Жанұяңызбен таңертеңгілік ас ішіп отырсыз. Балаңыз кофеге тиіп кетіп, кофе сіздің көйлегіңізге төгілді. Оған ұрсасыз. Кофені төккені үшін қатты айыптайсыз. Бала ренжіп, жылай бастайды. Енді кезек әйеліңізге келіп, ыдысты үстелдің шетіне қойғаны үшін оған ұрсасыз. Бұдан соң қысқы тартыс өтеді. Ашуланып, көрші бөлмеге барып, көйлегіңізді ауыстырасыз. Қайтып келгенде балаңыздың тамағын ішпегенін, сабаққа кетуге дайындалмағанын көресіз және мектепке апаратын автокөлігінен қалып қояды.
Жұмысқа тез шығуыңыз керек. Асығып автокөлігіңізге барасыз. Балаңызды мектепке апаруыңыз керек. Кешіккендіктен жол ережелерін сақтамай, жол полициясы тоқтатады. Осыдан мектепке кешігіп барасыз. Балаңыз «сау бол» да деместен мектепке кіріп кетеді.
Жұмысқа бір сағат кешігіп барасыз. Сөмкеңізді үйде қалдырғаныңызды байқайсыз. Күніңіз жақсы басталған жоқ. Бұдан да нашар бола ма деп ойланасыз. Басыңыз ауырады. Кешке үйге қайтуға асығасыз.
Үйге барғанда таңертеңгі оқиғадан кейін араларыңызда салқындық туғанын байқайсыз.
Бұлардың барлығы таңертең қалай әрекет жасағаныңызға байланысты туындап отыр. Неге күніңіз жаман өтті?
А) Кофе себеп болды.
Ә) Балаңыз себеп болды.
Б) Полиция себеп болды.
В) Сіз себеп болдыңыз.
Жауап В. Күніңіздің жаман өтуіне сол 5 секунт ішінде балаңызға ұрсуыңыз себеп болды. Негізінде былай істеуіңіз керек еді:
Үстіңізге кофе төгілді. Балаңыз жылағалы тұр. Жай ғана «Жарайды, балам, әдейі істеген жоқсың ғой. Енді ұқыпты болуға тырыс» десеңіз, ешнәрсе де болмас еді. Көйлегіңізді ауыстырып, сөмкеңізді алған кезде терезеден балаңыздың мектеп көлігіне мініп бара жатқанын көретін едіңіз. Балаңыз сізге қолын көтеріп, әйеліңіз екеуіңіз бір-біріңізге жақсы тілек айтып уақытында жұмысыңызға барып, әріптестеріңізбен сәлемдесер едіңіз. Жақсы көңіл-күймен жұмысыңызды бастайтын едіңіз.
Екі сценарий. Екеуі де бірдей басталды, бірақ соңы әр түрлі. Бұған не дейсіз?…
Сайтымыздағы мәліметтер бүкіл адамзаттың пайдалануы үшін дайындалған.
Түп нұсқасын өзгертпеу шартымен рұқсат алмай-ақ, әркім қалағанынша пайдалана алады. www.islamdini.kz ® 2008-2024