Ахлақ

Ислам діні жақсы мінезді, жақсы ахлақты болуды, нәпісті жаман қылықтардан тазалауды, көркем мінезді болуды, арлы, ұятты болуды бұйырады. Бұл ілімдер мен жолдарды үйрететін ғылым тасаууф деп аталады.

Денсаулыққа қатысты білімді медицина ғылымы үйрететін болса, жүректің, рухтың жаман қасиеттерден арылуын тасаууф ғылымы үйретеді. Жүрек (көңіл) ауруының белгілері болып табылатын жаман істерден алыстатып, Аллаһ разылығы үшін жақсы іс пен ғибадат жасауды қамтамасыз етеді.

Ислам діні әуелі ғылым үйренуді, сосын үйренгендеріне сай іс пен ғибадаттың жасалуын және бұлардың барлығының Аллаһ разылығы үшін жасалуы керектігін, қысқаша айтқанда ілім, амал және ықыласты бұйырады. Адамның рухани жоғарылауы, дүние мен ахирет бақытына қауышуы бір ұшақтың ұшқанына ұқсатылатын болса, иман мен ғибадат оның денесі және қозғалтқышы (моторы) сияқты болады. Тасаууф жолында ілгерілеу де мұның энергия көзі, яғни бензині. Мақсатқа жету үшін ұшақ керек болады. Яғни иман мен ғибадатқа қол жеткізіледі. Әрекетке көшу үшін, яғни ұшу үшін де күш яғни тасаууф жолында ілгерілеу керек.

Тасаууфтың екі мақсаты бар: Біріншісі – иманның жүрекке орнығуы және күмән әкелетін нәсерлерге әсерленбеуіне қол жеткізу. Ақылмен, дәлел-дәйектермен күшейтілген иман мұндай мықты болмайды. Аллаһу та’ала Құран Кәрімнің «Раад» сүресінің 28-ші аятында былай деген: «Жүректерге иманның сіңуі, орнығуы тек қана зікір арқылы болады». Зікір әр істе және әрбір әрекетте Аллаһу та'аланы еске алу деген сөз.

Тасаууфтың екінші мақсаты - фиқһ ілімдерімен білдірілген ғибадаттардың көңіл хошымен (қалауымен) жасалуы және нәпсі әммарадан (тәрбиеленбеген нәпсіден) туған еріншектіктердің, қиыншылықтардың кетірілуіне қол жеткізу. Ғибадаттарды оңай, шын көңілмен жасау және күнә істерден жиреніп, аулақ болу тек тасаууф ғылымын үйреніп, сол жолда ілгерілеу арқылы жүзеге асады. Тасаууфтың мақсаты әр адам біле бермейтін нәрселерді көру, ғайыптан хабар беру, нұрлар, рухтар және құнды түстер көру емес. Тасаууф арқылы қол жеткізілетін марифеттерге, ілімге және халдерге қауышу үшін алдымен иманды түзету, Исламның бұйрықтары мен тыйымдарын үйреніп, соларға сай іс пен ғибадат жасау керек. Онсыз да, бұл үшеуін жасамайынша жүректің тазаруы, жаман қасиеттерден арылуы, нәпсінің жақсаруы, тәрбиеленуі мүмкін емес.