Жәннатты сатып алу

    Соңғы сабақ аяқталған еді. Оқушылар қайту үшін сабырсыздық етуде. Дәптер кітаптарын сөмкелеріне салып қойған. Қоңырау шалынуымен сыртқа шығуға дайындалып отыр.

   

    Тек Әли ғана шығуға асықпады. Заттарын ақырын жинастырып жатты. Бір жағынан көз қиығымен мұғаліміне қарап, бір жағынан достарының шығып кетуін күтіп тұрды.

   

    Мұғалімі оның бұл жағдайын байқап қойды:

-    Тыныштық па Әли, сен үйге қайтпайсың ба?

-    Сізбен сөйлесейін деген едім ағай.

-    Жарайды Әли не айтайын деген едің?

-    Досым Ахметтің жағдайлары жақсы емес көрінеді. Анасы сөмкесіне тамақтануға жақсы нәрселер салмай жүр. Оған көмектескім келеді. Менің көмектескенімді білсе ренжиді. Күніне бір бәліш ақшасын жинап әр апта сізге беріп тұрсам, сіз оған бере аласыз ба?

   

    Мұғалімі таң қалды. Бұл үздік және сүйкімді оқушысының қаншалықты жақсы ниетті екендігін ойлады.

-    Сендердің де жағдайларың оншалықты жақсы емес Әли?

-    Иә ағай, әкем жұмыс таба алмай жүргеніне біраз болды. Бірақ мен де жұмыс істеп жүрмін.

-    Қайда істеп жүрсің?

-    Бәліш сатып жүрмін.

   

    Мұғалімі жақсылықтың мынадай түріне не айта алар еді? Оны бұл ойынан қайтару үшін бір шара табуы керек еді.

-    Үлкейгенде кім болғың келеді Әли?

-    Адамдарға бұдан да көп көмектесе алу үшін өте бай жұмысшы болғым келеді.

-    Онда сен асықпа, өте бай болған кезіңде адамдарға көмектесесің.

-    Болмайды ағай.

-    Неге болмайды?

-    Үш себебі бар.

   

    Біріншісі: Бұл ақша онсыз да менікі емес. Жақсылық істегенім үшін Аллаһ мені адамдарға сүйкімді етіп көрсетеді. Сондықтан олар менен көбірек бәліш сатып алады.

   

    Екіншісі: Ағашты жастайынан отырғызу керек деп айтылған. Қазірден бастап жақсылық жасамасам үлкейген соң мүлдем жасай алмаймын.

   

    Үшіншісі: Қазір тек бір бәліш ақшасындай ғана жақсылық істей аламын. Аллаһ Жәннатты күші жеткен мөлшерде жақсылық жасағандарға береді. Егер байымай тұрып өлсем, бірнеше бәліш ақшасының арқасында жәннатқа кіре аламын. Ақшаңды бұдан да пайдалы нәрсеге жұмсауға болмаса керек...