Сұрақ: Қадір түнінің Рамазан айының жиырма жетінші түні екені нақты ма?
Жауап: Жоқ, нақты емес, бірақ бұл түнді, яғни Рамазан айының 27-түнін ғибадатпен өткізу өте сауапты іс болады. Бірнеше хадис шәрифте былай келген:
«Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінде іздеңдер!» (Мүслим)
«Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күнінің 21, 23, 25, 27 және 29 сияқты тақ түндерінде немесе соңғы түнінде іздеңдер! Сауабынан үміттеніп Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның күнәлары кешіріледі.» (И. Ахмед)
«Қадір түні – Рамазан айының 27-түні.» (Әбу Дауд)
Имам Ағзам хазіреттері Қадір түнінің Рамазанның 27-түніне көп сәйкес келетінін білдірген. «Қадір түніне сәйкес келген бір түнді ғибадатпен қадірлі еткен адам, Қадір түнін қадірлі еткендей сауап алады.» хадис шәрифін ойлап, жиі айтылатын 27-түнді ғибадатпен өткізетін болса ол түні Қадір түні болмаса да, үлкен сауапқа қауышылады.
Қадір түнін сұраған бір адамға Расулуллаһ «Бұл жыл Қадір түні
Рамазанның алғашқы түні еді, өтіп кетті. 27-түнінде ғибадат
жаса! Рамазанның 27-түнін құлшылықтармен қадірлеген адамға денесіндегі
қылдар санындай, қажылық, умра, шәһит және ғази сауабы беріледі.» деп
бұйырды. Хазреті Айша анамыз да «Расулуллаһ Рамазанның соңғы он күнінде көп
ғибадат жасайтын еді» деген. (У. Нәжат)
Қаза және каффарат
Сұрақ: Ауыз берік кезде піскен күріштің бір данасын жегенде неге каффарат керек болады да, ал піспеген күріштің бір данасын жесең тек қазасын ғана өтеу керек болады?
Жауап: Осы сияқты аз тұз жеу каффарат керек етеді, ал бір қасық тұз жеу каффарат керек етпейді. Топырақ жеу каффаратты керек етпейді, ал үйреніп қалған адамның сазды топырақ жеуі каффарат керек етеді.
Жаңғақты қабығымен жұту каффарат керек етпейді, бірақ, қабығын ашып, ішіндегісін жеу керек етеді.
Піспеген күріш дәрі және тағам ретінде желінуі әдет болмағандықтан каффарат керек етпейді. Демек, өлшем – дәрі-дәрмек және тағам ретінде желінуінің әдет болып болмағанына байланысты.
Сазды топырақ та топыраққа жатады, бірақ дәрі ретінде желінетін болса, каффарат керек етеді. Екі қабат әйелдер немесе кейбір балалар сазды және әк сияқты топырақ (кесек) жейді. Бұлардың осы нәрсеге мән берулері керек.
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024