Сұрақ: Қабір зияраты қалай орындалады?
Жауап: Өлімді еске алу, өлгендерден ғибрат алу және ахиретті ойлау үшін қабірді зиярат ету сүннет болып табылады. Қабір зияраты адамның есіне өзінің де дәл сол жағдайға тап болатынын түсіреді. Ешкімге жамандық ойламайтын болады. Өлімді ойлаған кісі жақсы мұсылман болып өмір сүруге тырысады. Ханафи мазһабында бейсенбі, жұма және сенбі күндері қабірді зиярат жасау сүннет болып табылады. Шафии мазһабында бейсенбі күнгі екінді намазы уақытынан бастап сенбі күні күн шыққанға дейін зиярат ету сүннет.
Зиярат еткен адамның мәйітке Құран кәрім оқуы, оған дұға етуі керек. Бұлардың мәйітке көп пайдасы тиеді. Мазаратқа кірген кезде «Әссаламу алейкум йа Әһлә-дарил қаумил муминин! Инна иншааллаһу ан қарибин бикум лаһиқун» деп айту сүннет.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Бір мұсылманның қабірін зиярат етіп жатқанда, Аллаһуммә инни әсъәлукә би хурмәти Мухаммәд алейһиссалам ән лә туаззибә һәзәлмәййит деп айтылса, ол мәйіттің азабы қияметке дейін тоқтатылады». (Әтфал-ул муслимин).
Тағы бір хадис шәрифте былай делінген:
«Ата-ананың қабірін жұма күні зиярат еткен адамның күнәлары кешіріледі, ақыларын өтеген болады». (Тирмизи).
Әулиені зиярат ету үшін алыс жерлерге бару және берекеттену, пайдалану ниетімен қабірлерін зиярат ету мустаһаб болады. Расулуллаһтың мүбәрәк қабірін зиярат ету – ғибадаттардың ең құндыларының бірі болып саналады. Хадис шәрифте былай делінген:
«Қабірімді зиярат еткен адамға шапағат етуім уәжіп болады». (Табарани, Бәззар).
Зиярат үшін барғанда қабірдің айналасында Қағбадан айналғандай айналу, қабірді сүю жаиз емес. «Хиндия» кітабында ата-ананың қабірін сүюдің жаиз екені білдірілген. Ата-анадан да құнды болған әулие немесе пайғамбар кесенесін сүю де жаиз болады. Әулиелерден шапағат етулері, Аллаһу та'аланың тілектерді беруіне уәсилә (арашы) болулары сұралады. «Қабірлерді зиярат еткен әйелдерді Аллаһ лағнет етсін» деген хадис шәриф Исламнан бұрынғы араб әдеті бойынша жақындары өлгенде бір жылға дейін аза тұтып, күлмей белгілі уақыттарда өліні жоқтап айқай салып жылау үшін қабір басына келетін әйелдерге айтылған болатын. Бұл надандық дәуірі әдеттерінің бірі еді. «Қабірлерді зиярат етулеріңе тыйым салған едім, бұдан кейін зиярат етіңдер. Өйткені ол сендердің естеріңе ахиретті түсіреді» деген хадис шәриф, әйелдердің де қабірді зиярат ете алатындықтарын көрсетуде.
Әйелдердің әурет жерлері жабық түрде, фитнаға себеп болмай, анда-санда қабірді зиярат етулері жаиз. (Тахтауи).
Аскеридің білдірген және Мунауидің «Кунуз» атты кітабында жазған бір хадис шәрифте: «Яхйа бин Зәкәрияның қабірін білгенімде зиярат ететін едім» деп бұйырылған.
Шейх-ул-Ислам ибн Кемалпашазаде хазреттері: «Бір істеріңде адассаңдар өлгендерден көмек сұраңдар» деген хадис шәрифті ашықтап былай дейді:
Рухтың денеге байлануы күшті бір махаббатпен жүзеге асқан. Өлу – рухтың денеден ажырауы деген сөз. Бірақ рухтың денеге деген махаббаты өлгеннен кейін де жалғасады.
Бір адам қуатты, дәрежесі биік және әсері көп болған бір салих адамның қабірінің жанында тұрып, оны ойлайтын болса, қабірдегі кісінің рухының өз денесіне және жатқан жеріне байланысы болғандықтан, бұл екі рух кездеседі. Келген адамның рухы сол салих заттың рухынан пайдаланады.
Имам Рази хазреттері былай дейді:
Зияратқа келген адамның рухы мен қабірдегі әулиенің рухы екі айна сияқты. Бір-біріне қарама-қарсы келген кезде бірінің сәулесі екіншісінен шағылады. Бір әулие өлгеннен кейін оған рух әлемінен және рахмети илаһиден (Аллаһу та'аланың мейрімділігінен) келген ілімдер, қуатты әсерлер, оның рухынан зияратқа келген адамның рухына өтеді. (Мәталиб-и алия).
Пайғамбарлардың рухтары қабірлерінде әруақыт болмайды, сонымен қатар әруақыт ажырап та жүрмейді. Қабірлерімен байланыстары болады. Әр мұсылманның да рухы мен қабірі арасында үздіксіз бір байланыс бар. Олар зияратқа келгендерді танып, сәлемдеріне жауап қайтарады. (Әл алам).
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024