Ғадабы илаһи (Құдайдың қаһары)

Әһли хикмет ғұламалар айтады:

Бай адамдар негізінде өте кедей және рухани қиыншылыққа тап болғн адамдар. Олардың көбі ұйқысын, тағы бір бөлігі ақыл-есін жоғалтады. Өте бай бір саудагердің: «Қаншама жыл бойы тыныш ұйықтай алмадым. Ақшалар көз алдыма келген кезде оларды ойлаудан, есептеуден ұйқым қашады. Дәрі ішсем де ұйықтай алмаймын.» дегені айтылады.

Тағы бір бай саудагер оқылған ескі газеттерді жинап, екі жүз теңгелік ақшаның көлеміндей етіп қырқып, бума-бума етіп сөрелерге толтырып қойыпты. Өмірде мүмкіншіліктері мен ақыл-есін жоғалтқандықтан, өзін осылармен жұбатуға тырысады. Алайда, Аллаһ десе ісінің барлығы жөнін табар еді. Аллаһу та'ала: «Жүректер (көңілдер) тек Аллаһты зікір етумен рахатқа қауышады» деп бұйырған. Яғни, тыныш ұйықтағыңыз келсе, рахат жұмыс істеп, бақытқа қауышқыңыз келсе, дүние мен ахиретте рахат тапқыңыз келсе, бұлардың барлығы тек Аллаһ деп айтуыңызға байланысты. Аллаһ жолында дүниемен айналысу, илмихал кітабын, намаз, Құран Кәрім оқу бұлардың барлығы бөлек-бөлек зікір болып табылады, яғни көңілдің шипалы дәрісі. Салих мұсылмандармен бірге болу да шипаның дәл өзі.

Ескі үмметтерге Аллаһу та'аладан ғадабы илаһи (Аллаһтың қаһары) дереу келіп жететін. Пайғамбарымыз алейһиссалам әлемге мейрімділік болғандықтан, оның үмметіне Аллаһу та'ала бұл жалпы бәлені кешіктіруде. Тәубе ету үшін уақыт беруде, тәубе ететін болса кешіруде. Бұл шапағат пен мейрімділік, пайғамбарымыздың құрметіне берілген.

Иса алейһиссалам хауарилерімен бірге бір ауылға барыпты. Ол ауылдың барлық жері мәйітке толы екен. Біреуі терезеден шығып жатып, біреуі есіктің алдында, ендігі біреуі жолда өліп қалған... Хауарилердің бірі: «Бұл не жағдай, йа Нәбиуллаһ?» деп сұрағанда хазреті Иса: «Бұл жерге – ғадабы илаһи тиген» (Құдайдың қаһары ұрған) деп жауап береді. Хауарилер: «Йа Нәбиуллаһ, бұл адамдардың кінәсі не болды екен?» дегендерінде Иса алейһиссалам Аллаһу та'аладан мұның себебін сұрайды. Аллаһу та'ала: «Өліп жатқандардың біреуінен сұра, айтсын» дейді. Иса алейһиссалам мәйіттің бірінен сұраған кезінде ол тіріліп: «Йа Нәбиуллаһ, біз – бұл ауылдықтар, жоғалтқан бес-он теңгеміз үшін перзентін жоғалтқан анадай жылайтын едік, дүниеге осыншалықты байланған едік. Бес-он теңге тапқан кезімізде ананың жоғалған ұлына қауышқан кезіндегі қуанғанындай қуанатын едік. Аллаһты еш ойламайтынбыз. Міне, дүниеге деген осындай сүйіспеншілігіміз үшін Аллаһу та'ала барлығымызды құрдымға жіберді.» деп жауап береді. «Неге басқа мәйіттер де сен сияқты жауап бере алмайды?» деп сұрағанында: «Олар сөйлей алмайды, Аллаһу та'ала олардың барлығын жаһаннамға тастады. Мен бұл жердің адамы емеспін, басқа ауылдан келдім, бірақ, осылармен бірге болғандықтан мен де бұл бәлеге ұшырадым. Тағы қандай жаза келеді екен деп қорқа күтудемін» дейді.