Парақорлық

Cұрақ: Параның дініміздегі орны қандай?

Жауап: Дініміз тартып алынған мүлікті және зұлымдық, ұрлықпенен алынған, пара алу, пайыз, құмар арқылы табылған табыстарды және басқа да қиянат жолдарымен қол жеткізілген табыстардың желінуіне және өзгелерге жегізуге тыйым салған. Құран кәрімде былай делінеді:

«Бір-бірлеріңнің мүліктеріңді араларыңда (құмар, арамдық, ұрлық, тартып алу, пара алу сияқты) жаман себептермен жемеңдер!» (Бақара 188)

 

Кінәліні кінәсыз, бұрысты дұрыс, жаманды жақсы, лайықсызды лайықты етіп көрсету үшін алынған ақша, мал-мүлік пара болып табылады. Өйткені хадис шәрифте былай делінді:

«Пара алғанға, бергенге және бұлардың арасында параға арашы болған адамға да Аллаһ лағынет етсін.» (Хаким)

«Пара алған да, берген де жаһаннамда.» (Табарани)

 

Қыздың әкесінің немесе туысының қызды беруге разы болулары үшін күйеу баладан сұраған ақша немесе мал-мүлік параға жатады.

Қажылық үшін Меккеге барғандардан қалаға кіру үшін шекарада аяқбасты деп ақша алулары параға жатады және харам.

Лайық болмаған адамдарды жұмысқа алу үшін пара алу, елдің тізгінін оқымаған, қабілетсіз қолдарға тапсырумен тең. Бұл да мемлекеттің құлдырауына себеп болады.

Мұғалімнің қабілетсіз оқушыны параменен өткізуі де лайықты болмаған сапасыз адамдардың жұмыс орындарына өтуіне себепші болады.

Соңғы кезектегі құжатты пара алу арқылы алға шығарып мәселесін бітіріп беру, басқа кезегі келген адамдардың ақыларын аяқ асты ету, оларға зұлымдық ету  болып саналады.

Дәрігердің пара алып дені сау адамға анықтама (справка) жазып беруі жүйенің бұзылуының, елдің құлдырауының себептерінен.

Әкімшіліктердің заңсыз ғимараттарға рұқсат беруі немесе рұқсат болмаған құрылыстарға пара алып көз жұмуы немесе тағы басқа да түрде пара алуы өз кәсіптеріне қиянат болып саналады.

 

Дінсіз адам Аллаһтан қорқпағаны үшін заңның көрмей тұрған жерлерде кез келген төмендіктерді істеуі мүмкін. Бірақ мұсылман Аллаһу та’аланың өзін әрқашан көріп тұрғанын білгені үшін парақорлыққа кірікпейді және басқа да күнәларды істемейді. Егер мұсылман адам парақорлық сияқты жаман істерге булыққан болса, демек бұдан оның Аллаһтан қорқпағандығы немесе аз қорқатындығы мәлім болады. Сондықтан мұсылман адам пара алса, тек өзін ғана күнәға батырумен қалмай исламға да қиянат еткен болады. Нәтижеде парақорлық елді  рухани жағынан да, материалдық жағынан да аздыратын індет.

 

Діни тұрғыдан күнә болып мемлекеттің пәлекетіне себепші болатын парақорлықты жою тек ислам ахлақымен (мінез-құлқымен) мінездену арқылы мүмкін болады. Өйткені ислам ахлақымен мінезделген мұсылман ешкімнің ақысын жемейтіні, әділетсіздік етпейтіні сияқты, әділетсіздік болуына да разы болмайды. Мұсылманда Аллаһ қорқынышы болғаны үшін парақорлыққа себепші болудың өзінен де жыртқыш аңнан қашқандай қашады. Сондықтан балаларымызды, жастарымызды ислам ахлақымен жетілдіруіміз мемлекет ретінде де ең басты міндеттеріміздің бірі.

