Түшкіру

Сұрақ: Түшкірудің иманмен, шын сөйлеумен және дұғаның қабыл болуымен байланысы бар ма?

Жауап: Иә, бар. Түшкіру өте жақсы нәрсе. Бір хадис шәрифте:

«Түшкіру Рахманнан, есінеу шайтаннан» делінген. (Тирмизи)

Хазіреті Осман түшкіргенінде пайғамбарымыз алейһиссалам:

«Сүйінші саған, йа Осман. Мына келген Жәбірейіл алейһиссалам. Аллаһу та'аладан маған “Қатарынан үш рет түшкіріп, оның жүрегіндегі иманы берік болмайтын ешқандай мұсылман жоқ” деген хабар әкелді.» (Тирмизи, Хаким)

Сөйлеп жатып түшкірген адамның тура, шын айтып жатқаны белгілі болады. Бір хадис шәрифте былай келген:

«Сөйлеп тұрғанда түшкіру, сөздің дұрыс екенінің белгісі» (Табарани, Хаким)

Дұға етіп жатқанда түшкіру де сол дұғаның қабыл болғанының белгісі. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Дұға етіп жатқанда түшкіру, дұғаның қабыл болатынының белгісі.» (Табарани)

 

Сұрақ: Түшкірген адамға не деп айту керек?

Жауап: Сәлем берген адамның сәлемін алу парыз болғаны сияқты, түшкірген адамға Йәрхамукәллаһ деп айту Ханафи мазһабында парыз болып табылады. Бұл фарзи айн емес, фарзи кифая болып табылады. Түшкірген махрем әйелге Йәрхамукиллаһ делінеді. Бірақ бөтен әйелдің түшкіргеніне айту жаиз емес. Бір жиында (топта) біреу түшкіріп Әлхамдулиллаһ десе, сол жердегілерден ешкім Йәрхамукәллаһ демесе, барлығы күнә істеген болады. Ал егер бір адам айтатын болса, қалғандары айтпаса да болады. Айтуларына да болады, қайта жақсы болады. Хадис шәрифте «Сәлем мен тәшмитті жайыңдар» делінген. (Ибн Асакир)

(Тәшмит: түшкіріп «Әлхамдулиллах» деген адамға «Йәрхамукәллаһ» деп, қайыр және берекетпен дұға ету.)

Түшкірген кезде Әлхамдулиллах деп айту керек, мұны естіген мұсылман Йәрхамукәллаһ деп жауап беруі керек. Сосын түшкірген адам Йәһдинә уә йәһдикумуллаһ деу керек. Мұны сол жердегі басқа адам да айтса болады. Әжетханада түшкірген адам Әлхамдулиллаһ деп ішінен немесе әжетханадан шыққаннан кейін айтады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та'ала түшкіргенді жақсы көреді, есінегенді жақсы көрмейді.» (Бұхари)

«Есінеу шайтаннан. Есінеуге кедергі болуға тырысыңдар. Есінеген адамға шайтан күледі.» (Бұхари)

«Түшкірген адам хамд (шүкір) етпеген болса, есіне түсіру үшін Әлхамдулиллаһ деп айт! Өйткені түшкірген адамның хамд етуі, барлық дертке дауа.» (Дәйләми)

«Түшкірген адам “Әлхамдулиллаһи Раббил аламин” немесе “Әлхамдулиллаһи ала кулли хал” десін. Қасындағы адам “Йәрхамакәллаһ” десін. Түшкірген адам “Йағфируллаһу ләна уә ләкум” десін.» (Хаким)

«Түшкірген адам “Әлхамдулиллаһ” десе, періштелер “Раббил аләмин” дейді. Түшкірген адам “Раббил аләмин” десе, періштелер бұл кез “Рахимәкәллаһ” дейді.» (Табарани)

«Мұсылманның мұсылмандағы бес ақысының бірі – түшкіріп Әлхамдулиллаһ дегенге Йәрхамукәллаһ деп айту.» (Бұхари)

«Түшкіріп “Әлхамдулиллаһ” деп айтқан адамға “Йәрхамукәллаһ” деп айту парыз.» (Бұхари)

