Салауат айтудың мәні мен ізгілігі

Пайғамбарымыздың алейһиссалам есімі айтылғанда, естілгенде және жазылғанда құрмет ретінде Оған салауат айту – ең маңызды міндеттеріміздің бірі. Құран Кәрімде «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Шынында Аллаһу та’ала мен періштелері пайғамбарға салат айтады (оның қадірін, абыройын бас тәжі етеді) Ей, иман келтіргендер! Сендер де Оған салат айтыңдар және Оған шын көңілмен беріліңдер» делінген.

Тәфсир ғалымдары бұл аятта айтылған «салат» сөзінің Аллаһу та’аладан рақымдылық, періштелерден истиғфар және мұсылмандардан дұға деген мағыналарға келетінін айтқан. Барлық Ислам ғалымдары пайғамбарымыздың мүбәрәк есімдерінің бірі айтылған, жазылған және естілген кезде салауат жазып, айтудың біріншісінде уәжіп, ал қайталанғанда мүстахаб екендігін айтқан.

Аллаһу та’аладан бір нәрсе тілеген адам алдымен Аллаһу та’алаға мадақ пен шүкіршілік еткеннен кейін Расулуллаһқа салат айтуы керек. Осылай жасалған дұға қабыл болуға өте лайық болады. Екі салауатпен (дұғаның басында және соңында) жасалған дұға кері қайтарылмайды.

Әбу Талха хазіреттері айтады: «Расулуллаһтың алдына барған едім. Одан бұрын байқалмаған қуаныш пен ризалықты байқадым. Себебін сұрағанымда «Қалай қуанбаймын? Біраз уақыт бұрын Жәбрейіл (алейһиссалам) сүйінші хабар айтты. Аллаһу та’ала: «Үмметімнен бірі саған бір салауат айтса, Аллаһу та’ала ол адамға он салауат айтады» деп бұйырды» деді».

Бұл тақырыптағы хадис шәрифтердің кейбірі мынадай:

«Жанында есімім айтылған кезде маған салауат айтпаған адамның мұрны жерде сүрілсін. Рамазан айы кіргенде күнәларын кешірткізбестен рамазан айы шығып кеткен адамның мұрны жерде сүрілсін. Ата-анасы қартайғанда олардың ризалығын алып жаннатқа кірмеген адамның да мұрны жерде сүрілсін».

«Қасында есімім зікір етілген кезде маған салауат айтпаған адам – сараңдардың ең сараңы».

Әбу Хумәйд әс-Саиди хазіреттері айтады: «Кейбір сахабалар Расулуллаһтан былай деп сұрады: «Йа Расулаллаһ! Сізге қалай салауат айтайық?» Расулуллаһ алейһиссалам «Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә әзуәжиһи уә зуррийәтиһи кәмә саллайтә ала Ибраһимә уә барик ала Мухаммәдин уә әзуажиһи уә зуррийәтиһи кәмә бәрәктә ала Ибраһимә иннәкә хамидун мәжид» деңдер» деді».

Кейбір салауат-и шәрифтер мынадай:

«Алейһиссалам», «Саллаллаһу алейһи уә сәлләм», «Аллаһумма салли ала сәййидинә Мухаммәд», «Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә ала әли Мухаммәд, кәмә саллайтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһим...», «Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә ала әлиһи уә сахбихи әжмаин», «Аләйһиссалату уәссәләму уәттәхиййә», «Алейһи уә ала жәмии минәссалауати әтәммуһә уә минаттахийати әймәнуһә».

Бір адам былай айтып берді: «Жолдастарымның бірі жіберген хатында Расулуллаһтың мүбәрәк есімі өткен жердің барлығына «Саллаллаһу алейһи уә сәлләм тәслимән кәсирән кәсира» деп жазыпты. Оның себебін сұрағанымда «Жас кезімде хадис кітаптары жаздым. Расулуллаһтың мүбәрәк есімін жазған кезде салауат жазбайтынмын. Түсімде әлемдердің мырзасын көріп, қасына бардым. Ол мүбәрәк жүзін менен теріс бұрды. Арғы жағына өттім, Ол тағы да теріс қарады.

Алдына барып «Йа Расулаллаһ! Неге менен жүзіңізді теріс қаратасыз?» деп сұрадым. Ол «Өйткені, сен кітабыңда менің есімімді жазғанда маған салауат бермедің»- деді. Сол кезден бастап Оның мүбәрәк есімдерін жазғанда әрдайым салауат қосып жазамын» деді».

Хадис шәрифтерде: «Кім маған бір рет салауат айтса, Аллаһу та'ала оған он рет салат (мейрімділік) етеді, оның он күнәсін кешіреді және дәрежесін он есе жоғарылатады.»

«Қиямет күні маған ең жақын болатын, менің шапағатыма ең лайық болатын адам – маған ең көп салату салам айтқан адам.» делінген.

