Аллаһтың азабы ауыр

Сұрақ: Кейбіреулер ұрылардың, опасыздардың, нәпсіқұмарлардың тіпті кәпірлердің де кешірімге қауышатындарын айтып, азап туралы айтылған аяттарды еш айтпауда. Аллаһтың азабы туралы айтуға болмай ма?

Жауап: Ислам ифрат (шамадан асыру, асыра сілтеуден) және тәриттен (шамадан азайтудан) ұзақ дін. Аллаһтың мейрімділігін де, азабын да айту керек. Өйткені Аллаһу та’ала Құран кәрімде Өзі білдіруде. Мұны жасыру қиянат болады.

Ахиретте кәпірлерге зередей кешірім де, мейірімділік те болмайды. Мәңгі азаптың ішінде қалады. Жаннатқа кірудің шарты – мұсылман болу. Мұсылман қорқыныш пен үміт арасында болуы керек. Қорқыныш – Аллаһтан қорқу. Үміт – Аллаһтың мейрімділігіне үміт ету деген сөз. Хадис шәрифте былай делінді:

«Қорқыныш пен үміт арасындағы мұсылман үміт еткеніне қауышады, қорққанынан қорғалады.» (Тирмизи)

Тек Аллаһтың азабы туралы ғана айтып адамдарды қорқытудың дұрыс болмағаны сияқты, тек Аллаһтың мейірімін ғана айтып азабы туралы айтпау да Құран кәрімге қайшы болады. Мұсылманның өмірде қорқынышы, ал өлер алдында үміті басым болу керек. Аллаһу та’аланың мейрімі мол. Мына екі аятта былай делінген:

«Көп күнә істеуде шектен шыққан құлдарым, Аллаһтың мейрімінен (бізді кешірмейді деп) күдерлеріңді үзбеңдер! Өйткені Аллаһ (иман иесінің) барлық күнәларын шүбәсіз кешіреді. Әлбетте Ол шексіз мейрімді және жарылқаушы, де» (Зумәр 53)

«Жамандық істеп, өзіне зұлымдық жасаған адам Аллаһтан кешірім тілесе, Оны жарылқаушы, ерекше мейрімді табады.» (Ниса 110)

 

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’ала былай деді: Құлдың күнәсі көкке жететіндей көбейсе, тәубе етсе кешіремін.» (Тирмизи)

«Аллаһу та’ала құлдарына ананың баласына көрсеткен мейрімділігінен де мейрімді.» (Бұхари)

 

Аллаһу та’аланың мейрімі мұндай мол болуымен қатар азабы да ауыр. Құран кәрімде былай делінеді:

«Әлбетте азабым өте ауыр.» (Ибраһим 7)

«Аллаһтың ашуы да өте қатты.» (Ниса 84)

«Аллаһ пен Оның расулына мойынсұнып, Аллаһтан қорқып тиылғандар – құтылғандар.» (Нұр 52)

«Істегендерінің жазасы ретінде бұдан былай аз күліп, көп жыласын.» (Тәубе 82)

«Құлдарыма хабарла! Ғафуруррахим (мейірімді, кешірімді) болғаным секілді азабым да өте ауыр.» (Хижр 49-50)

«Ол күн шын патшалық Аллаһтікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыр күн.» (Фурқан 26)

«Раббыларының дәргейіне шығатындықтарынан жүректері қорқынышпен соғады.» (Муминун 60)

Бұл соңғы аятта білдірілгендер "ұрлық еткендер ме, әлде зина еткендер ме?" деп сұралғанда Расулуллаһ былай деді:

«Бұлар намаз, ораза және зекет сияқты ғибадаттарын орындаса да (ғибадаттарымыз қабыл болмай қалды ма екен) деп қорыққан адамдар» (Тирмизи)

 

Сұрақ: Кейбіреулер Аллаһ кәрим, мейрімді деп күнә істей береді. Бұл қате емес пе?

Жауап: Шәйх Яхия хазреттері былай дейді:

«Аллаһу та'ала кәрим, мейірімді болғанымен қатар азабы да ауыр. Бұл дүниеде көп адамға кедейшілік пен қиыншылық беруде. Өте кәрим, мейірімді болса да егін егіп тер төкпеген адамға егін өнімін бермейді. Барлық болмысты әрекет еттіріп тұрған Ол болса да, жеп-ішпеген адамға өмір бермейді. Дәрі қолданбаған науқасқа шипа бермейді.

Өмір сүру және мал-мүлік иесі болу сияқты дүниелік ниғметтердің барлығына бір-бір себеп жаратқан. Себебіне жабыспаған (яғни себебін орындамаған) адамға жанашырлық танытпай ниғметтерінен махрұм қалдырады. Ахирет ниғметтеріне қауышу да дәл осылай болады. Кәпірлік пен надандықты рухты өлтіретін у еткен. Ем қолданылмаса рух ауырады, өледі. Күпірлік пен надандықтың жалғыз емі – ілім болып табылады. Жалқаулықтың емі – намаз оқу. Бір адам «Аллаһ мейірімді, Оның мейірімділігі барлық нәрсеге жетеді, мені сақтап қалады» деп у ішетін болса, ол адам ауырады, өледі.» Іші өткен адам, іш айдайтын (слабительный) дәрі ішсе, қант диебеті шекер жейтін болса ауруы одан сайын асқынады.