Құрметіне деп дұға ету

Сұрақ: Әнбийаның (пайғамбарлардың), әулиелердің құрметіне немесе жауған жаңбырдың құрметіне, күнәсіз сәбилердің құрметіне, белгілі бір заттың құрметіне деп дұға ету жаиз ба?

Жауап: Барлығы да жаиз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Халық арасында сөздеріне ешкім құлақ аспайтын көп адамдарды көресіңдер, олар бір нәрсе үшін ант етсе, Аллаһу та’ала бұл сүйікті құлдарының құрметі үшін ол нәрсені дереу жаратады.» (Мүслим)

 

Бұл хадис шәриф тасаууф ілімінің және мүршидтің көңілін (разылығын) алуға тырысудың дұрыс екендігін көрсетуде. Бұл хадис шәрифтің шархында (ашықтамасында) былай делінген:

«Йа Раббым, мына пайғамбардың, өлі немесе тірі, салих, әулие, ғалым құлыңның құрметі үшін, сенің оған ихсан еткен құндылығыңның құрметі үшін сенен сұраймын!» деудің жаиз екендігі “Бәззазийа” фәтуасында жазылған. Көптеген арифтер (кәміл әулиелер) шәкіртіне: “Аллаһу та’аладан бір нәрсе сұрайтын кезде менен сұраңдар! Аллаһу та’аламен араларыңдағы себепші енді менмін ” деген. Хазреті Әбул-Аббаси Мүрси де: “Аллаһу та’аладан бір нәрсе сұрайтын кездеріңде Имам Ғазалидің құрметі үшін деп сұраңдар!” дейтін еді. (Хадиқа, Бәриқа, Хисн-ул-хасин)

 

Әнәс бин Малик және Әли бин Әби Талибтің риуаяты бойынша Расулуллаһ алейһиссалам былай деген:

«Аллаһу та’аладан дүние немесе ахыретке қатысты қалауы болған адам түнде ғұсыл алып немесе дәрет алып, екі рәкат намаз оқыса, әрбір рәкатында “Фатиха” мен үш рет “Ихлас”сүресін оқып, сәлемнен кейін басын сәждеге қойып: «Йа Раббым, менің тілегімді Әбу Бәкір Сыддық радиаллаһу анһтың құрметі үшін бере көр!» деп дұға етсе, Аллаһу та’ала Әбу Бәкір Сыддық радиаллаһу анһтың құрметіне қалағанын береді.» (Мәнақиби чәһари яри Гузин)

 

Расулуллаһ алейһиссалам сатып алған көйлегін қайыр тілеген соқырға береді. Көйлектен әдемі иіс шығып тұрады. Көйлекті пайғамбарымыздың бергенін түсініп: «Йа Раббым, осы көйлектің құрметіне көзімді аш!» деп дұға еткенде, соқырдың екі көзі де сол мезетте ашылды. (Зад-ул Муқуин)

 

Расулуллаһ алейһиссалам соғыстарда және қиын кезеңдерде мұхажирлердің, кедейлерінің құрметіне деп дұға ететін еді. (Тәрғиб, Табарани, Әбу Нуайм)

 

Расулуллаһ алейһиссаламды уәсилә (себепші) қылып Аллаһу та’аладан сұралған дұғалар қабыл болатыны үшін мұсылмандардың халифасы хазреті Омар Мәдинада құрғақшылық болғанда Аббас бин Абдулмутталибты себеп қылып, жаңбыр дұғасына шығып: «Йа Раббым, сүйікті пайғамбарыңды уәсилә етіп (ортаға салып) сұраймыз! Пайғамбарымыздың қадірлі көкесінің құрметі үшін сенен жаңбыр сұраймыз! Дұғамызды қабыл ете гөр!» деген. (Қиямет уә Ахирет)