Cұрақ: Арақтың, спиртті ішімдіктердің денсаулыққа пайдалы екендігі, нормасымен ішудің күнә болмайтындығы айтылуда. Арақтың дініміздегі орны қандай?
Жауап: Құран кәрімде, хадис шәрифтерде спиртті ішімдіктер хамр деп өткен. Арақтың түрлі ауруларға жол ашатындығы, ақылды азайтатындығы, бауырды бұзатындығы, миды және жүйке жүйелерін тоздыратындығы ғылыми түрде сан мәрте анықталған. Мұсылман емес адамның өзі де денсаулыққа зиянды болғаны үшін спиртті ішімдіктерден аулақ болуы керек! Ал мұсылмандар денсаулыққа мүлдем зияны болмаса да бір тамшы да ішпеуі керек. Құран кәрімде: «Ей иман келтіргендер, арақ, құмар, пұттар, палшылық оқтары – шайтанның нәжіс істері, тозақтан құтылу үшін бұлардан ұзақ тұрыңдар. Шайтан арақ және құмармен араларыңа дұшпандық және өшпенділік салғысы келеді, сендерге Аллаһты еске алуға және намазға кедергі болғысы келеді. Бұдан былай бәрің бас тартыңдар!» делінген. (Маида 90, 91)»
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Арақтың харам екендігін білдіретін нақты үкім түсті» (Мүслим)
«Ихтимар (құрамында спирт пайда болған) еткен барлық ішімдіктер харам.» (Әбу Дауд)
«Көбі мас қылатын ішімдіктің азын ішу де харам.» (Әбу Дауд)
«Арақтың дәрілік қасиеті жоқ. Ауруға шалдықтырады.» (Мүслим)
«Арақ бүкіл жамандықтардың басы.» (Табарани)
«Арақ жамандық тудырады.» (Бәйһақи, Рузәйн)
«Арақ барлық жамандықтың кілті.» (Ибн Мажә)
«Аллаһқа және ахыретке сенген адам арақ ішпесін, арақ ішіліп отырған дастарханға да отырмасын!» (Табарани)
«Арақтан сақтаныңдар! Ағаштың бұтақ жайғаны секілді арақ та жамандық жаяды.» (Ибн Мажә)
«Арақ күнәлардың ең үлкені, барлық жамандықтың, барлық күнәнің анасы.» (Табарани)
«Арақ ішкен адамның ұят пердесі жыртылады, шайтан оған жолдас болады, барлық жамандыққа ынталандырады және барлық жақсылыққа тосқауыл болады.» (Табарани)
«Араққұмар адамның (алқаштың) қабірінен тұрғанда екі көзі арасында “Бұл Аллаһтың рахметінен махрұм адам” деген жазу көрінеді.» (Дәйләми)
«Рахмет періштелері мас адамнан ұзақ тұрады.» (Бәззар)
«Арақ ішкен адамның қияметте жүзі қара, тілі салпиған болады, жаман иісінен бәрі қашады.» (Зәуажир)
«Сондай заман келеді, арақтың аты өзгертіліп халал саналатын болады.» (И. Ахмед)
«Арақ зинадан да жаман.» (Р. Насихин)
«Аллаһу та’ала арақ ішкен, ішкізген, алып сатқан, жасаған, сақтаған, тасыған, өзіне әкелінген және ақшасын жеген адамға лағынет етті.» (Ибн Мажә)
«Аманатқа қиянат етілетін, зекет жаза өтегендей қаламай берілетін, төмен адамдар елді билейтін, залымдардың жамандығынан қорққаны үшін жақсылық етілетін, арақ ішілетін, сазды аспаптар шалынатын және кейін келгендер (дүмшелер) бұрынғыларды жамандайтын замандар келгенде барлығы түрлі пәлекеттерге тап болады.» (Тирмизи)
«Бір патша бір адамды ұстап “арақ, адам өлтіру, зина және доңыз етін жеуден бірін таңда, әйтпесе сені өлтіреміз” дейді. Адам арақты таңдайды. Ішкеннен кейін әлгілердің барлығын да орындайды.» (Табарани, Хаким)
«Жамандықтардың барлығы құлыптанған жерде. Бұл жердің кілті арақ. Арақ ішкен адам ол есікті ашып ішіне түседі.» (Абдуррәззақ)
«Бүкіл жамандықтар бір жерге жиналған. Бұл жердің құлыбы зина, кіліті арақ. Бүкіл жақсылықтар бір жерге жиналған. Бұл жердің құлыбы намаз, кілті дәрет.» (Ислам ахлақы)
