Мұхаммед алейһиссаламға бағыну

Мұхаммед алейһиссаламға мойынсұну – Оның жүрген жолымен жүру деген сөз. Оның жолы – Құран Кәрім көрсеткен жол болып табылады. Бұл жол Ислам діні деп аталады. Оған мойынсұну үшін алдымен иман келтіру керек, мұсылмандықты жақсылап үйрену керек, сосын парыздарды орындап, харамдардан сақтану керек, одан кейін сүннеттерді орындап, мәкрухтерден сақтану керек. Осылардан кейін мубах нәрселерде де Оған бағынуға тырысу керек.

Иман келтіру – Оған мойынсұнуды бастау және бақыт есігінен ішке кіру деген сөз. Аллаһу та’ала Оны дүниедегі барлық адамдарды бақытқа шақыруы үшін жіберді және «Сәбә» сүресінің 28-ші аяти кәримәсында: «Ей сүйікті пайғамбарым! Сені дүниедегі барлық адамдарға, мәңгілік бақытты сүйіншілеу және сол бақыт жолын көрсету үшін жіберемін» деген.

Мысалы, Оған мойынсұнған бір адамның күндіз бір мезгіл ұйықтауы Оған бағынбай бірнеше түнді ғибадатпен өткізгеннен қаншама есе құнды болады. Өйткені, «қайлулә» ету, яғни түстен бұрын біраз жату – Расулуллаһтың әдеті болатын. Мысалы, Оның діні бұйырғандықтан айт күні ораза тұтпау және жеп-ішу – дінге мойынсұнбай, жылдар бойы тұтылған оразалардан құнды. Оның дінінің бұйыруымен кедейге берілген зекет - өз қалауымен таудай алтын садақа бергеннен артық.

Бір күні хазреті Омар (радиаллаһу анһ) бамдат намазын жамағатпен оқығаннан кейін жамағатқа қарап, жамағаттан бір кісіні көре алмағаннан кейін, ол адамның қайда екенін сұрайды. Сахабалар: «Ол түнімен таңға дейін ғибадат етеді. Енді ұйықтап қалған шығар» дейді. Хазреті Омар: «Әттең, түні бойы ұйықтап, бамдат намазын жамағатпен оқығаны жақсырақ болар еді» дейді.

Исламға мойынсұнбай қиындық шегіп, нәпсілерімен күрескен адамдар нәпсілерін қорласа да, Исламға сай жасамағандықтан оның құны жоқ. Егер бұл істеріне ақы алатын болғанда, дүниеде біршама табыстан басқа ештеңеге қол жеткізбейді. Алайда, бұл біршама табыстың беделі болатындай дүниенің өзінің құны мен беделі жоқ. Бұлар мысалы қарапайым жұмыс істейтін жұмысшыларға ұқсайды, барлық адамнан көп жұмыс істейді және шаршайды, бірақ, айлықтары істеген жұмыстарына татымайды, өте аз. Исламға бағынғандар болса, асыл тастар мен құнды алмастармен айналысатын зергерлер сияқты. Олардың жұмысы аз, табыстары көп. Кейде бір сағаттық жұмыстары жүз мыңдаған жылдың табысын құрайды. Мұның себебі мынада: Исламға сай жасалған амалды Аллаһу та'ала қабыл етеді, разы болады, қатты ұнатады.

Мұны кітабының бірнеше жерінде білдірген. Мысалы, «Имран» сүресінің 31-ші аятында: «Ей сүйікті пайғамбарым! Оларға айт, егер Аллаһу та’аланы жақсы көрсеңдер және Аллаһу та’аланың да сендерді жақсы көргенін қаласаңдар маған мойынсұныңдар. Аллаһу та’ала маған мойынсұнғандарды жақсы көреді» делінген.

Мұхаммед алейһиссаламға мойынсұну – Исламның үкімдерін ұнатып, қуана-қуана орындау және Оның бұйрықтарын және Исламның қадірлеген, құнды нәрселерін, ғұламаларын, салихтарын үстем деп біліп, құрметтеу және Оның дінін таратуға тырысу деген сөз. Дініне бағынғысы келмегендерді, ұнатпағандарды, мән бермегендерді төмен санау деген сөз.

Исламға сай болмаған нәрселердің ешқайсысын Аллаһу та'ала ұнатпайды. Ұнатылмаған нәрсеге сауап беріле ме? Керісінше, жазаға себеп болады.

Екі дүниенің бақытына қауышу – тек екі дүниенің мырзасы болған Мұхаммед алейһиссаламға бағынуға байланысты. Оған бағыну үшін иман келтіру және Ислам үкімдерін үйреніп, дұрыс орындау керек.