«Түшкірген кезінде “Әлхамдулиллаһ” деп айтқан кісі көз ауруына шалдықпайды.» (Табарани)

«Түшкіргенді тәшмит ету, тіс және құлақ ауруынан сақтайды.» (Шира)

«Түшкіргенінде “Әлхамдулиллаһ ала кулли халин минәл хал” деп айту жетпіс дертке дауа болады.» (Хатиб)

Суықтап қалған адам үштен көп рет түшкірсе, әр түшкіргенінде Әлхамдулиллаһ десе жаиз болады. Суықтап қалған адам түшкіріп Әлхамдулиллаһ дегеніне, бір рет Йәрхамукәллаһ делінеді. Бұдан кейін Әлхамдулиллаһ десе де Йәрхамукәллаһ деп айтудың керегі жоқ. Айтылса да ешнәрсе болмайды. Хадис шәрифте былай делінген:

«Түшкірген адамды үшке дейін тәшмит ет. Одан кейінгісін қаласаң тәшмит ет, қаласаң етпе!» (Тирмизи)

«Үш реттен артық түшкірген адам суықтап қалды деген сөз.» (Әбу Дауд)

Қатты (дауыспен) түшкіру және анормаль есінеу жақсы емес. Ұйқысыздық немесе жүйкенің шаршағанынан туындайтындар тысында есінеу жақсы деп саналмайды. Есінеп жатқанда ауызды ерінмен жабу мүмкін болмаса, сол қолдың сыртымен жабу керек. Тамаққа немесе адамдарға қарап емес, басты басқа жаққа бұру керек. Түшкіріп жатқанда да қатты дауыс шықпасы үшін, ауызды жабуға тырысу керек.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қатты түшкіру де шайтаннан.» (Ибн Сунни)

«Кекіргенде, түшкіргенде дауыстарыңды қатты шығармаңдар.» (Бәйһақи)

 

Сұрақ: Түшкіргенде шүкір ету керек екенін білмейтін немесе айтылса да қабыл етуі күмәнді болған адамдар түшкіргенде қасындағылар “Сау бол” деп айтады. Ол “Рахмет” деп жауап береді. Бос сөз екенін білемін, бірақ, түшкіргенде осы сөзді күтетін орталарда мұны айтуға, яғни “Сау бол” деп айтуға бола ма?

Жауап: Түшкіргенін естімегендей болу керек. Бірақ, “Сау бол” дегенді шынымен күтетін болса, айтуға болады.

 

Сұрақ: Бес рет түшкірген адамның әр түшкіргенінде әлхамдулиллаһ деуі жаиз ба?

Жауап: Жаиз.

 

Сұрақ: Бесінші рет түшкірген адамға да «Йәрхамукәллаһ» деу керек пе?

Жауап: Бес рет айту қажет емес. Үш рет айту фарзи кифая, артығы мүстаһаб болады.

 

Сұрақ: Ғылыми жиналыста түшкіріп шүкір еткен (Әлхамдулиллаһ деген) адамға да «Йәрхамукәллаһ» деу керек пе?

Жауап: Ғылыми жиналыста түшкірген адам, бәсең дауыспен шүкір етуі керек.

 

Сұрақ: Сәлемге жауап бергенде немесе түшкіріп Әлхамдулиллаһ деп айтқан адамға Йәрхамукәллаһ дегенімізде, олардың даусымызды естуі шарт па?

Жауап: Оларға жауап беру парыз. Айналаның шу болуы немесе ол адамның құлағының ауырлау болуы немесе басқа да себептермен естімеуі мүмкін. Біз сәлемді дауыстап айтқан болсақ, жауапкершіліктен құтылған боламыз.

 

Сұрақ: Діни сұхбатта, мысалы бірге діни кітап оқып отырғанда түшкіріп әлхамдулиллаһ деген адамға да йәрхамукәллаһ деу керек пе?

Жауап: Мұндай жерлерде түшкірген адам әлхамдулиллаһ дегенді дауысын шығармай айтуы керек. Естігендердің біреуі йәрхамукәллаһ деп айтса жеткілікті болады.