«Бұрынғы замандарда үнемі ғибадат ететін салих кісі, адамдардан бөлек бір жерде ғибадат етіп жатқанында, оны көрген бір әйел оған көңілі ауып, қызметшісін жібереді. Қызметші әлгі кісіге келіп “куә болуыңыз үшін сізді шақырып жатыр” дейді. Салих кісі бірнеше есіктен өтіп әдемі әйелдің жанына барады. Әйел “Не мына баланы өлтір не менімен зина ет, немесе мына арақтан іш. Бұлардың бірін орындамасаң бар даусыммен айғайлап, масқараңды шығарамын” дейді. Әлгі кісі бұлардың бірін істеуге мәжбүр болған соң арақ ішуге келіседі. Арақ ішкен соң мас болып, әйелмен зина етеді. Кейін баланы да өлтіреді. Уаллаһи арақпенен иман бір арада бола алмайды. Бірі екіншісін ұзақтатады.» (Ибн Хиббан)
«Хақ та’ала сырнай, уд (саз), дайра секілді бүкіл сазды аспаптарды, жахилдік дәуірінде табынылған пұттарды жоюымды әмір етіп, өзінен қорқып арақты қойған мүминге жәннат ниғметтерін ихсан ететіндігін де білдірді.» (И. Ахмед)
«Араққа өзгеше аттар қойылып ішілсе, сазды аспап және әнші әйелдер көбейсе Аллаһу та’ала оларды жерге батырады.» (Ибн Мажә, Ибн Хиббан)
«Сазды аспаптар көбейіп, арақтар ішілсе, адамдардың басына жерге бату, басқа кейіпке айналып кету сияқты бәлелер келеді.» (Тирмизи)
«Арақ ішіліп, жаман әйелдер көбейсе, еркек еркекпен, әйел әйелмен қанағаттанған кезде әр түрлі бәлелер келеді.» (Бәйһақи)
«Арақ ішкен адамның намазы қырық күн қабыл болмайды» (Тирмизи, Хаким, Нәсаи)
«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намазы босқа кетеді деген сөз емес. Намаз борышынан құтылады, бірақ намаз оқумен қауышылатын үлкен сауаптардан махрұм қалады дегенді білдіреді. Намаз оқығанның күнәларды тастауы оңай болады. Арақ ішкен адам да намазын жалғастыруы керек.
«Кісі мүмин болған халде зина және ұрлық істей алмайды, арақ іше алмайды. Бұларды істеген адам Ислам алқасын мойнынан шығарған болады. Тәубе етсе, Аллаһу та’ала тәубесін қабыл етеді.» (Нәсаи)
«Зина еткен және шарап ішкен адамның иманы көйлегінің үстінен шыққаны сияқты шығады.» (Хаким)
«Арақпен иман бір арада бола алмайды бірі екіншісін ұзақтатады.» (Бәйһақи)
«Арақ ішкен адамның көңілінен иман нұры шығады.» (Табарани)
«Араққұмар адам жәннатқа кіре алмайды.» (Хаким)
Арақ ішкен әр адамға кәпір делінбейді. Өйткені Әһли сүннет ақидасында үлкен күнә істеген адамға кәпір делінбейді. (Уаххабилер үлкен күнә істеген адамға, мәселен арақ ішкен адамға, намаз оқымайтын адамға, оранбайтын әйелдерге кәпір дейді. Уаххабилердің осы себепті Исламмен, яғни Әһли сүннетпен ешқандай байланысы жоқ.) Ислам ғұламалары «Жәннатқа кіре алмайды» деген хадис шәрифті “Күнәсының жазасын тартпастан жәннатқа кіре алмайды” деп ашықтаған.
Әр бір үлкен күнә істеген адам намаз оқи алмай, харамдарға мән бере алмайтын болады. Аллаһ сақтасын иманын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан арақ ішкен және басқа да үлкен күнә істеген адамдардың бір күні иман нұры сөнуі мүмкін. Тұрақты түрде істелген күнәлар адамды күпірге жетелейді. Арақ ішкендер намазға мән беріп, намаз оқуын жалғастырса, арақты тастаулары оңай болады. Құран кәрімде «Намаз барлық жамандықтардан алыстатады» делінген. (Анкәбут 45)
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024