Әһли хикмет ғұламалар былай деген:
Екі түрлі ақыл бар: Сәлим ақыл және Сақим ақыл. Сәлим ақыл діннің барлық үкімін еш қарсыласпастан қабыл етеді. Мұндай ақыл пайғамбарларда, сахабаларда, ғұлама және әулие кісілерде болады. Сақим ақыл қалған адамдарда болады.
Аллаһу та’ала кім нені қаласа соны жаратады. Сүйікті құлдарының қалауларын кейде жаратпайды. Өйткені ол құлдардың қалаулары кішкентай баланың отқа, ыстық нәрсеге ұмтылуы сияқты. Бұлай жасаған балаға ата-анасы оны жақсы көргендіктен кедергі болады. Аллаһу та’аланың сүйген құлдарының кейбір қалауларын жаратпауы осыған ұқсайды. Кәпірді жақсы көрмегендіктен оның барлық дерлік қалауын жаратады.
Қандайда бір қайғылы, қиын жағдайға тап болғанда кінәні басқалардан іздемей, өзімізден іздеуіміз керек. Өйткені Аллаһу та’ала құлдарына зұлымдық жасамайды. Дініміздің ішінде ешқандай зиян жоқ, болуы да мүмкін емес. Дініміздің сыртында ешқандай пайда жоқ және бола алмайды. Қиыншылықтан құтылудың шарасы – көп истиғфар етіп, өз-өзін есепке тарту, кінәні, кемшілікті өзінен іздеу.
Имам Раббани хазреттеріне бір шәкірті «Ұстаз, қатты ауырып жүрмін» деп шағымданып хат жазады. Имам Раббани хазреттері «Сенің басқа ауруың бар. Сол ауруыңды неге айтпайсың? Ол аурумен өлетін болсаң жаһаннамға түсесің. Сенің көңілің ауру.» деп жауап береді. Шәкірті қателігін түсініп, қайта хат жазады: «Иә, көңілім ауру. Маған дұға етіңіз.» Имам Раббани хазреттері оған былай жауап жазады:
«Сен дұғаға лайық болу үшін әуелі мына нәрселерді орында:
1- Адам алдымен өз кінәсін, өз ауруын мойындау керек. Ауру емеспін деген адамға ешкім дәрі бермейді.
2- Өкініп тәубе ету керек, күнәдан тиылу керек.
3- Тілмен Аллаһу та’алаға жалбарынуы керек.
Осы үш шарт орындалса дұға қабыл болады. Бұл үш шарт орындалмаса дұғаның пайдасы болмайды.»
Адам өзін қаншалықты кемшілікті деп білсе, сонда дін бауырын соншалық кінәсіз, қадірлі көреді. Бұл оның құтылуына себеп болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Өзінікі дұрыс бола тұра, кінә өзімде, сенікі дұрыс деп айтқан адамға жаннатта зәулім сарай беріледі, мен бұған кепілмін.» деген. Ешқандай кінәсі болмаса да, талас-тартыстың алдын алу үшін дін бауырына «Мен кінәлімін, сенікі дұрыс» деу керек. Өйткені қандай ниетпен болса да, талас-тартыс басталса, қарсыдағы адам кінәланған болады немесе "сенікі қате" деген сөзге тап болады. Нәтижеде ренжиді, көңілі қалады.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024