 

Мемлекет қызметкерлерінің өз міндеттерін атқарғанда, жұмысын істеген адамдардан сыйлық алулары да дұрыс емес. Хазреті Омар халифа кезінде әйелімен бір ауылға барады. Ол ауылдағы әйелдер хазреті Омардың әйеліне түрлі сыйлықтар береді. Үйге қайтқандарында хазреті Омар әйелінен “Бұларды қайдан алдың?” деп сұрайды. Әйелі “Ауылдық әйелдер сыйға берді” дейді. Хазреті Омар “Мен халифа болмағанымда саған бұл сыйлықтар берілмес еді. Мен халифа емес кезде неге саған сыйлық бермейтін еді?” деп берілген сыйлықтарды “бәйтул мал”-ға (мемлекет қазынасына) өткізеді.

 

Парақорлық – әділетсіз, жаман табыс жолдарының бірі. Бүкіл діндерде күнә болып есептеледі. Мемлекеттердің жаза заңдарында үкімет басшылығына қарсы істелген әлеуметтік қылмыс деп қабыл етілген.

Парақорлықтың кеңінен етек жаюы қияметтің белгілерінен. Хадис шәрифте: «Сондай заман келеді, пара сыйлық деген атпен берілетін болады. Ғибрат болсын деп, өзгелерді қорқыту үшін жазықсыз адамдар өлтірілетін болады.» делінген.(И. Ғазали)

Пара алу үлкен күнә. Бірақ мал-жанын, ақысын, намысын қорғау үшін қаламай (амалсыз) пара беру жаиз болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Дінін және намысын мал-мүлкімен қорғай алған адам мұны істесін.» (Хаким)

«Адам абыройын немен қорғаса, бұл садақа болады» (Әбу Яла)

«Ақыр заманда адамдардың ақшаға қажеттілігі көбірек болады. Өйткені адам ол кезде дінін және дүниесін тек ақшамен қорғайды» (Табарани)

 

Сұрақ: Бай болып, дінін және абыройын қорғау үшін пара беру күнә ма?

Жауап: Ислам ғалымдары «Ақыр заманда ақша адамның қаруы. Адам жанын, денсаулығын, дінін және абыройын ақшаменен қорғайды» деген. Хадис шәрифте де: «Ақыр заманда бай болу – бақыт» делінген. Дінін және абыройын қорғау үшін ақша беру күнә емес, керісінше сауап. Хадис шәрифтерде: «Айбыройларыңды мал-мүлікпенен қорғаңдар!» және «Адамның абыройын қорғау үшін берген нәрсесі, өзі үшін садақа болады» делінген. Әр түрлі шаралар қолданғанымен бай бола алмаған адам да халіне шүкір етуі керек, кедейлікке сабыр етуі керек. Өйткені хадис шәрифте: «Кедейлік дүниеде кемшілік болғанымен ахыретте әсемдік болады.» делінді. (Дәйләми)

Мал-мүлік қаншылықты көп болса, соншалықты есебі бар, харам жолмен табылған болса азабы бар. Құран кәрімде былай делінген:

«Ол күні сендерге берілген әр бір ниғметтен есепке тартыласыңдар.» (Тәкасур 8)

(Рабыңның атына ант болсын, олардың бәрінен әлбетте есеп сұраймыз.) (Хижр 92)

«Зередей (түйірдей) жақсылық жасаған адам сауабын, зередей жамандық жасаған адам жазасын көреді.» (Зілзал 7,8)

 

Дүниенің пайдасыз істерінен ұзақ тұру ахыретке жарамды істер істеу керек. Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Дүниеге байланған адамның арманы ұзын болады, соңына жете алмайды, бітпес, таусылмас қажеттіліктерге шомады, әурешілік қаптайтыны соншалық, оның қасіретінен өзін құтқара алмайды.» (Дәйләми)

«Ахыретті қалап сол үшін еңбек еткен адам күнкөріс қиыншылығын тартпайды, бай болып таң аттырады, бай болып кеш баттырады. Дүниені талап етіп сол үшін жүгірген адам күнкөріс тапшылығын тартады, кедей болып таң аттырады, кедей болып кеш баттырады.» (Ибн Нәжжар)

Қолдағы мал-мүлікпен тәкаппарлану дұрыс емес. Мал-мүлік ертелі-кеш жоқ болады, бірақ есебі қалады.

 

Сұрақ: Садәти Әбәдийа кітабында «Қажылық үшін аяқ басты ақшасын беру, салық, пара беру жаиз» деп жазылғаны үшін кейбіреулер тіл тигізіп жүр. Осы мәселені түсіндіресіз бе?

