Садақаны жасырып беру керек пе?

Сұрақ: Кедейді ренжітпеу, жұрттың көзінше оны ыңғайсыз жағдайға түсірмеу үшін садақаны басқалардан жасырып берген жақсы ма, әлде өзгелер де берсін, көмектессін деген оймен елге көрсетіп ашық берілгені жақсы ма?

Жауап: Садақаны, көмектерді кейде ашық беру керек болса да, жалпы көбінесе жасырын беру жақсырақ болады. Құран Кәримде былай делінген:

«Садақаны ашық берсеңдер жақсы болады, жасырын берсеңдер өздерің үшін хайырлырақ болады.» (Бақара 271)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қияметте, басқа пана табылмаған күнде Аллаһу та'аланың панасындағы жеті адамның бірі – берген садақасын жасырған, оң қолының бергенінен сол қолының хабары болмаған адам.» (Бұхари)

«Жасырын (садақа, жақсылық және ғибадаттар) ашық жасалғаннан абзалырақ. Тек, жақсы бір үлгі болатын болса, ашық жасау жасырыннан абзал болады» (Дәйләми)

«Садақаны жасырын беру – жаннат қазынасынан.» (Хатиб)

«Түнде оқылған намаздың күндіз оқылған намаздан үстемдігі, жасырын берілген садақаның ашық берілген садақадан үстемдігіндей.» (Табарани)

«Құранды ашық оқыған ашық садақа бергендей, жасырын оқыған жасырын садақа бергендей болады.» (Тирмизи)

«Жасырын садақа Раббының ашуын басады.» (Бәйһақи, Табарани, Ибни Асакир)

 

Елге көрсетіп мақтану

Хадис шәрифте былай делінген: «Жақсы амал істеген адамның амал дәптеріне жасырын істелген амал ретінде жазылады және сауабы 70 есе арттырылады. Ол адам бұл амалын жаятын болса, ашық істелген амал сауабы жазылады. Арттырылған сауаптар өшіріледі. Бұл амалын барлық адамға айтып, атының аталуын және мақтануды ұнатса, ашық істелген амал сауабы да өшіріледі, мақтаншақ, рия ретінде жазылады.» (Бәйһақи)

Қайыршылықты кәсіп еткендердің тысындағы бір кедейге адамдардың көзінше жәрдем көрсету, садақа беру ол кедейдің намысына тиуі мүмкін. Мұқтаж адамдардың шын көңілмен берілген көмектерді ала алулары үшін жақсылықты жасырын істеу керек.

Ислам ғұламалары садақаны білдірмей бір көрдің қолына тастап кететін немесе кедей ұйықтап жатқанда қалтасына сала-салатын немесе кішкентай бала арқылы беретін. Кедейді ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін садақаларын жасырын беретін.

Мақсат – рия мен қадірлі болудан абай болу. Кедей, берген адамды көрсе рия мен қадірлеу араласуы мүмкін. «Елге көрсету үшін, абырой үшін жасалған жақсылық қабыл болмайды» делінген. Парыз болған зекеттің ашық берілгені абзал. Бұл жерде рия бола алмайды. Зекетті ашық беру өзгелердің «зекетін бермеді» деген күдігінің алдын алады және өзгелерге үлгі болады. Ибн Аббас хазреттері жасырын берілген нәпіл садақаның сауабы, ашық берілгеннен 70 есе көп деген. Зекеттің сауабы жасырын берілгеннен 25 есе артық болады.

 

Жасырын садақаның үш пайдасы:

1) Егер ашықша берілетін болса, адамдар «Кедей садақаны мұқтаж болмаса да алды» деп суизан жасауы (жаман кұмәнға баруы) мүмкін. Кедей жамандалып, адамдар ғайбат етуі мүмкін.

2) Хадис шәрифте: «Берген қол алған қолдан үстем» делінген. Садақа ашық берілсе кедей өзін кемсітілгендей сезініп қалуы мүмкін. Мұсылманды кемсітпеу керек.

3) Садақа сыйлықтың бір түрі. Хадис шәрифте: «Біреуге келген сыйлыққа қасындағылар ортақ» деген. (Хаким). Кедей қасындағыларға алғанын бөліп бермесе ыңғайсыз болады. Бұған себеп болу да жақсы емес.