Ахиретте тозақтан құтылу – тек Мұхаммед алейһиссаламға бағынатындарға нәсіп болады. Дүниеде жасалған барлық жақсылықтар, барлық кәшфтер, барлық халдер мен ілімдер Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) жолында болу шартымен ғана ахиретте пайдаға жарайды. Аллаһу та’аланың пайғамбарына бағынбағандардың жасаған барлық жақсылығы дүниеде қалады және ахиретінің күйреуіне себеп болады. Яғни, жақсылық сияқты көрінген, сағымнан басқа ешнәрсе болмайды.

Мұхаммед алейһиссаламға толық және кемшіліксіз бағыну үшін Оны толық және кемшіліксіз жақсы көру керек. Толық және жетілген сүйіспеншіліктің белгісі – Оның дұшпандарынан аулақ болу және Оны ұнатпайтындарды жақсы көрмеу. Ғашықтар сүйіктілері үшін есін жоғалтып, бұйрықтарынан бір сәт те шықпайды. Басқа бағыттағылармен бір жерде бола алмайды. Екі қарама-қарсы нәрсенің сүйіспеншілігі бір жүректе бола алмайды.

Бұл дүниенің ниғметтері өткінші және алдамшы. Бүгін қолда бар нәрсе ертең басқалардың қолында болады. Ахиретте қолға келетіндер болса, шексіз және ол табыстар осы дүниеде жиналады. Мына бірнеше күндік өмірді егер дүние мен ахиреттің ең қадірлі адамы болған Мұхаммед алейһиссаламға бағынумен өткізсек, мәңгілік бақыт пен құтылудан үміт күтіледі. Оған бағынбайынша барлық нәрсе бос. Оған бағынбай жасалған барлық жақсылық, қайыр осы дүниеде қалады, ахиретте ешнәрсеге қол жеткізілмеген болады.

Оған мойынсұнудың ең ұсақ бөлшегі барлық дүние ниғметтері мен ахирет бақыттарынан қаншама есе артық. Адамзаттың ерекшелігі мен абыройы – Оған бағынуында. Расулуллаһқа бағыну үшін мұсылмандардың әһли сүннеттің төрт мазһабының бірінде болулары негізгі шарт. Пайғамбарымызға иман келтіріп, әкелген нәрселерін растау, Оны жақсы көріп мойынсұну, насихаттарын қабыл ету, Оған құрмет көрсету парыз болып табылады. Бұл мәселе бойынша Аллаһу та’ала: «Олай болса Аллаһу та’алаға және Оның умми нәбиі болған Расулына иман келтіріңдер, Оған бағыныңдар, сонда тура жолды тапқан боласыңдар» («Араф» сүресі, 158).

«Кім Аллаһу та’алаға және пайғамбарына иман келтірмесе, ақиқатында (білсін), біз ол кәпірлер үшін күшті от дайындадық» деп бұйырған.

Расулуллаһ алейһиссалам да былай деген: «Аллаһу та’аладан басқа илаһ жоқ екеніне куәлік етіп, маған және менің әкелгендеріме иман келтіргенге дейін адамдармен (кәпірлермен) соғысу маған бұйырылды. Олар бұларды істеген кезде мұсылмандық ақысының жазасы (тысында), мал-мүліктері мен жандарын менен құтқарады. (Іштеріндегі жасырын жағдайлардың) есебін Аллаһу та’ала көреді».

«Маған кім бағынса Аллаһу та’алаға бағынған болып саналады. Кім маған қарсы шықса Аллаһу та’алаға қарсы шыққан болады. Менің бұйрығыма бағынған адам маған бағынған, бұйрықтарыма қарсы шыққан адам маған қарсы шыққан болады».

«Маған бағынған және менің әкелгендеріме мойынсұнған адамның жағдайы мен маған қарсы болып, менің әкелгендерімді теріске шығарған адамның жағдайы мына адамның жағдайына ұқсайды: (ол адам) бір үй салдырған, (адамдарға сияпат ретінде) әдемі, әртүрлі тағамдар дайындаған, адамдарды тамаққа шақыруға біреуді міндеттеген. Тамаққа шақыруды қабылдаған адам үйге кіреді және дайындалған тағамдардан қалағанынша жейді. Шақыруын қабылдамаған адам болса үйге кіре алмайды және дайындалған тағамдардан жей алмайды. Үй – (Расулуллаһтың дағуатын қабылдаған тақуалар үшін дайындалған) жаннат. (Аллаһу та'алаға және Оның ниғметтерімен толған жаннатқа) шақырған адам – Мұхаммед (алейһиссалам). Кім Мұхаммедке (алейһиссалам) қарсы келсе Аллаһу та’алаға қарсы келген болып саналады. Мұхаммед (алейһиссалам), Өзін қабылдаған, растаған мүміндер және Өзін теріске шығарған кәпірлер етіп адамдардың арасын ажыратушы».