Жауап: Садәти Әбәдийа кітабының басым бөлігі “Рәддул мухтар” кітабынан алынған. Бұл бөлігі де сол кітаптан алынған. Садәти Әбәдийада былай делінген:

Ибн Абидин бесінші том, екі жүз жетпіс екінші бетте былай жазған: «Пара ретінде сұрап алынған мүлік адамның мүлкі болмайды. Берген адам кері қайтаруын талап ете алады. Сұрамай берген болса кері қайтаруын талап ете алмайды. Бірақ алған адамның қайтаруы уәжіп болады. Бір ғалымға өзіне шапағат етуі үшін немесе зұлымдықтан құтқаруы үшін алдын ала берілген нәрсе пара болады. Бірақ кейіннен берілген сыйлығын алуы жаиз болады. Алдын ала сұрауы харам болады. Алдын ала берілген сыйлықты алуы жаиз делінді. Ұстаздың шәкіртінен сыйлық алуы да жаиз делінді. Дініне, мал-мүлкіне, жанына зиян келуінен қорыққан адамның пара беруі жаиз. Дінін, мал-мүлкін және жанын залымдардың зұлымынан қорғау үшін және ақысын құтқару үшін бір нәрсе беруі пара болмайды. Алған адамға күнә болады.»

Төртінші том үш жүзінші бетте әкімнің пара алуының харам екені түсіндіріліп жатып, былай делінген: Мүфти, әкім, уәлаят бастығы болу үшін пара беру және біреудің, өзінікі дұрыс болса да  әкімге, мемлекет қызметкеріне пара беруі және олардың алуы харам болады. Өйткені, онсыз да орындауы уәжіп болған нәрсені істеуі үшін бір нәрсе алуы жаиз емес. Бұл істерді істегеннен кейін, қалауының тысында сыйлық ретінде берілген нәрсені алу – параға жатпайды. Мемлекет қызметкерінің зұлымдығынан құтылу үшін немесе ақысын (мүлкін) алу үшін, мал-мүлкін, жанын, дінін, намысын сақтау үшін басшыға немесе арадағы бір адамға (пара) беру жаиз болады. Олардың мұны алуы харам болады. Зұлымдық жасалуы үшін пара беру және алу харам болады.

Мәриям ананы зиярат жасау үшін Құдүске келгендерден және туристтерден мемлекеттің аяқ басты ақшасын немесе тағы басқа атаулармен бір нәрсе алуы жаиз болмайды. Мұсылман қажыдан аяқ басты ақшасын алу харам болады. (Жалға беру, төлем ақы бөлімі)

 

Саудиттер бүкіл Ислам әлемінен келіп жатқан миллиондаған қажының әрбірінен онмыңдаған теңге пара алудан ұялмайды. Онмыңдаған теңге бермеген дін бауырларына қажылық амалдарды орындатпауда. Алайда, Османдықтардың Рәддул-Мухтар кітабында Құдуске зиярат жасауға келген христиандардан аяқ басты ақшасын алу харам делінген. Османдықтар тіпті кәпірдің өзінен аяқ басты ақшасын алмайтын еді. Уаххабилер болса мұсылмандардан алуда. Бермеген мұсылманның ғибадатына кедергі болуда. (Малумати нафиа кітабы)

 

Парыздарды орындай алу үшін және харамдардан құтылу үшін берілген мүлік те пара болып саналмайды. Бұларды алу күнә болады. (Халал-харам және күмәнді нәрселер бөлімі)

Қажылық жасау үшін аяқ басты ақшасы, салық, пара беру жаиз болады. Мүлкін, жанын, ақысын сақтау үшін пара беру – барлық уақытта жаиз болады. Пара сұрау күнә болады. (Қажылық бөлімі)

 

Бұл айтылғандардан көрініп тұрғанындай, параның харам екені анық білдірілген. Қажылық ғибадатын орындай алу үшін пара берудің жаиз екені анықталып тұр. Садәти Әбәдийа кітабына Ибн Абидиннен алынған мәліметтері үшін тіл тигізу – сауатсыздықтан немесе арам ниеттен басқа ешнәрсе емес.