Ауыз иісі және ораза

Сұрақ: Протез тістерім қатты иістенеді. Аузым берік кезде тіс пастасымен тазалайын десем, оразам мәкрух болады. Адамдарды (ауыз сасығымен) мазалау харам болса, тісті тіс пастасымен тазалау неге мәкрух болады?

Жауап: Сәресі уақытында тіс тіс пастасымен тазаланады, протез тістерді ауыздан шығарып тазалау оңайырақ болады. Күндізгі уақыт тамақ желінбейтіндіктен, ауызда тамақ қалдығы болмағаннан кейін, тістен сасық иіс келмейді. Бірақ, аузы берік адамда, аштықтың бөлек бір иісі болады. Ол иістің алдын алу үшін тісті мисуакпен жақсылап тазалау керек. Мисуак иісті азайтады. Түстен кейін мисуак қолдану Шафии мазһабында мәкрух болады. Өйткені, аузы берік адамның ауыз иісі Аллаһу та'алаға барлық иістен артық болғаны үшін, бұл иісті құрту мәкрух болады. Ханафи мазһабында мәкрух емес. Мисуак құрғақ немесе сулы болмау керек, екеуінің ортасы болу керек. Мисуак жаңа болса, әсерлірек болады.

Ауыз ашқанда және ауыз бекітерде (сәресіде) мына нәрселерді істеуге болады: Ақжелкен (петрушка) жеудің ауыз иісіне пайдасы көп болады. Жаңа айран ішудің де пайдасы көп. Тамақ арасында немесе тамақтан кейін шәй ішу керек. Суға лимон қосып ішу ауыз иісін кетіреді. Тәттісі жоқ сағыз шайнау керек. Алма жеудің де пайдасы көп. Тұзды сумен немесе ашытқымен тамақты шаю керек. Осы айтылғандардың бірнешеуі орындалса, ауыз иісінің алды алынады.

 

Сұрақ: Бірадам өз қарамағындағы ата-анасының және балиғат жасқа толған ұлының пітір садақасын оларға білдірмей берсе жаиз бола ма?

Жауап: Егер кейіннен оларға хабар беретін болса сонда жаиз болады.

 

Сұрақ: Сафари болған кісінің, яғни жолаушының нисаб мөлшеріндей дүниесі бар болса, пітір беруі керек пе?

Жауап: Иә, керек.

 

Сұрақ: Кішкентай бала және есі дұрыс емес адам бай болса, пітір садақалары өз мүліктерінен беріле ме?

Жауап: Кішкентай баланың және есі дұрыс емес адамның дүние-мүліктері бар болса, яғни бай болса, бұлардың пітір садақалары өз мүліктерінен беріледі. Оларға қарап тұратын, олардан тікелей жауапты туыстары бермесе, бала үлкейгенде, есі дұрыс емес адамның есі дұрысталғанда бұрынғы пітірлерін де өздері береді. Есі дұрыс емес адамның есі дұрысталмаса, ол онсыз да сұралмайды.