«Менің сүннетіме және менен кейін Хуләфа-и рашидиннің (төрт халифаның) сүннетіне жабысыңдар. Оған бар күштеріңмен және мұқият жабысыңдар. (Дінде, Құран Кәрімде, ижмаи үмметте және қиясы фуқаһада болмай) кейіннен шығарылған нәрселерден қашыңдар. Өйткені, (дінде) кейіннен шығарылған нәрсе – бидғат болып табылады. Ал әр бидғат – адасу болып табылады».

Әнәс бин Маликтің (радиаллаһу анһ) Расулуллаһқа бағынуға қатысты жеткізген бір хадис шәрифінде Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай деп бұйырған: «Кім менің сүннетімді орындаса (онымен амал ету арқылы жайса), мені танытқан болады (менің қадірімді арттырған, бұйрығымды орындаған болып саналады). Мені осылайша қуантқан адам жаннатта менімен бірге».

Пайғамбарымыз Біләл бин Хариске (радиаллаһу анһ) былай деген: «Бір адам Исламда сүннети хасәнә (жақсы бір әдет шығарса) жасаса, оның сауабына және оны жасағандардың сауаптарына қауышады. Бір адам Исламда сүннети сәйиә (жаман бір әдет) жолын ашса, оның күнәсі және оны жасағандардың күнәлары оған беріледі».

Омар бин Абдулазиз (рахметулаһи алейһ) айтады: «Расулуллаһ жақсы жол салды. Одан кейін халифалары жолдар ашты. Расулуллаһтың сүннетімен және одан кейінгі халифаларының сүннеттерімен амал ету – Аллаһу та’аланың кітабына сай амал ету болып табылады. Аллаһу та’алаға және пайғамбарымызға бағыну – Аллаһу та’аланың дінін күшейту. Исламды бұзуға және өзгертуге ешкімнің ақысы жоқ. Сүннетке қарсы шыққан адамдардың сөздерімен амал ету жаиз емес.

Пайғамбарымыздың және сахабаларының сүннеттеріне бағынғандар – тура жолды тапқандар. Бұлардан қайсібірі көмек сұраған болса, көмекке қауышты. Кімде-кім сүннетке қарсы шығып, онымен амал етпесе, мұсылмандардың жүретін жолынан басқа жолға түскен болып саналады. Аллаһу та’ала ол адамға жаман істер жасатып, жаһаннамға тастайды. Жаһаннам – ең жаман жер».

Пайғамбарымыздың және сахабаларының сүннеттерімен жүргісі келген адамның, олардың жолдарын тікелей өздерін көріп үйренген Имам Ағзамға және Имам Ағзамды көрген қалған үш мазһаб имамдарына (рахметуллаһи алейһи әжмаин) бағынуы керек.

Ахмед бин Ханбал (рахметулаһи алейһ) айтады: «Бір күні бір жиында болып едім. Олар шешініп, суға түсті. Мен «Кім Аллаһу та’алаға және ахирет күніне иман келтірсе моншаға (әурет жерлерін жаппай) кірмесін» деген хадис шәрифке бағынып, шешінбедім. Сол түні түсімде бір адам: «Ей Ахмед! Саған сүйінші! Өйткені, Аллаһу та’ала сені Расулуллаһтың сүннетіне бағынғаның үшін кешірді. Сені имам етті. Адамдар саған бағынады» деді. «Сіз кімсіз?» деп сұрағанымда «Жәбрейілмін» деп жауап берді».

Адам әрбір ісінде Расулуллаһқа саллаллаһу алейһи уәсәлләм бағынбаса мұсылман бола алмайды. Оны өз жанынан артық жақсы көрмесе иманы толық болмайды. Ол – барлық адамдардың және жындардың пайғамбары.

Әр ғасырда өмір сүрген, барлық халықтың Оған бағынуы – уәжіп. Әр мұсылманның Оның дініне көмектесуі, Оның мінезіндей мінезге ие болуы, Оның мүбәрәк есімін көп айтуы, есімін айтқанда және естігенде құрмет танытып, салауат айтуы, мүбәрәк дидарын көруге ынтық болуы, әкелген Құран Кәрімі мен дінін жақсы көріп, құрметтеуі керек.