Сұрақ: Адам өз тағдырын өзі жасай ма әлде Аллаһтың жазғанымен жүре ме?
Жауап: Аллаһу та’ала адамдарға ирада-и жузийа берген. Ирада-и жузийа дегеніміз Аллаһу та’аланың құлдарына бір нәрсені істеу немесе істемеуде берген қалау және таңдау еркіндігі. Таңдау еркіндігі болмыс емес. Болмыс болмаған нәрсе жаратылған болмайды. Таңдау, қалау еркіндігі құлдарда болатын бір хал. Құлдар ирада-и жузийасын қолдануда еркін. Яғни мәжбүр емес. Аллаһу та’аланың құл қаламастан жаратуы жаиз болса да, құлдарының қалаған істерін жарату үшін құлдарының жүректерінен шығатын қалауымен еріктерін себеп қылған. Ирада-и жузийамыздың себепші болуы да Аллаһу та’аланың қалауымен болуда. Құл бір істі ирада-и жузийасын қолданып, қалап таңдаса, Аллаһу та’ала да ол істі қаласа жаратады. (Имам Ағзам Әбу Ханифа)
Адамдардың істері тек ирада-и жузийамен болмайды. Адам істерінің жүзеге асуын қалайды, әрекет етуін қалайды, күшін қолданады. Сонда ирада-и жузийа адамда пайда болады. Бірақ мұны адам жаратты деп айтылмайды. Өйткені ирада-и жузийа сыртта болатын нәрсе емес, бұл адамның көңілінде болады. Адамның ісі әзелде (бастауы жоқ ертеде, ежелде) тағдырмен пайда болса да, жүзеге асуы үшін алдымен құл ирада-и жузийасын қолдануда. Яғни құл істің жасалуын немесе жасалмауын өзі қалауда. Аллаһу та’ала да ол істі құлдың қалауы бойынша жаратуда. (Мұхаммед Хадими)
Адамдар өздеріне ихсан етілген (берілген) ирада-и жузийасын қолданып жақсылықтың жаратылуын қалайды және сауап алады. Ал жамандық жасалуын қалаған адам күнә алады. Сондықтан үнемі жақсылық жасауды қалау керек, үнемі жақсылық сұрауымыз керек. ("Қиямет және ахырет" кітабының "Мұсылманға насихат" бөлімі)
Тағдыр дегеніміз адамдардың осы ирада-и жузийасымен қалаған, яғни таңдаған және істеген барлық нәрсесін Аллаһу та’аланың жаратқанына сену деген сөз. Жақсы-жаман барлық нәрсені құлдардың қалайтыны, талап ететіні, Аллаһу та’ала да мұны қалаған кезінде ол істі жарататынын білу, осыны қабыл ету және ұнату деген сөз. Аллаһу та’ала әзәли (ежелгі, бастауы жоқ) ілімімен адамдардың және өзге жаратылыстардың қашан туылатынын, қашан өлетінін және не істейтіндерін біледі. Әлбетте Құдайдың барлық нәрсені білуі, барлық нәрсеге құдіретінің жетуі қажет. Аллаһу та’ала барлық адамның не істейтіндерін біледі. Адамдардың басына келетін оқиғалар, туатындары, өлетіндері сияқты бүкіл мағлұмат Ләуһул Махфуз деп аталатын кітапта жазулы. Бұл кітаптағы мәліметтер тағдыр деп аталады.
«Йа Расулаллаһ, істеген және істейтін істеріміз тағдырымызда жазылып қойған болса, бір нәрсе істеудің не маңызы бар?» деп сұрағандарға Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уа саллам”: «Әркім өз ісіне дайындалады» және «Әркім бұрыннан тағдыр етілген істерге дайындалады» деп жауап берген. (Мүслим, Тирмизи). Сол сұрақты қойған тағы бір адамға Шәмс сүресін оқыды:
«Аллаһу та’ала жақсылық пен жамандықты (мойынсұну мен күнә жасауды) және бұл екеуінің жағдайларын білдіріп, осы екеуінің біреуіне жабысу үшін ихтияр (таңдау хұқығын, ирада-и жузийа) берді. Нәпсісін тәзкийа еткен (жамандықтардан тазалап, құндылықтармен толтырған) адам құтылды. Нәпсісін күнәда, сауатсыздықта, теріс жолда қалдырған адам зиян етті.» (Шәмс 7-10)
Мәселен бір фильмді екінші рет немесе үшінші рет көріп отырған адам: “Басты рөлдегі адам аттан құлап өледі” десе, басты рөлдегі адам көріп отырған адам айтқаны үшін өле ме, әлде көріп отырған адам бұдан бұрын көріп қойғаны үшін біле ме?!
Намаз уақыттары жазылған күнтізбелерде бір жылдың ішінде күннің қаншада шығып, қаншада бататыны есептеліп жазылады. Күн сол күнтізбелердегі уақыттармен шығып, батады. Күннің сол уақыттарда шығып-батуы, күнтізбелерде жазылғаны үшін емес. Керісінше, күн сол уақытта шығатыны үшін күнтізбеге жазылады.
Бұдан көргеніміздей Аллаһу та’аланың білуі, қинап істету деген сөз емес. Әр адамның күнә жасайтынын Аллаһу та’ала әрине біледі. Бұл сол адамдардың тағдырында жазылған. Олар тағдырға жазылғаны үшін күнә істемейді, керісінше Аллаһу та’ала олардың күнә істейтіндерін білгендіктен тағдырға жазылған (жазған).
Ешбір адам өзінің Жаннатқа немесе тозаққа баратынын білмегендіктен жаннатқа барсам керек деп үміт етуі керек және сол жаннатқа қауыштыратын ғибадаттарды жасауға тырысуы керек. Егер тағдырына Жанннатқа баратыны жазылған болса, ол адамға ғибадат жасау, құлшылық ету қиынға соқпайды. Ал енді менің тағдырымда тозаққа барады деп жазылған болса, намаз оқып қайтемін деп намаздан қашатындардың тағдырына да дәл солай сылтау айтатыны және осылайша өз-өзін отқа тастайтыны жазылғаны белгілі болады. Демек адам өз тағдырын өзі білмегені үшін әрқашан жақсылықтан үміт етіп, құлшылық жолында болғаны қай тұрғыдан болса да өзі үшін абзал.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024