Аллаһу та’ала хазіреті Мұсаға «Ей, Мұса! Тіліңе сөзіңнен, жүрегіңе ойыңнан, тәніңе (денеңе) рухыңнан, көзіңе нұрыңнан жақын болғанымды қалайсың ба?» деді. Ол «Иә, йа Раббым» деді. «Олай болса Мұхаммедке (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) көп салауат айт» деп бұйырды. «Ей Мұса, қиямет күні шөлдемеуді қалайсың ба?» деді. «Иә, йа Раббым». «Олай болса Мұхаммедке (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) көп салауат айт» деп бұйырды.

Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деді:

«Қияметте барлық мақамда маған ең жақын болатындарың – дүниеде маған ең көп салауат айтқандарың. Жұма күні мен түнінде маған жүз салауат оқыған адамның Аллаһу та’ала жүз қажеттілігін беріп кетіреді. Жетпісі ахирет істері, отызы дүниелік істері. Сосын Аллаһу та’ала бір періште арқылы бұл салаттарды менің қабіріме әкеледі. Сендерге келген бір сыйлық сияқты болады. Ол періште маған жіберген адамның есімін, тегін және тайпасын білдіреді. Менің жанымдағы ақ параққа оны жазып қояды. Менің қайтыс болғаннан кейінгі білуім тірі кезімдегі білуім сияқты болады.

Бейсенбі күні келгенде Аллаһу та’ала күміс дәптер мен алтын қаламдары бар періштелер жібереді. Бейсенбі күні мен жұма түнінде пайғамбарға көп салауат айтқандарды жазады.

Екі мұсылман кездесіп, мусафаха етіп, пайғамбарға салауат айтса, олар бір бірінен бөлінбей тұрып бұрынғы және алдағы күнәлары кешіріледі.

Біреуің мешітке кірген кезде пайғамбарға сәлем берсін және «Йа Раббым! Мені шайтаннан сақта» десін.»

Бір риуаятта: «Шығарда Аллаһумма инни әсәлукә мин фадликә» десін» делінген.

Дұға етудің алдында Аллаһу та’алаға хамд және Расулуллаһқа салауат айтылмайынша дұға перде артында қалады. Алдында хамд пен салауат оқылған дұға қабыл болады.

Расулуллаһқа және әулетіне салауат оқымайынша дұға мен көктің арасында перде тұрады. Салауат оқылған кезде бұл перде жыртылып, дұға көкке шығады. Оқылмаса дұға кері қайтады.

Бір жиында Аллаһу та’аланың есімі және Расулуллаһқа салауат айтылмаса сол жердегілердің үстінде қамшы болады, қаласа оларды азаптайды, қаласа кешіреді.

Құлағы шыңылдаған адам мені ойлап, маған салауат айтсын.

Бір іске ниет еткен адам сол мәселе бойынша кеңессін. Аллаһу та’ала ісінде оған кемелдік ихсан етеді. Бір адам бір нәрсе айтқысы келіп ұмытып қалса, маған салауат айтсын. Өйткені, маған айтқан салауатында сол сөзінің жалғасы бар. Ол сөз еске түседі деп күтіледі.

Қайырлы бір іс Аллаһтың есімі мен маған салауат айтумен басталмаса, ол шала және барлық берекесі кеткен іс болады.

Ислам ұлыларынан Әбу Хафс Қағиди қайтыс болғанда бір адам оны түсінде көріп, оған «Аллаһу та’ала сенімен қандай мәміледе болды?» деп сұрады. «Маған рақымдылық жасап, кешіріп, жаннатқа кіргізді» деді. «Не себептен?» дегенінде «Мені періштелердің арасына тұрғызды. Күнәларым мен Расулуллаһқа салауатымды есептеді. Салауатым көп екен. Аллаһу та’ала оларға «Ей, періштелерім! Істерің бітті. Басқа есеп сұрамаңдар. Оны жұмаққа жіберіңдер» деді»,- деп жауап берді.

Сәләфтардан (Исламның алғашқы ғасырларында өткендерден) бірі айтады: «Бірге хадис үйреніп жүрген бір досым қайтыс болды. Түсімде оның жасыл жаннат киімін киіп жүргенін көрдім. Себебін сұрағанымда «Әр хадисте көрген Расулуллаһтың есімдерінің қасына «саллаллаһу алейһи уә сәлләм» деп жазатын едім. Хақ та’ала оның сыйын осылай берді» деді».

Сәләфтардың тағы бірі былай айтып берген: «Бір (катиб) хадис жазушы көршім қайтыс болған еді. Оны түсімде көрдім. «Аллаһу та’ала сенімен қандай мәміледе болды?» деп сұрадым. Ол кешіргенін айтты. Себебін сұрағанымда ол «Расулуллаһтың есімін жазған кезде «Саллаллаһу алейһи уә сәлләм» сөзін қосып жазғандықтан»- деп жауап берді.

