Ханзала бин Хызйәм «Пайғамбарымызға барғанда оның малдас құрып отырғанын көрдім» деген.
Жабир бин Сәмурә пайғамбарымыздың бамдат намазын оқыған кезде күн шыққанға дейін намаз орнында малдас құрып отыратынын айтады.
Пайғамбарымыздың аяғын жиналған адамдарға қарай созып отырғаны ешқашан көрілмеген.
Шәрид бин Сууәйд «Пайғамбарымыз алейһиссалам маған келген еді. Ол кезде мен сол қолымды артыма қойып, қолыма сүйеніп отырған едім. Пайғамбарымыз «Сен азапқа ұшырағандардың отырысымен отырсың ба?» деді. (Азапқа ұшырағандар - яһудилер).
Қаилә бинти Махрәмә айтады: «Пайғамбарымыз алейһиссаламды курфуса отырғанын көрдім. Оның осылай хушу (ықыласпен, кемшіліксіз, басқа нәрсе ойламай, беріліп) отырғанын көрдім».
(Курфуса – санды жерге қойып, тізені тік көтеріп, қарынға жабыстырып, қолды аяқтың үстінде байлап, айқастырып отыру).
Пайғамбарымыз алейһиссалам тамақ жеп отырған кезде қарапайым түрде отыратын. Ішке кіріп жабынып алмайтын, перденің артында отырып та жемейтін. Алдына табақпен де апарылмайтын.
Пайғамбарымыз алейһиссалам топырақтың үстіне отырып, тамағын жерде де жейтін. «Мен құлдың отыратыны сияқты отырып, құлдың жейтіні сияқты жеймін. Мен бар болғаны бір құл ғанамын. Сүннетімнен теріс айналған адам менен емес»- деген.
Пайғамбарымыз алейһиссалам Меккенің жоғары жағындағы бір жерге сүйеніп, тамақ жеп тұрғанда Жәбрейіл алейһиссалам келіп, «Йа Мұхаммед! Демек, сіз патшалар сияқты жейсіз?» дегенде Расулуллаһ алейһиссалам жерге отыра қалған.
Пайғамбарымыз алейһиссаламға бір күні Жәбрейіл алейһиссаламмен бірге бұрын еш келмеген бір періште келді.
Періште Расулуллаһ алейһиссаламға «Раббыңыз сізге сәлем айтты және сізге сұлтан-пайғамбар мен құл-пайғамбар арасында бірін таңдауға ерік берді. «Қаласаң сен үшін пайғамбар-сұлтан, қаласаң пайғамбар-құл болу бар.» деп бұйыруда.»- деді.
Жәбрейіл алейһиссалам «Тәуазу көрсетіңіз» (тәуазу - қарапайымдылық) деп белгі берген кезде Расулуллаһ «Пайғамбар-құл болайын» деп жауап берген. Осыдан кейін пайғамбарымыз ешқашан тұрып және бір нәрсеге сүйеніп, жастанып тамақ жемеген.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024