Пайғамбарымыздың Мәдинада Бәни Фәзаралардан бір бәдәуиден он уқйә (1283 грамдық көне өлшем бірлігі) күміске сатып алған, шөл халқы Дарис деп, пайғамбарымыздың өзі Сәкб деп атаған алғашқы аты болды. Ухуд соғысында соған мінген.
Сәкбтің ернінде ақ таңбасы бар болатын. Алдыңғы оң аяғынан басқа аяқтары тізеге дейін ақ түсті еді. Сәкб жақсы жүретін, жорға болған. Жүргенде судай ағатын. Пайғамбарымыз Мүртәжиз деген атын Бәни Мүррелерден бір бәдәуиден сатып алған. Муртәжиз өте көрікті ат еді және ол өлең айтқандай кісінейтін.
Лизаз деген жылқысын пайғамбарымызға Александрия патшасы Муқауқыс сыйлаған. Лизаз жылдам жүретін ат болған. Зариб деген атты пайғамбарымызға Фәруә бин Умәйр-ул-Жузами сыйлаған. Зариб өте күшті және мықты ат болған.
Лахифті (немесе Лухайф) пайғамбарымызға Рәбиа бин Әбу Бәрәул-Кәлби сыйлаған. Лахифтың құйрығы жерге тиетіндей ұзын болған. Ясуб – пайғамбарымыздың аттарының ішіндегі ең жақсы аты болған. Мурауих – бәйгеге шабатын ат болған, Убәйд бин Ясир оны пайғамбарымызға Тәбүкте сыйға тартқан. Мурауих шапқанда желдей есетін.
Мируах – хижреттің оныншы жылында Мәдинаға келген Бәни Рәха өкілдері пайғамбарымызға сыйға тартқан ат. Оны пайғамбарымыздың алдында жүргізген кезде пайғамбарымызға қатты ұнаған болатын.
Уәрд деген атты пайғамбарымызға Тәмими Дәри сыйлаған. Уәрдтің түсі торы болатын. Пайғамбарымыз оны хазреті Омарға сыйға берген. Хазреті Омар Уәрдке мініп, Аллаһтың жолында соғысты.
Пайғамбарымыз үш атын ат жарысына шығаратын. Зарибтің шабарманы Сәхл бин Са’ад, Лизаздың шабарманы Әбу Усәйд Саиди болатын. Лизаз ең алдында, одан кейін Зариб, оның артынан Сәкб жүретін.
Расулуллаһтың есегі мен қашыры да болған. Александрия патшасы Муқауқыс пайғамбарымызға бір боз қашыр мен есек сыйлаған. Қашыр Дүлдүл, есек Яфур немесе Уфәйр деп аталған. Исламда алғаш кездескен ақ қашыр Дүлдүл болған. Пайғамбарымыз Хайбәр соғысында осы боз қашырды, Хунәйн соғысында басқа боз қашырды мінген. Пайғамбарымыз қашырын тебініп Хәуазиндерге шабуылдамақшы болғанда хазреті Аббас қашырдың тізгінінен, Әбу Суфйан бин Харис болса үзеңгісінен ұстап, пайғамбарымыздың жаудың арасына кіруіне тосқауыл болуға тырысқан. Хайбәр соғысында Яфурдың үстіне ер салынып, басына құрма талшығынан ноқта салынып, пайғамбарымыздың оған да мінгендігі айтылады.
Пайғамбарымыз уәда қажылығынан қайтып келгенде Яфур өліп, Дүлдүл пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін хазреті Әлиге қалған. Дүлдүлге хазреті Әли шәһит болғанға дейін мінді, сосын хазреті Хасан, сосын хазреті Хусейн, одан кейін хазреті Мұхаммед бин Ханәфие мінген. Дүлдүл хазреті Муауия кезеңіне дейін өмір сүрген.
Расулуллаһтың түйелері: Қусуа: Пайғамбарымыздың Жәда және Адба деп те аталған бұл түйесі Бәни Кушайр Кааб бин Рәбиа бин Амирлердің немесе Хурәйш бин Каабтардың жануарларынан болған, хазреті Әбу Бәкір оны төрт жүз дирхамға сатып алып, сол бағаға Расулуллаһқа өткізген. Хазреті Әбу Бәкірдің оны пайғамбарымызға сый ретінде бергендігі туралы да айтылады.
Пайғамбарымыз Мәдинаға Қусуамен хижрет еткен. Худәйбийа умрасына да сонымен барды. Меккені де сонымен барып басып алды. Пайғамбарымыз Қусуаны жарысқа салатын, ешқандай түйе одан оза алмайтын. Дегенмен, бір бәдәуи екі жасар түйемен жарысқа қатысып, одан озып кетеді.
Пайғамбарымыз Уәда қажылығында Арафат хутбасын Қусуаның үстінде отырып айтқан. Қусуа хазреті Әбу Бәкірдің халифалығы кезінде Бақи мазаратына бос жіберіледі. Сол жерде жайылып жүріп, өзі өліп қалған.
Әбу Жәхлден олжа ретінде алынған түйе:
Пайғамбарымыз Бәдірде Әбу Жәхлдің атақты түйесін бас қолбасшының ақысы ретінде алған болатын. Худәйбийа умрасына дейін осы түйемен де соғысқа шығатын. Ол түйеге умра үшін құрбандық белгісін салды. Мүшріктер жүз түйе беріп, оны алғылары келді. Пайғамбарымыз «Егер құрбандық мал деп белгілемегенімізде тілектеріңді орындар едім» деді.
Сауын түйелер:
Пайғамбарымыздың Зулжәдр және Жәмма деген жайылымдарында жайылатын Ханна, Сәмра, Урәйс, Садие, Бәғум, Йәсирә, Дәбба деген жеті сауын түйесі болған. Пайғамбарымыздың отбасы солардың күнде кешке сауылатын екі ыдыс сүтімен күнелтетін. Бірақ, пайғамбарымыз қайтыс болған кезде олардың ешқайсысы қалмаған еді.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024