххабилердің өздері сүннет бойынша емес, иектеріне ғана сақал қояды.

Сақал әдетке байланысты сүннеттерден. Кәпірлерден де сақалы барлар бар еді. Бұхари, Мүслим, Нәсаи, Әбу Дауд, Тирмизидің риуаят еткен «Сүннет болған он нәрсенің бірі сақал қою» деген хадис шәриф сақалдың сүннет екендігін ашықша білдіруде. (Рәддул-мухтар) Ал сүннеттің тәрк етілуі харам болмайды.

 

22- Хайз кезіндегі әйелге талақ беру

"Әйеліне хайз (етеккір) кезінде айтылған талақ өтпейді (ажырасқан болып есептелмейді)" (Фәтауәл Мәр’а 137 бет, Рияд, Саудия)

ЖАУАП: Хайз кезінде талақ харам болып табылады, бірақ сахих (өтеді). (Рәддул мухтар)

 

23- Мешітке мұнара салу

"Мешіттерге мұнара соғу мүнкәр (дінге қайшы) іс." (Тәужиһат Исламийа, 123 бет, Діни істер басқармасының баспасы, Рияд, Саудия)

ЖАУАП: Пайғамбарымыз азанды биік жерге шығып оқылуын әмір еткен. Осы хадис шәрифке негізделіп мұнаралар салынған. (С. Әбәдийа)

Сахабалардан Мәсләмә бин Махләд Мысырда уали (әкім) кезінде хижри 58 жылы алғаш мұнараны салдырды. (Миратул харамәйн)

 

24- Өліге Құран оқу

"Қабір басында Құран оқу харам." (Тәужиһат Исламийа, 137 бет, Діни істер басқармасы баспасы, Рияд, Саудия Арабиясы)

ЖАУАП: Мазаратта жоғары дауыспен Құран кәрім оқу мәкрух болса да, өзіміз еститіндей дауыспен оқу сүннет.

Мазаратта Құран оқу сүннет. (Тахтауи)

Мазаратта Құран оқып, сауабын өлілерге бағыштау керек. (Хиндийа)

Бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Мазаратқа кірген адам Ясин сүресін оқыса, ол күні өлілердің азаптары жеңілдейді. Өлілердің санындай ол адамға сауап беріледі.» (Әтфалул муслимин)

 

25- Тұмар тағу

"Мойынға дұға немесе аят жазып тағу харам." (Фәтауәл Мухимма 110-111 беттер, ар-Рияд, Саудия Арабиясы)

ЖАУАП: Cахабалардан Абдуллаһ бин Омар радиаллаһу анһ «Қаһардан, жазадан және құлдарының жамандығынан, шайтандардың уәсуәсасынан және жанында болуынан Аллаһтың аяттарына сиынамын» деп жазып балиғатқа толмаған балаларының мойынына тағып қоятын еді. (Тирмизи)

Аяти кәрима және дұға жазулы тұмарды клеенка секілді су өткізбейтін нәрселерге ораған жағдайда жүніп адамның да алып жүруі және онымен әжетханаға да кіруі жаиз болады. (Халеби, Дурр-ул-мухтар)

 

26- Муташабих аяттардың тәуилі

"Муташабих (астарлы мағыналы) аяттарды тәуил ету жаиз емес." (Әл Қауаид-ул Мусла, 45 бет, ар-Рияд)

ЖАУАП: Хазреті Имам Ғазали былай деген:

Аллаһу та’ала мекенге мұқтаж емес. Адасқан жолдағылар Құран кәрімдегі “истиуа”, “уәжх”, “йәд” сияқты сөздерді тәуил етпей (тәфсирлемей), тура мағынасын алғандары үшін адасып, бұзық сенімге ие болды. Аллаһтың Аршты истиуа етуі дегеніміз, Аршқа билеуші болуы, Аршты билігіне алуы деген сөз. Мәселен “Билеуші Иракты қан төкпей истиуа етті” дегеніміз “Иракты қан төкпей қолға түсірді” деген сөз. Бұзықтар осы азғындықтарына “бұл сәләфтардың жолы” деп сәләфус-салихинге (сахабаларға, табииндерге) жала жабуда. Йәдуллаһты да йәд=қол деген сөзді біз білетін қол деп ойламау керек. Мысалыға “Пәлен қала пәленше әміршінің қолында” дегенде, ол қала әміршінің алақанында емес, оның билігінің астында болғаны түсініледі. Истиуа, уәжһ сияқты сөздер де осылай тәуил етіледі. (Илжамул-ауам)

 

27- Тәспі қолдану

"Тәспі қолдану бидғат." (Әл Хәдийа-тус Суннийа, 47 бет, Мысыр)

ЖАУАП: Тәсбихтерді саусақпен санау және тәсбих (дәспе) қолданып санау жаиз. Расулуллаһ алейһиссалам бір әйелдің тәсбихтерді дәндермен санап жатқанын көрді, бірақ оған тыйым салмады. Бұл да тәсбихтерді тастармен, дәндермен және тәсбихпен (дәспе) санаудың жаиз екендігін көрсетуде. (Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи, Ибн Хиббан, Хаким)