Истинжа

Сұрақ: Истинжа деген не?

Жауап: Алдан, арттан нәжіс шыққанда, бұл жерлерді тазалау – истинжа деп аталады. Истинжа сүннәти муәккәдә болып табылады. Газ, тас (бүйрек тасы) шыққанда тазалау керек емес.

 

Газетпен истинжа

Сұрақ: Газетпен истинжа жасау жаиз ба?

Жауап: Кез-келген жазуы бар қағазбен және жазба жазуға болатын таза қағазбен истинжа ету жаиз емес. Әжетхана қағаздары құрғату үшін қолданылады.

 

Қағазбен іш дәрттен тазалау

Сұрақ: Іш дәретті қағазбен тазалау жаиз ба?

Жауап: Іш дәретті қағазбен тазалау мәкрух болады. Іш дәреттен кейін артта қалған суды құрғату мустахаб болып табылады. Әжетхана қағазы немесе шүберек болмаса, қолмен құрғатуға да болады.

 

Истибра

Сұрақ: Истибра деген не?

Жауап: Истибра – зәр жолын зәрден тазалау деген сөз.

Ер адамның (зәр шығарғаннан кейін) жүріп, жөтеліп немесе сол жағымен жатып истибра етуі, яғни зәр жолында тамшылар қалдырмауы уәжіп. Зәр тамшысының біткеніне сенімді болмай дәрет алмау керек. Бір тамшы шығып кетсе дәрет бұзылады, іш киім де ластанады. Зәр ішкиімге алақан көлемінен аз мөлшерде тамса, дәрет алып сол ішкиіммен оқылған намаз мәкрух болады. Ол мөлшерден көп тамса намаз сахих болмайды. Истибра істеуде қиналатындар зәр шығатын тесікке бидайдың көлеміндей мақта тығып қоюы керек. Тамшылап келген зәрді мақта сорып алады. Cонда дәрет те бұзылмайды, іш киім де ластанбайды. Тек, мақтаның бір ұшы сыртқа шығып қалмауы керек. Мақтаның ұшы сыртқа шығып қалса, зәр тамшылары аққан жағдайда сыртқа шығып қалған бөлігі ылғалданып дәрет бұзылады.

(Сәадати Әбәдийә)

 

Истинка

Сұрақ: Истинка деген не?

Жауап: Истинка – зәр жолында зәрдің қалмағанына немесе денеде нәжістің қалмағанына шын көңілмен сену деген сөз.

 

Іш дәрет

Сұрақ: Әйелдердің іш дәреттері еркектердікінен өзгеше ма?

Жауап: Әйелдер үлкен дәрттерін алдан артқа қарай саусақпен алады. Арттан алға қарай алатын болса, алды жағы ластанады және микроп пайда болады. Әйелдер алды жағына қолымен тиіспеулері керек. Қолдан микроп жұғатыны секілді, шәхуатқа да себеп болады.