Әбу Сүләймән Дарани айтады: «Хадис жазғанда, Оның мүбәрәк есімдерін жазған кезде «саллаллаһу алейһ» деп жазып, «уә сәлләм» сөзін жазбайтын едім. Түсімде Оны көрдім. Маған: «Ей Әба Сүләймән, хадисте есімімді жазған кезіңде салатпен бірге «уә сәлләм»-ді де қосып жаз. Ол төрт әріп. Әр әрпінде он сауап бар. Жазбасаң қырық сауаптан айырыласың деген сөз»- деді. Тағы бір адамның да осындай әдеті бар еді. Оған да Расулуллаһ түсінде көрініп, «Саған не болды, салауатты толық жазбайсың?» деген.

Әбу Бәкір Сыддық: «Ұмытып қалудан қорыққан адам Расулуллаһқа көп салауат айтсын»- деген.

Салихтардың ұлыларының бірі болған Мұхаммед бин Саид бин Мутарриф айтады: «Әр түні жатар алдында белгілі мөлшерде салауат оқитынмын. Бір күні түсімде Расулуллаһ келіп, ішке кірді. Бөлмемнің іші нұрға толды. Сосын маған келіп «Кел, маған көп салауат оқыған мына аузыңнан сүйейін» деді. Мен аузымды тосуға ұялып, бетімді тостым. Ол сүйді. Оянып кеттім. Бөлмемнің иісі хош иіске аңқып тұр екен. Сегіз күн бойы бетімнен сол иіс кетпеді».

Сәләфтың ұлыларының бірі болған Халлад бин Кәсир қайтыс болғанда адамдар оның басының астынан «Бұл Халлад бин Кәсирдің тозақтан құтылу құжаты» деп жазылған қағаз тауып алды. Туыстарынан «Оның амалы не еді?» деп сұрады. Олар «Әр жұма сайын салауат айтатын» деді.

Шәйх Айнидің «Зәйнул-мәжалис» атты кітабында жазылған: Расулуллаһ «Қиямет күні үш топ адам оның көлеңкесінен басқа көлеңке болмайтын Арштың астында тұрады.» деп бұйырды. «Олар кімдер?» деп сұралғанда «Олар үмметімді қиындықтан құтқарған, сүннетімді орындаған және маған көп салауат айтқан адамдар» деді».

Шәйх Әбу Мұса Дарири айтады: «Теңізде дауылға тап болдық. Барлығы өлеміз деп қорқып жылауда еді. Сол кезде мені ұйқы қысты. Түсімде Расулуллаһ алейһиссаламды көрдім. Ол «Кемедегілерге айт, мың рет «Аллаһуммә салли ала сәййидинә Мухаммәдин уә ала Али сәйидинә Мухаммед, салатән тунжинә биһә мин жәмиил әһуали уәл афат уә тақди ләнә биһә жәмиәл хажат уә тутаххирунә биһә мин жәмиис-сәййиат уә тәрфәунә биһә индәкә аләд-дәрәжат уә  тубәллиғунә биһә аксал-ғаят мин жәмиил хайрати фил хайати уә бадәл  мәмәт» деп оқысын» деп бұйырды. Үш жүз рет оқығанымызда дауыл басылды, құтылдық. Бұл салауатты әр маңызды істе және әр бәледе, апатта, зілзалада оқыуға кеңес берілді. Сенімді кітаптарда салауаттың қандай екендігі туралы қырықтан астам хадис жазылған. Кейбір салауаттар:

Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә аъла Али Мухаммәд, кәмә саллайтә ала Ибраһимә уә аъла Али Ибраһим, уә бәрик ала Мухаммәдин уә аъла Али Мухаммәд, кәмә барәктә аъла Ибраһимә уә аъла Али Ибраһим, иннәкә хамидун мәжид.

Аллаһумма салли уә сәллим уә бәрик уәрхам алә сәййидинә Мухаммәдин һуә сәййид-ул Араби уәл Ажәм. Уә имами Мәккәт-ил мүкәррамәти уәл-Мәдинәт-ил мунәууәрати уәл харем. Алләм-әл инсанә маләм йә’ләм.

Аслүһу нурун уә нәслуһу Адәм. Бә’сүһу муаххарун уә халқуһу муқаддәм.

Исмуһ-уш шәрифу мәктубун аләл Ләух-ил махфузи бийак-ил қаләм.

Уә жисмуһ-уш шәрифу мәдфунун фил Мәдинәтил-мунәууәрати уәл харем.

Йә ләйтә әктәхилу тураббәлләзи тахт-әл қадәм.

Фә туба суммә тубә лимән дәа уә тәбиаһу уә лимән әсләмә сахиб-әш шәфаати лил аләмин.

Қаилән йа Рабби! Сәллим уммәти, уммәти уә умммәтә йаз әл лутфи уәл кәрәм.

Фә йунәд-ил мунәди мин кибәл-ир Рахман, қабилту шәфаатәкә йа нәбиййәл мухтәрәм. Удхул-ул жәннәтә лә хауфун алейкум уә лә хузнун уәлә әләм.

Суммә радиаллаһу та’ала ан Әби Бәкрин уә Умәра уә Усманә уә Алийин зил-Кәрәм.

Уә саллаллаһу ала сәййидинә Мухаммәдин уәл хамду ләкә йа Рабб-әл аләмин.

Уә бихурмәти Сәйид-ил мүрсәлин.