Пайғамбарымыздың байрағы қара, туы ақ түсті еді. Мухаммед бин Қасымның азат еткен құлы Юнус бин Убәйд: «Мухаммед бин Қасым Расулуллаһ алейһиссаламның байрағын сұрау үшін мені Бәра бин Азибке жіберді.» деген.
Бәра бин Азиб қара және төрт бұрыш ақ-қара сызықты жүн матадан болғанын білдірген.
Бұл байрақ хазреті Айшанікі, үсті түйе артпасы сияқты, кестелі жүннен тоқылған, қара түсті еді. Укаб деп аталатын.
Пайғамбарымыздың байрағы хазреті Әлиде болатын. Пайғамбарымыз Хайбәр соғысында: «Байрақты сондай бір ер адамға беремін, ол Аллаһ пен Расулын жақсы көреді. Аллаһ пен Расулы да оны жақсы көреді.» деген және хазреті Әлиді шақырып байрағын береді.
Аллаһу та'ала Хайбәр жеңісін хазреті Әлиге нәсіп еткен. Пайғамбарымыздың туында «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммәдур расулуллаһ» деген жазуы бар болатын.
Расулуллаһ Харрар сапарында Са’д бин Әби Уаққасқа ақ түсті ту байлаған еді.
Хазреті Әлиді Йеменге жіберіп жатып, найзаның ұшына сәлде байлап «Ту осындай болады!» деп бұйырған. Туды тек әскер қолбасшысы ғана ұстайтын және өзімен алып жүретін. Әбуа, Уәддан соғыстарында Расулуллаһтың ақ туын хазреті Хамза, Буат соғысында Са’д бин Әби Уаққас, Курз бин Жабир’ул’Фиһрдің бақылауында хазреті Әли, Зул’усәйрә соғысында хазреті Хамза алып жүрген.
Расулуллаһ Бәдір соғысына шығарда ақ туын Мус’аб бин Умәйрге берген, хазреті Әли Расулуллаһтың алдында жүріп, қара туын (Укабты) алып жүрген болатын.
Пайғамбарымыздың ақ туы Бәни Қайнуқа соғысында хазреті Хамза, Қарқаратулқудр, Ухуд, Бәдрулмәу’ид соғыстарында хазреті Әли, Хендек соғысында Зәйд бин Харисә алып жүрген.
Расулуллаһ алейһиссалам Меккені де ақ туымен барып басып алған.
Тәбук жорығында ең үлкен туын хазреті Әбу Бәкірге және ең үлкен байрағын Зубәйр бин Аууамға беріп, алып жүргізген.Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024