10 – Жүрек ауруларының оныншысы «Тули амал». Тули амал – зауқ алу, ойын-сауық құру, сайрандау үшін ұзақ өмір сүруді қалау деген сөз. Ғибадат ету үшін ұзақ өмір сүруді қалау, тули амал болмайды. Тули амал иелері, ғибадаттарды уақытында жасамайды. Тәубе қылуды тәрк етеді. Жүректері қатты болады. Өлімді ойламайды. Уағыз бен насихаттан ғибрат алмайды. Хадис шәрифтерде: «Ләззаттарды тоқтататын нәрсені көп ойлаңдар» және«Өлімнен кейін болатындарды сендердің білгендеріңдей жануарлар да білгенде, жеу үшін семіз жануар таба алмас едіңдер» және «Күндіз-түні өлімді еске алатын адам, қиямет күні шәһидтермен бірге болады» деп бұйырылды. Тули амал иесі, өмірін тек дүниедегі байлық пен мансапқа қауышу жолында өткізеді. Ахиретті ұмытады. Тек зауқ пен көңіл көтеруді ойлайды. Бала шағасының бір жылдық азық-түлігін әзірлеу, тули амалға жатпайды. Бір жылдық нафақаға «хауаиж-и аслийә» делінеді. Бұл қажетті зат болып, нисап мөлшеріне (байлық есебіне) қосылмайды. Бұған ие болған адам, бай болып саналмайды. Бұған ие болмаған үйленбеген адамның қырық күндік азығын сақтауы жаиз. Одан көп мөлшерін сақтауы тәуәккүлді бұзады. Хадис шәрифте: «Адамдардың ең жақсысы өмірі ұзақ және амалы әдемі болған адам» және «Адамдардың ең жаманы, өмірі ұзақ, амалы жаман болғаны» және «Өздеріңе өлімді тілемеңдер. Қабір азабы өте ауыр. Өмірі ұзақ болып, исламға мойынсұну, үлкен бақыт» және «Мұсылмандықта ағарған шаштар, қиямет күні нұр болады» делінді.
Тули амалдың себептері – дүние зауқтарына құмар болу, өлімді ұмыту және денсаулығымен жастық шағына алдану. Тули амал ауруынан құтылу үшін, осы себептердің жойылуы керек. Ажалдың кез-келген сәтте келетінін ойлау керек. Денсаулықтың, жастық шақтың өлімге кедергі бола алмайтынын ұмытпау керек. Балалардың және жастардың өлім саны кәрілердің өлім санағынан да көп болып жатқандығы статистикалардан көрілуде. Көп ауыр науқастардың сауығып, өмір сүріп кеткенін, көп денсаулығы мықты адамдардың кенеттен ажал құшып жатқандығын да көрудеміз. Тули амал иесі болудың зияндарын және өлімді еске алудың пайдаларын ойлау керек. Хадис шәрифте: «Өлімді көп еске алыңдар. Оны ойлау, адамды күнә істерден қорғайды және ахиретке зияны бар нәрселерден сақтануға себепші болады» делінген. Сахабалардан Бәра бин Азиб “радиаллаһу та’ала анһ” былай дейді: «Бір жаназаны алып бардық. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уә сәләм” қабір басына отырды. Жылай бастады. Мүбәрак көз жасы топыраққа тамды. Кейін «Ей бауырларым! Барлығың осыған дайындалыңдар!» деп бұйырды.» Омар бин Абдулазиз “рахимә һуллаһу та’ала” бір ғалымды көрген кезде, насихат айтуын сұрады. Ол, «Сен қазір халифасың, қалаған нәрсеңді әмір етесің. Ертең өлесің», деді. Тағы біраз айт дегенде, «Адам алейһиссаламға дейін барлық бабаларың өлімді татты. Енді кезек саған келді», деді. Халифа ұзақ жылады. Хадис шәрифте: «Адамдарға уағыз (насихат) ретінде өлім жеткілікті. Байлық сұрағанға қазама және тағдырыма иман етуі жеткілікті.» делінді және «Адамның ең ақылдысы, өлімді көп еске алатыны. Өлімді көп ойлаған адамға дүниеде абырой, ахиретте үлкен дәрежелер нәсіп болады» және «Аллаһу та’аладан ұялыңдар. Басқаларға қалатын нәрселер жинаумен уақыттарыңды жоғалтпаңдар. Жете алмайтын нәрселерді қолға түсіруге тырыспаңдар. Қажетінен артық ғимараттар салумен өмірлеріңді өткізбеңдер» және «Үйлеріңді харам заттармен салмаңдар. Діндеріңмен дүниелеріңнің бұзылуына себеп болады» және өте жақсы көретін Усама бин Зәйдтің “радиаллаһу та’ала анһума” бір айдан кейін өтеймін деп жүз алтынға бір құлды сатып алғанын естігенде, «Сендер де бұған таң қалмадыңдар ма? Усама тули амал иесі болыпты» деді. Қажет заттарды қарызға алу жаиз. Бір хадисте: «Жаннатқа кіруді қалаған адам, тули амал иесі болмасын. Дүние ісімен айналысуы өлімді ұмыттырмасын. Харам жасауда Аллаһу та’аладан ұялсын» деп бұйырды. Харам болған ләззаттардың ішінде өмір сүру үшін тули амал иесі болу харам. Мубаһтармен зауқтану үшін тули амал иесі болу харам болмаса да, жақсы емес. Ұзақ өмір сүруді емес, салауатты және аман-есен, жақсылықтар жасап өмір сүруді сұрау керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024